Оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында төмендегідей сұрақтар қою арқылы пікірлесу.
Еңбектену адамға не үшін қажет?
Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба? Неліктен?
Мәтінмен жұмыс
Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында В.А.Сухомлинскийдің «Еңбексүйгіш пен Еріншек» ертегісінен көрініс ұйымдастыру. Төмендегідей сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсініктерін байқау.
Еңбексүйгіш пен Еріншек әрекеттерін салыстырып,ерекшеліктерін айтып беріңдер?
«Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер?
Сергіту сәті
Бұл әдісті еңбектің мәнін түсіндіру мен балалардың денесін сергіту мақсатында ұйымдастыру.
Қырға шықсаң, өрлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп,
Мұның аты-Еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең – Еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Тапсырма
Оқушыларға «адал еңбек», «еңбек жемісі» деген ұғымдарды қалай түсінетіндері туралы айтып беруді тапсыру.
Дәйексөз
Балалардың жауаптарын «Еңбек – қуаныш,жалқаулық – айырылмас азап» деген Абай атамыздың сөзімен түйіндеу.
Шығармашылық жұмыс
«Еңбек пен бақыт - егіз» мақалын басшылыққа ала отырып,оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсете алуларына жағдай туғызу.
Шығармашылық тапсырмалар ұсыну
Сөзжұмбақ шешкізу. 2. «Менің болашағым» тақырыбына сурет салғызу. Салған суреттерін қорғау.
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді.
Тапсырма
Оқушылардың білімдерін тиянақтау мақсатында « Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріңдер» деген тапсырма беру.
Дәптермен жұмыс
Айтылған ойларды дәптердегі тапсырманы орындау барысында бекіту. 1,2 тапсырмаларды орындауды ұсыну. Балалардың жауаптарын тыңдау.
Қорытындылау
Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық – еріншектік. Бұл әдет – бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38- қара- сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық», - деген екен.
Үйге тапсырма:Еңбек тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер жаттау.
Жүректен жүрекке
Оқушылар бір- біріне жақсылық,ізгі тілектерін білдіреді. Өлең оқиды.