kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ересектерге арнал?ан ?аза? тілінен ашы? саба?ты? ?зірлемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділігі: ?аза? отбасында?ы т?рбиені? ерекшелігі туралы ма?л?мат беру, жеті ата, жеті байлы? атты ?ла?атты ?лтты? ??ымдардан хабардар ету.

Дамытушылы?: Ты?даушыларды? ой-?рісін, сана-сезімін, белсенді ойлау да?дыларын жандандырып, сыни т?р?ысынан ойлау материалдарын ?олдана отырып ?ызы?ушылы?ын арттыру, білімін дамыту, сауаттылы??а баулу.

Т?рбиелігі: Ты?даушыларды  адамгершілікке, ізеттілікке, ?дептіліке,

шапша?ды??а т?рбиелеу,  ?лтты? салт-д?ст?рді ?адірлеуге баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ересектерге арнал?ан ?аза? тілінен ашы? саба?ты? ?зірлемесі »



Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі







Ересектерге арналған қазақ тілінен ашық сабақтың әзірлемесі

Лексикалық тақырып: «Туыс атаулары.Жеті ата»

Грамматикалық тақырып:«Тәуелдік жалғау»




Дайындаған:

қазақ тілі пәнінің оқытушысы:

Жүсіпова Ақбөпе Тұрсынбайқызы



















Петропавл қ,


Сабақтың тақырыбы: Тәуелдік жалғау.

Туыс атаулары. Жеті ата


Сабақтың мақсаты:


Білімділігі: Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы мағлұмат беру, жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.


Дамытушылық: Тыңдаушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, белсенді ойлау дағдыларын жандандырып, сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру, білімін дамыту, сауаттылыққа баулу.


Тәрбиелігі: Тыңдаушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептіліке,

шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі


Сабақтың әдісі: ойлау әдісі, сұрақ-жауап, түсіндіру, жұптық әдіс, топпен жұмыс және шығармашылық жұмыс.


Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар


САБАҚ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Тыңдаушылардың психологиялық көңіл-күйлерін анықтау.

II Қызығушылықты ояту

  1. «Менің Қазақстаным» тақырыбында бейнефильм көрсету.

  2. Бейнефильмнен алынған фактілер

  3. Өзіндік пікір

  4. Фильм мазмұнына байланысты ой қорыту.


ІІІ. Жаңа сабақ

Оқытушының сұрағы:

-Қазақ халқында 7 саны қандай ұғым білдіреді.

-Қазақ халқында 7 саны киелі сан .

Сіздерге жеті санын естігенде естеріңізге не түседі.

Жауаптары:

- Бір аптада 7 күн бар.

- Жеті апта бар

- Жеті ұлттық аспап бар

- Жеті қазына бар

- Жеті ата бар

Олай болса, бүгінгі сабағымыз 7 санына байланысты «Жеті ата» туралы болмақ.

Білгенге маржан

Жеті ата не үшін керек?

Қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында жеті атасын үйрету, атадан балаға жалғасады. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т. б. жеті атасының нақтылы есімдерін жаттап өседі.

Біріншіден - бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады.

Екіншіден- баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті атаға толмай бір - бірімен қыз алыспайды.

Үшіншіден- бір атадан тараған туыстар бір - бірімен туыстық, бауырмалдылық, сыйластық та болады.

IV.Грамматиканы түсіндіру



Жаңа сабақ құпиясы

СӨЗ ДАРИЯСЫ

V.Лексикалық қорды меңгеріңіз! Жаңа сөздерді оқып танысыңыз.

(флипчарт тақта)

Жеті ата 7 поколении предков

Ата-баба предки,прадеды

Шежіре родословная, история, летопись

Жақын туыс близкий родственник

Жеті атасын незнание своей родословной

білмеген жетесіз до седьмого колена –тот неразумный

Әлеуметтік- социальный

Қыз алыспаған не брал в жены (девушку)

Танысқан при знакомстве

Ру род

Тегі происхождение, род, порода

Тапсырмалар:
а) сөздерді аудармасын оқытып, қайталау;

ә) берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру;

б)сөздік дәптерлеріне жазып, жаттап алу;

VI. Оқылым Мәтінді түсініп, оқыңыз.

Қазақ отбасы үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды. Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазір де солай.
Жеті ата (дәстүр). Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір – бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан.

Жеті ата – бір кісіден тараған аталас қауым. Олар: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

  1. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

  2. Қарамен жазылған сөздерді тәуелдеңдер.

  3. Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді табыңдар.



Туыстықтың жеті бұтағы

Әке –бала – немере – шөбере – шөпшек – немене- туаж


VII.Шығармашылық жұмыс. Жұптық жұмыс



  1. Шөбере –Атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақ.Дәстүрлі қазақ қоғамында Шөбере немереден таралған ұл-қыздардан тұрады.


