kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ер т?л?а келбеті».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:Ж.Аймауытовты? ?мір жолынан ты? деректер пайдалана отырып, жан-жа?ты білім беру, жазушыны? ту?ан хал?ына, ?дебиетке, м?дениетке сі?ірген е?бегін о?ушылар?а ізденіс, шы?армашылы? ж?мыстар ж?ргізе отыра ме?герту. Жазушы шы?армашылы?ына то?тала келе, ?лмес м?расыны? ?зекті ойларын, азаматты? биік т?л?асын ай?ындау.

Дамытушылы? ма?саты:О?ушы ой-?рісін алын?ан а?парат ??ралдары ар?ылы дамыта отырып, с?йлеу м?дениетін жетілдіру, ?здігінен ізденіп о?у?а, білімге ??штарлы?ын арттыру, ?осымша материалдар, ?ылыми е?бектерді пайдалана білу да?дыларын дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ер т?л?а келбеті». »


Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын сыныптан тыс оқыту

Сабақтың тақырыбы: «Ер тұлға келбеті».


Сабақтың мақсаты:Ж.Аймауытовтың өмір жолынан тың деректер пайдалана отырып, жан-жақты білім беру, жазушының туған халқына, әдебиетке, мәдениетке сіңірген еңбегін оқушыларға ізденіс, шығармашылық жұмыстар жүргізе отыра меңгерту. Жазушы шығармашылығына тоқтала келе, өлмес мұрасының өзекті ойларын, азаматтық биік тұлғасын айқындау.

Дамытушылық мақсаты:Оқушы ой-өрісін алынған ақпарат құралдары арқылы дамыта отырып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өздігінен ізденіп оқуға, білімге құштарлығын арттыру, қосымша материалдар, ғылыми еңбектерді пайдалана білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Жеке тұлғаны адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелей отырып, жазушы өмірін үлгі ету, елін, жерін, тілін сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Буклет, тірек сызба, жазушы, ғалымдардың пікірі, естеліктер, шығармалары, хронологиялық кесте.

Сабақтың әдіс-тәсілі.Оқушы хабарламасы, салыстыру, талдау, жинақтау, зерттеу.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ж. Аймауытов- қоғамның қайталанбас ірі тұлғасы болды. Сегіз қырлы, бір сырлы, дарынды талант. Ол-ақын, публицист, аудармашы, әнші, режиссер, ағаштан түйін түйген қолөнер шебері. Ірі шығармаларымен жаңа жанрларға өзіндік қырымен келіп, қолтаңбасын қалдырды. Ж.Аймауытовтың ақталуы әдебиет тарихына тың толықтырулар енгізді. Қара сөздің киесін білген біртуар тұлға - Ж.Аймауытов туралы өздеріңе қосымша оқуға берілген жазушы, ғалымдардың жазған естелік, зерттеу мақалалары бойынша әзірленген шығармашылық, ізденіс жұмыстарыңмен танысайық.

Сынып оқушыларының пікірлері тыңдалады.

І- оқушы: Ж. Аймауытовты баласы Бектұр Аймауытовтың естелігінен.

(«Парасат» журналы №12, 2006 жыл) «Басыма қаншама қауіп төнсе де ардақты фамилиямды сақтап қалдым. Ж.Аймауытовтың - тұнғышымын.1916 жылы Семей қаласында әкеміздің бірінші әйелі Вера Волковадан тудым. Анам менің атымды- Виктор, 1920- жылы туған інімді Евгений деп атап кетті. Әкем Баянауылдан 40 шақырым жердегі туған ауылыма апарып, ағайынға қосқан. Ауылда мені - Бектұр, Евгенийді-Жанақ деп атап кеткен...»





Кесте 1 - Жүсіпбек Аймауытовтың отбасы


Жүсіпбек Аймауытов

(1889-1931)

ұлы бабалары

бауырлары

әке-шешесі

әйелдері

Ахмет

Қуан

Ахат

Ахмет

Жақыпбек (1925 жылы қайтыс болған)

Аймауыт

Батима

Вера Волкава

Евгения Сермухамедова

Балалары

Виктор(Бектұр) Евгений(Жанақ)

Музааттықызы

Наталия

Сызба арқылы Ж. Аймауытовтың отбасы туралы мәіметтер интерактивті тақта арқылы көрсетіле, әңгімеленеді.

2- оқушы

Ж.Аймауытов бүркеншік есімдерді пайдаланған.

-«Ж», Ж.А - жазушының есімі мен әкесінің аты.

-«ЖК» - Өз Есімінің бастапқы әрі соңғы әрпі.

-«Жанақ»- кіші ұлының аты.

-«Екеу» - Аймауытов және Әуезов.

-«Қызылтауық»- жазушы атамекені.

-«Ермағамбет»

-«Қызылбас»

-«Қып- қызыл»

-«Келешек»

-«Таңашбай» т.б

Жазушы жоғарыда еске алған бүркеншік есімдері болғанын, оны көптеген шығармаларына қолданғанын академик С.Қирабаев,профессор Т.Қожакеев, әдебиет зерттеушісі Б.Байғалиев зерттеу, еңбек мақалаларында атап көрсетті.

3- оқушы

Ж.Аймауытов- ақын.

Поэзиялық туындылары.

1. «Сарыарқаның сәлемі».

2. «Ах-ха-хау».

3. «Тұңғиық түпсіз астында».

4.«Ұршығым».

5.«Жәмилә».

6.«Әскер марсельезасы»

7.«Нұр күйі» поэмасы.

Өлендерінің мазмұны ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңа дәуір өзгерістерін ақындық сезіммен жырлайды.

«Ұршығым» өлеңі кедей кемпірдің монологы түрінде жазылған. Ол ұршығын иіріп отырып, шекпені тозып жүрген жалғыз ұлын еске алады. «Жәмилә» өлеңінде кайғылы қыз сезіміне ортақтасса, «Ах-ха-хау» сол қызды қайғылы еткен желөкпе шалдардың қызқұмар қылығын күлкі етеді.

«Нұр күйі» поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылған. Оны автор «Күйлі сөз» деп атаған. Поэма уақиғасы Жібек ананың жаңа туған нәрестесіне толғанып айтқан жырымен басталады. Бірақ ана қуанышы баласының соқыр екенін біліп, тез басылады.Бала өнерпаз, күйші болып өседі.Өнерімен жұртты таңқалдырады. Кейін орыс дәрігерлерінің көмегімен көзі жазылып, ол қуаныш, шаттық күйін тартады.

«Көшу» өлеңі көшу -әдет- салтын тұрмыстық көріністер арқылы беретін өлең. Халқымыздың әдет- салтын ұмытқан ұрпақтардың көшпелі елдегі көштің, көшудің өзі бір салтанат екенінен хабардар ету.

4- оқушы

Жүсіпбек және романдары.

1.«Қартқожа»- дәуір шындығы, дәуір шежіресі. (1926ж) Тарихи және көркем шындық.

2.«Ақбілек»- төңкеріс тудырған трагедия көрінісі. (1927-28ж.ж)

3.«Күнікейдің жазығы» хикаят. Әйел тағдыры. Халықтың әдеп-салт тұрмысы суреттеледі. (1928ж.)

5- оқушы

ІІІ Жүсіпбек- педагог, ағартушы.

  1. «Тәрбие жетекшісі» (Орынбор, 1926ж)

  2. «Психология» (Ташкент, 1927)

  3. «Жан жүйесі және өнер таңдау» (Москва, 1929ж.)

  4. «Комплестік оқыту жолдары.

«Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» деп аталатын еңбектерін қазақ мектептері тарихындағы психология мәселесіне арналған тұнғыш зерттеулер.

«Психология- терең ой, терең білім, терең пәлсапа соғатын пән,– деп жазады Жүсіпбек Аймауытов.

«Психология» кітабының алғы сөзінде; «Өзге білімдер затшылдыққа табан тіресе, яғни нық басқан жоқ.... Қарапайым адамға жұмбақ сықылды, көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады».

Бұлардан хабары болу, ақыл- ойына ерік беру кімге болса да керекті.

6- оқушы ІІІ Жүсіпбек- драматург.

1.Ескі тәртіппен бала оқыту». 1917ж

2.Рабиға». 1917ж

3. Мансапқорлар». 1925ж Москвада жарық көрді.

4.Сылаң қыз».

5.Шернияз». 1926ж Семейде басылған.

6.Қанапия мен Шәрбану» 1926ж

7.Ел қорғаны» 1925ж Ташкенте басылған.

7- оқушы ІV Жүсіпбек және көсемсөз.

1.«Бетім-ау, құдағи ғой».

2.«Елес».

3.«Өмір деген осы ма?».

4.«Мысыққа ойын, тышқанға өлім».

5.«Әнші».

6.«Боранды болжағыш әулие».

7.«Көшпелі Көжебай».

8- оқушыСын мақалалары

1.«Абайдан соңғы ақындар». М. Әуезов бірігіп жазған (1911ж)

2.«Мағжанның ақындығы». (1923ж)

3.«Аударма туралы». (1925ж)

4.«Сұңқар жыры». (1925ж)

5.«Әдебиет мәселесі»

6.«Көркем әдебиетті саралау» атты еңбектері автордың әдебиет жөніндегі, оның ерекшеліктері туралы, жазушы шығармашылықтарын түсіну принциптері жайында ұғым түсінігі, көзқарас көрсеткен туындылар.

9- оқушы V Жүсіпбек- аудармашы.

1.Н.В.Гоголь «Бақылаушы»(«Ревизор»)

2.А.С.Пушкин «Тас мейман», «Сараң сері» (Скупой рыцарь).

3.А.Дюма «Дәмелі» («Тәмәлла»)

4.Дж.Лондон «Телегей теңіз»

5.К.Беркович «Өрбике»

6.С.Чуйков «Тау еліндегі оқиға»

10- оқушыЖүсіпбектанушы ғалымдар

Қ.С.Қирабаев, М.Атымов, М.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Т.Қожакеев, Қ.Жарықбаев, Р.Тұрысбеков, Қ.Мұхаметханұлы, Т.Жұртбаев, Р.Тұрысбеков т.б.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

«Өз басым қазақта мұндай білімді, жан- жақты дарынды жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек тамаша жазушы, драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші, музыкант, ғалым, көркемсынның негізгі салған дарын. Оның драматургиялық шығармалары да шымыр, көркемдік шоқтығы биік болып келеді.

Мұғалім сабақты Ғ.Мүсіреповтың пікірімен қорытындылай келе, интерактивті тақта арқылы Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолын хронологиялық кесте арқылы бекітеді.

Сабақты бағалау.

Үйге тапсырма.

1.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқу, мазмұнын білу.

2. Романнан нақыл сөздерді теріп жазу.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ер т?л?а келбеті».

Автор: Тлебалдина Нургуль ?азанбаевна

Дата: 05.06.2015

Номер свидетельства: 217779


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства