Сабақтың эпиграфы:
Адал іс істесең – адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең - өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең - өмір бойы қорықпайсың.
«Алтын шежіре».
Сабақтың тақырыбы: 1. Лексикалық тақырып: Еңбек. Мамандық
2. Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақтары
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Лексикалық тақырыпты өз сөздерімен әңгімелей
білу, білімдерін тексеріп, деңгейлік тапсырмаларды дұрыс,
толық орындауға, үйрету. Етістіктің шақтарын ажырата білу,
сұрақтарға толық, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Білім, білік-дағдыларын дамыту, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту.
3. Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы еңбексүйгіштікке, белсенділікке баулу.
3. Сабақтың түрі: қайталау сабағы
4. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі
5. Көрнекілік: интербелсенді тақта, сызбалар, мақал-мәтелдер, конверт, тест
6. Сабақтың әдіс-тәсілі: мақал-мәтелдерді толықтыру, тірек-сызба, сурет бойынша жұмыс істеу, сұрақ-жауап, сөйлем құрастыру, деңгейлік тапсырмалар.
6. Жұмыс түрі: топтық жұмыс
7. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
А/Сәлемдесу
Ә/Балаларды түгендеу
Б/Сабаққа бейімдеу
В/Сұрақтар:
Балалар, бүгін сыныпта кім жоқ?
Сыныпта неше қыз, неше ұл бала бар?
Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін ауа райы қандай?
Бүгін кім кезекші?
ІІ. Үй тапсырманы тексеру
А/ слайд арқылы тексеру
Мақал-мәтелдерді аяқтау
Орыс тіліне аудару
Етістікті анықтау
ІІІ. Қайталау
Балалар, өткен сабақта қандай тақырыптармен таныстық?
Бұл нешінші модуль?
ХІ модульдің тақырыбын қайталай отыра, алған білімдерімізді бекітеміз.
- Қандай мақсат қоямыз?
ІІІ деңгей / слайд /
Сөздер мен сөз тіркесін оқу, аудару
Адамдарды
Егін егу
Кітап беру
Үй салу
Наубайхана
Еңбекпен
Тасиды
Балалар
Оқыту
Тамақ, ас
Азық-түлік
Нан пісіру
Қадірлеу
Отанды сүю
Шаш қию
Диірмен
Ұн
Аулау
Мамандық тақырыбына байланысты осы берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, сызба бойынша сөйлем құрастырады.
Слайд арқылы тексеру
Кітапханашы Наубайшы
Дәрігер Аспаз
Сатушы
Мамандық
Құрылысшы Балықшы
Шаштараз Егінші
Мұғалім Әскери адам
Әнші Биші
ІІ деңгей / слайд /
1. Нан дастарқанға қалай келеді?
- Нан дастарқанға еңбекпен келеді.
І топтағы оқушылар диалог құрастырады.
ІІ топтағы оқушылар сызба бойынша әңгімелейді.
ІІІ топтағы оқушылар монолог дайындайды.
- Балалар, бізге хат келді.
Конвертте етістіктің шақтары бойынша берілген грамматикалық тапсырмаларды топ бойынша орындайды.
ӨТКЕН ШАҚ – ПРОШЕДШЕЕ ВРЕМЯ
Өткен шақтың түрлерін жазыңыздар.
Өткен шақтың жұрнақтарын жазыңыздар.
Төмендегі берілген сөйлемді қазақ тіліне аударыңыздар:
а/ Мы с учителем ходили на концерт.
ә/Мы с учителем давно ходили на концерт.
б/Мы оказывается ходили на концерт
НАҚ ОСЫ ШАҚ – СОБСТВЕННО-НАСТОЯЩЕЕ ВРЕМЯ
Нақ осы шақтың түрлерін жазыңдар.
Нақ осы шақтың жұрнақтарын жазыңдар.
Төмендегі берілген сөйлемді қазақ тіліне аударыңдар:
а/ Я пишу про времена глаголов.
ә/Ты сейчас пишешь про времена глаголов.
б/Вы живете в город Павлодаре.
КЕЛЕР ШАҚ – БУДУЩЕЕ ВРЕМЯ
Келер шақтың түрлерін жазыңыздар.
Келер шақтың жұрнақтарын жазыңыздар.
Төмендегі берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар:
а/ Ты станешь врачом.
ә/Я возможно стану врачом.
б/Я намерена стать врачом.
Әр топтан бір оқушы шығады, түрлі-түсті бір конвертті алып, тапсырманы топпен орындайды.
І деңгей / слайд/
Болашақта біз .............. боламыз.
Слайд арқылы мамандықты таңдап алады.
І топ, ІІ топ, ІІІ топ
8. Сабақты қорытындылау: тест
І нұсқа
Етістіктің шақтары нешеу?
А/2 В/4 С/5 D/3 E/6
Наубайшы не істейді?
А/сабақ береді. В/балық аулайды.
С/нан пісіреді. D/тамақ даярлайды.
E/баланы емдейді.
Мен қалада тұрамын.
Бұл сөйлемдегі етістік қай шақта тұр.
А/ауыспалы келер шақ В/мақсатты келер шақ
С/жедел өткен шақ D/бұрынғы өткен шақ
Е/ауыспалы осы шақ
Асханада кім жұмыс істейді?
А/Аспаз В/Балықшы С/Мұғалім
D/Әнші Е/Биші
–ды, - ді, -ты, -ті – қай шақтың жұрнағына жатады?
А/анық өткен шақ В/жедел өткен шақ
С/бұрынғы өткен шақ D/мақсатты келер шақ
Е/ауыспалы өткен шақ
Нан дастарқанға қалай келеді?
А/сумен В/ауамен С/біліммен D/еңбекпен Е/тамақпен
Ас атасы – не?
А/нан В/гүл С/Май D / Қант Е/Шай
«Енбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», бұл –
А/жаңылтпаш В/мақал-мәтел С/өлең D/жұмбақ Е/әңгіме
Болжалды келер шақ тұлғасында тұрған етістікті табыңыз.
А/жазамын В/жаздым С/жазармын D/жазбақпын Е/жазғанмын
«Еңбек» сөзінің синонимін белгілеңіз.
А/жұмыс В/мектеп С/мамандық D/достық Е/оқу
ІІ нұсқа
Асханада кім жұмыс істейді?
А/Аспаз В/Балықшы С/Мұғалім
D/Әнші Е/Биші
«Енбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», бұл –
А/жаңылтпаш В/мақал-мәтел С/өлең D/жұмбақ Е/әңгіме
Нан дастарқанға қалай келеді?
А/сумен В/ауамен С/біліммен D/еңбекпен Е/тамақпен
4. Мен қалада тұрамын.
Бұл сөйлемдегі етістік қай шақта тұр.
А/ауыспалы келер шақ В/мақсатты келер шақ
С/жедел өткен шақ D/бұрынғы өткен шақ
Е/ауыспалы осы шақ
5.Етістіктің шақтары нешеу?
А/2 В/4 С/5 D/3 E/6
6.Ас атасы – не?
А/нан В/гүл С/Май D / Қант Е/Шай
7.Наубайшы не істейді?
А/сабақ береді. В/балық аулайды.
С/нан пісіреді. D/тамақ даярлайды.
E/баланы емдейді.
8.Болжалды келер шақ тұлғасында тұрған етістікті табыңыз.
А/жазамын В/жаздым С/жазармын D/жазбақпын Е/жазғанмын
9«Еңбек» сөзінің синонимін белгілеңіз.
А/жұмыс В/мектеп С/мамандық D/достық Е/оқу
10/ –ды, - ді, -ты, -ті – қай шақтың жұрнағына жатады?
А/анық өткен шақ В/жедел өткен шақ
С/бұрынғы өткен шақ D/мақсатты келер шақ
Е/ауыспалы өткен шақ
Тест тапсырмаларын орындағаннан кейін, жауап кілтін слайд арқылы тексереді.
9. Үй тапсырмасы: Болашақта кім болғың келеді? тақырыпқа етістіктің келер шағын пайдалана отырып, шағын әңгіме жазады.
10.Бағалау: Әр оқушының білімін бағалау
Қорытынды: -Балалар, қалай ойлайсыңдар? Біз бүгін сабақта қойған мақсатымызға жеттік пе?
Сабақ жоспары
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі:
БекеноваТ. Қ.