  1. Шөпшек -Атадан тараған төртінші ұрпақ.Немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды.Шөпшекті кейбір жерлерде туажат деп те атайды.


  1. Немене –туыстық атау.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын жетінші ұрпақ.


  1. Туажат- Дәстүрлі қазақ қоғамындағы туыстық атау, немененің баласы.Туажат адамның өзінен бастап санағанда алтыншы буын.



VIII.Жазылым.

Тапсырма:Берілген сөздерді тәуелдеу.(Флипчарт)

Әке –бала – немере – шөбере – шөпшек – немене- туажат.

жекеше көпше

I Менің -м -ім –ым I Біздің –міз –мыз –іміз –ымыз
II Сенің - ң -ің -ың II Сендердің – ң -ың  

Сіздің - ңіз -ңыз -іңіз -ыңыз Сіздердің –іңіз –ыңыз

III Оның -сі -сы -і -ы III Олардың -сі –сы -і –ы





IX .Сөйлесім.Диалогты толықтырыңыздар


-Мәтінде не туралы айтылған?
-....
-Ұрпақ үшін не маңызды?
-....
-Халқымыз кейінгі ұрпаққа нені міндеттеген?
-....
- Қандай даналық сөз бар?
-.....
- Әр адам нені білуі керек?
-....
- Адамдар бір-бірімен танысқанда нені сұраған?
-....
- Жеті ата қалай таралады?
-....
-Жеті ата деген не?
-....
- Олар кімдер?
-....


X. Ой толғаныс

Сәйкестендіріңіз


ата-баба дейін қыз алыспаған

қазір де шежіресі өте маңызды

жеті атаға дейін туыс саналады

жеті атаға міндеттеген

жеті атасын аталас қауым

жеті ата солай


XI.Туыстық қарым-қатынас
Мәтіннің мазмұнын айт.

Менің атым – Анжелика. Мен осы уақытқа дейін тек қана біздің отбасымыздың мүшелерін және жақын туыстарды ғана білдім. Енді отбасымыздың жеті атасын білгім келгендіктен,ол туралы әкемнен сұрадым. Әкем маған жеті атамды жазып берді. Содан соң туыстық қарым-қатынас туралы былай түсіндірді: «Әр қазақ отбасының үш жұрты бар. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз жұрты дегеніміз – туыс-бауырлары, бала-шағасы. Нағашы жұрты – шеше жағынан туысқан адамдар. Олар нағашы ата,нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы сіңлі, нағашы қарындас.



XII.

Шығармашылық жұмыс:“Ғажайып жетілік”

XIII.

Сұрақтары

7 күн, киелі санды ата,7 қазына,7 апта,7 ұлттық аспап ,7 жұт,7 ата

Жеті күн:

1. Бүгін

2. Ертең

3. Бүрсігүні

4. Арғы күн

5. Ауыр күн

6. Соңғы күн

7. Азына

Киелі сан-7

Жеті қазына:

1. Ер жігіт

2. Сұлу әйел

3. Ақыл, білім

4. Жүйрік ат

5. Қыран бүркіт

6. Берен мылтық

7. Жүйрік тазы.

Жеті апта

1. Дүйсенбі

2. Сейсенбі

3. Сәрсенбі /сәтті күн/

4. Бейсенбі

5. Жұма /қасиетті күн/

6. Сенбі

7. Жексенбі.

Жеті ұлттық аспап

1. Домбыра

2. Қобыз

3. Жетіген

4. Шертер

5. Сыбызғы

6. Шаңқобыз

7. Дабыл

Жеті жұт:

1. Құрғақшылық

2. Жұт /мал қырылу/

3. Өрт

4. Оба /ауру/

5. Соғыс

6. Топан су

7. Зілзала



XIV. ОЙ МАРЖАНЫ

Мақалдың қазақша баламасын табыңдар.(флипчарт перде)

1.   Тіл - адам ойының ... (зеркало)

2.   Бал тамған тілден ... тамар (яд)

3.   Көп сөз - ... (бос сөз)

4.   Көп сөз – (серебро) , аз сөз - ... (золото)

5.   Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде ... боласың. (болтун)

6.  Таза сөйлеу – биік ... (культура)

7. Аз сөз –(золото), көп сөз- көмір (уголь)

8. Тіл ... - бауыр – жұмсақ. (сладкий)

9.Ананың сүті-бал, баланың тілі - (мед)

XV. Қорытынды:

Әкеме мен ....

Атама мен ....

Немере баласы болады ......

Шөбере баласы ..... деп аталар.

Шөпшектің баласы .... саналар.

Немененің баласы .... деп аталып,

Осындай ұрпақ жалғасы «Жеті ата» бола алар.

XVI. «Білгенімді сұрадым, жиыстырдым, құрадым»

Үй тапсырмасы: Жеті атасын толықтыру.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ересектерге арнал?ан ?аза? тілінен ашы? саба?ты? ?зірлемесі

Автор: Жусупова Акбопе Турсынбаевна

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195249


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства