Просмотр содержимого документа
«"Еліктеушілік және жасөспірім" әлеуметтік сағат»
«Еліктеушілік және жасөспірім»
Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебі
әлеуметтік педагог Қайпханова Мейрім.
Дәріс сабақ
Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы еліктеушіліктің жаман – жақсы жақтарын баса көрсетіп, оқушыларды жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу;
Міндеттері:
Зиянды іс – әрекеттерге еліктеушіліктің алдын алу;
Жастарды адам санасын улайтын теріс ұйымдардан сақтануға шақыру;
Мұғалім мен ата – ананың екі жақты қарым – қатынасы негізінде жеке тұлғаның жақсы жаққа бағытталуын қадағалау;
Еліктеушілік сөзінің түп тамырын ашып, жан – жақты тарату арқылы оқушы санасына жақсы ой тудыру;
Қажетті материалдар: интерактивті тақта, стикерлер, түрлі түсті қағаздар, қарындаштар, рефлексия парағы, слайдтар, фотасуреттер;
Сабақтың өткізілу құрылымы:
Салемдесу (мақсат, міндеттерін көрсету);
Қатысушылармен таныстыру;
Тақырыптық бөлім;
Тәжірибелік бөлім;
Қорытынды, рефлексия;
Өткікізу тәсілі – интерактивтік;
Қысқаша дәріс;
Ойын жаттығу;
Пікір талас;
Сұрақ – жауап;
Рефлексия;
Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу;
2. Сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстыру;
Қатысушыларды ұжымдастыру:
Қатысушыларды тақырыпқа араластыру үшін бірінші слайдтан сұрақтар қойылады.
Еліктеушілікті қалай түсінесің?
Зиянды іс әрекеттерге адамдар не үшін баруы мүмкін?
Шылым шегу ағзада қандай ауру түрлерін туғызады?
Алкоголизмнің ағзаға тигізетін зияны?
Адам санасын улайтын түрлі секталар нені насихаттайды?
Түрлі діни ұйымдардың (секта) қоғамға әкелетін зардабы қандай?
Тақырыптық бөлім: (қысқаша баяндама оқылады.)
Жастар арасындағы еліктеушілік!
Бүгінгі таңдағы егемен елімізді жансызданудан, рухани азғындау мен еліктеушіліктен арылудағы ең басты міндеттері – қазақи рухани органын қалыптастыру, тарихи сананы тереңдету, өзіндік өркениетті, мұсылманшылдық дәстүрді жаңғырту болып отыр.
Алайда, қазіргі уақытта жастардың арасында рухани еліктеушілік құбылысы ұлғайып, көптеген ғалымдармен зерттеушілерді толғандыруда, бұл мәселе әлі де толық шешілмеген күйінде қалып тұр. Соңғы кезде мемлекетімізде қоғамымызды нығайту үшін ұрпақтың тәрбиесіне көп көңіл бөлініп жүр. Баланың субмәдениеті – қоғамның ең әлсіз жері болып табылады.
Енді рухани азғындаудың көзі болып тұрған – еліктеушілік ұғымдарына ғылыми анықтамалар беріп көрейік. Еліктеушілік – (имитация; латын тілінен аударғанда imitatio – еліктеу) – басқалардың мінез құлқын өзіне көшіру процесі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысу. Бұл терминді «мимикрия» терминінен ажырата білу керек. Мысалы, бала шешесінің әрекетіне немесе топтағы құрбылармен ойнаудағы өзара әрекет тәсілдеріне тек еліктеп қана қоймайды, оның мінез – құлықын, жүріс – тұрысын келтіруі мүмкін. Бұл терминге еліктеушілік деген анықтама беруге болмайды.Бұл терминді жеңілдету үшін көбінесе «үлгілеу» термині қолданылады.
Еліктеушілік ретінде – бір ғана адам емес,бір неше адамдар тобы, кей кезде ұлт болған жағдайда еліктеушілік жүзеге асады. Мұндай еліктеушіліктің шырмауына байланған адам – қандайда бір зұлым идеялогияға мойын ұсынады. Дәлірек айтсақ, қазіргі кездегі жаһандану үрдісінде жүріп жатқан батыстану саясатына басымен ауған жастар да аз емес. Батысқа еліктеймін деп өзінің ұлттық намысы мен мінезін, ар – ұятын, ата – бабалардан мұра боп қалған салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын түгелдей жоғалтып жатыр. Мәдениеттің бұл бағытында негізгі күш – еліктеу болып табылады.
Батыстан келген, дініміз бен дәстүрімізге қайшы келетін тұрмыс – тіршілік – өмір ережелері, музыка, түрлі сериалдар, әдеттер және теріс қылықтар жастарымызды ешбір қара күшсіз бағындырып жатыр. Дәл осы үрдіс – еліктеушілік болып табылады. Еліктеушілікті екі тұрғыда қарастыруға болады: жақсы әрекеттерге еліктеу мен жаман әрекеттерге әуестік. Шынында да ұлтымыздың құрып кетуіне қазіргі кезде үлкен қауып төніп тұр. Атақты ұлтшыл Гитлер: «ұлтты құрту үшін күш жұмсау қажет емес, тек сол елдегі жастарға азғынды музыканы тыңдату қажет», - деп айтқан екен. Әсіресе, телевизияның жастарға тигізетін әсері мол. Өсіп келе жатқан жасөспірім өзінің жүріс – тұрысын, әдет – қылығын, сөйлеу мәнерін теледидарға қарап, түзейді. Ол теледидардан тек жағымды әдеттерді ғана алмай, сонымен бірге теріс, бұрыс әдеттерді де иемденеді, телеэкрандағы жын – ойнаққа қарап еліктейді. Қазіргі балалар – практик. Оларды таңертеңнен кешкі сағат 4-5 ке дейінгі уақытын сабақта өткізіп, үйлеріне кешке оралады. Одан кейін уақытын теледидармен өткізеді. Ол аз болса компьютер, интернет бар. Интернет – жастардың жауы. Жастар «мой мирға» кіріп, уақытытың өткенін де білмей қалады.
Ал, еліміздің болашағы – жастар, ал олардың рухани азғындауы – ұлттың құрумен тең десек те артық айтпаймыз.
Жасөспірімдік шақта еліктеушілік 13 – 14 жастан ересек адамға, жолдасына, басқа да әртіс, спортшыларға т.б үлгі тұтудан басталады. Осыған байланысты 7 – 8 сыныптарда жасөспірімдердің бірқатарына өзінің жалпы білім дәрежесін көтеруге өнерінің, өнер саласында - әдебиет, музыка, кескін, театр саласында – білім алуға ұмтылу пайда болады. Көбіне мұндай ұмтылудың негізгі жолдастарымен әңгімелескеннен шығады. Олардың жан – жақты хабардарлығы арқасында әңгімелесу жасөспірім үшін қызықты болады.
Еліктеушілік қазіргі уақытта өте көп кездеседі. Мысалы, зиянды әрекеттерге тез бейімделу. Атап айтсақ, шылым шегу, алкоголизм, есірткі, наша т.б. Мұндай әрекеттерге көбіне жасөспірімдер арасында, мынандай жолдар әкеп соғады;
Білімсіздіктің салдары;
Қызығушылық;
Еліктеушілік, әуестену;
Қысым көрсету;
Мода деп ұғыну;
Ойын – сауық орталарына бару;
Күйзеліске ұшырағаннан;
Қиындыққа төтеп бере алмаудың салдарынан; т.б.
Енді осылардың салдарынан қоғамға теріс, жаман әрекеттер әкеп жатқандарына тоқталсақ.
Алкоголизм – бұл созылмалы ауру. Ол спирттік ішімдіктерді салынып ішу.
Алкогольдің салдары:
Орталық нерв жүйесіне зор әсер етеді, бас миының жұмысын бәсеңдетеді, есте сақтау қабілетін төмендетеді.
Алкогольді бір рет көп мөлшерде ішу бас миында қалыпқа келмейтін өзгеріске ұшыратады.
Ішімдікке салынған адамдардың өмір ұзақтығы халықтың орта өмір сүру ұзақтығынан кем болады.
Салынып ішу құқыққа қарсы әрекеттерге баруға итермелейді.(қылмыс жасау, апатқа ұшырау т.б)
Шылым шегу – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ол сіздің ағзаңызды ғана улап қоймайды, айналаңыздардың денсаулығынада зиян келтіреді. Егер әкесі үйде темекі тартса, онда балада 90 пайыздай демікпе ауруы пайда болуы мүмкін. Бала ата – анасымен бірге ұйықтайтын болса, әкесінен шыққан темекі иісі бала ағзасының қорғаныс қабілетін төмендетеді. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млиард адам темекі шегеді. Ал Қазақстанда қазіргі уақытта 5 млн жуық адам темекі шегеді.Темекінің түтіні көліктер шығаратын зиянды заттардан 4 есе артық зияны бар, сонымен қатар бір шылым адам өмірін 12 минутқа кемітеді, темекі тартатын адамның өкпесі темекінің түтінен қарамайға ұқсап кетеді. Егер адам 15 жасынан бастап темекі тартса, өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасынан темекі тарта бастаған адамдар 5 есе көп өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болады. Яғни, шылым шегетін адамның өмірі қысқа болады.
Темекінің адам ағзасына тигізетін зияны
Асқа деген тәбетті қайтарады, да ас қорытуды қиындатады.
Тісті сарғайтып, ауызды сасытады, асқазанды жара пайда болады.
Ерін, тіл, өңеш, көмекей, өкпенің қатерлі ісігіне жол ашады, кейін жөтел мен қақырық пайда болады.
Тыныс жолдары және жүрек ауруларына әкеп соқтырады, тамырды қатайтады (атресклероз).
Көңіл – күй тез бұзылатын болады, ұйқыны азайтады, теріге әжім түсіреді.
Темекі тартатындардың төңірегіндегі темекі тартпайтындар да уланып, масызданады.
Ер мен әйелдің жыныстық қабілеті төмендейді.
Өртке себепші.
Темекі – жау, салауатты өмір салты – нағыз досыңыз екендігін білгейсіз.
Есірткі және наша қолдану – нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында) – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.
Бұның нәтижесінде есірткілерді тұтыну ауруды («ломканы») азайтатын, басатын қажеттілікке айналады. Үнемі есірткілерді тұтынуға құштарлық нашақорлық деп аталады.
Есірткілер немен қауіпті? Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді. Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл.
Наркотизм – бұл халықтың кейбір бөлігінің есірткілік заттарды тұтынатынын және тиісті салдарын көрсететін әлеуметтік көрініс. «Нашақорлық» деген сөз есірткілерді тұтынушының жеке басының жәй-күйімен қатар, есірткілерді көпшілікпен қолдануды білдіреді.
Нашақорлықтың себептері. Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушыларды пәтерлерінде алынады.
Нашақорлық салдары.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.
Нашақорлық таралуының қауіпі оның қайтарымсыздығында, жас тұрғындар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының денсаулығын зақымдауында, осыған байланысты оның медициналық және әлеуметтік салдарының маңыздылығында. Есірткілерді тұтыну деңгейіне қылмыстық істер, қайғылы оқиғалар, жарақаттанулар, уланулар, кісі өлтірулер мен өзі өзіне қол жұмсаулар саны тікелей байланысты.
Нашақорлық мемлекетке тікелей қауіп төндіретін, зор ауқымды ұлттық мәселеге айналды. Соңғы сараптамалық бағалаулар бойынша, әрбір нашақор «қар көшкіні» сияқты нашақорлықтың қарқынын үдету мақсатында жыл бойына есірткі тұтынуға 13-15 адамды қамтиды. Соңғы жылдары нашақорлар АҚТҚ-инфекциясын (ВИЧ-инфекция) жұқтырудың негізгі себебі болуына байланысты, нашақорлық мәселесіне ерекше назар аударудың маңызы зор.
Адастырушы діни ағымдар Мақсаты: Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет беру, біле отырып, олардан аулақ болуды түсіндіру. Интерактивті тақта арқылы діни ағымдардың тыныс тіршілігінен үзінді көрсету.
Қазіргі таңда қоғамда түрлі діни ағымдар қаптап кетті. Сондай түрлі ағымдардың алдын алу мақсатында, осындай деректерді білгендеріңіз дұрыс. Бейресми деректер бойынша, тіркелмеген дәстүрлі емес діни ағымдар саны (секталар) 559 болып отыр:
Жаңа апостол шіркеулері;
Құдай ассамблеясы;
Благодать; т.б.
Қазіргі жастар арасындағы еліктеушілік пен жауапкершілік туралы пікірталас. Пікірталасқа талқылауға ұсынылатын сұрақтар: 1. Ислам дінінің Қазақ еліндегі дәрежесі 2. Жастар арасындағы ислам дініне деген көзқарастар 3. Басқа діндерге деген ой пікірлеріңіз. Басқа діндерге бас ұрған қазақ азаматтарының тұрмыс тіршілігі туралы бейне көрністер Талқылау: • Сіздің пікіріңізше барлық діндердің дәрежесі бірдей ме? • (Паранжа) Орамал тартқан жас қыздарға деген көзқарасыңыз қандай?
Слайдтарға тоқталамыз.
Видеоролик «Шоқынған бала»
Тәжірибелік бөлім.
Ойын – жаттығулары:
Оқушылар жұпталып отырады. Әр жұпқа бір А4 қағаз бен 2 қарындаш беріледі. Жұптағы екі оқушыға екі тапсырма беріледі. Бір оқушы адамның оң жағына салауатты өмір салтын ұстанатын адамның суретін салса, екінші оқушы сол адамның оң жақ бөлігіне зиянды іс – әрекеттерге бой алдырған адамды бейнелейді.оқушылар салған суреттеріне түсінік береді.
Оқушыларға темекі түтінінің өкпеге әсерін тәжірибе барысында көзбен көрсету. Ол үшін қажетті заттар: құмыра, мақта, темекі және домалақтап тесілген құмыраның қақпағы. Мақтаның сарғайғанын көрсету нәтижесінде оқушыларға өкпенің зақымданатынын дәлелдеу.
Қорытынды бөлім:
Құрметті оқушылар бүгінгі сабаұты қорытындылай келе, сабағымыздың мақсатына жетік деп ойлаймын. Зиянды әрекеттерден аулақ болып, қоғамымызға зор табыс әкелетіндей, барлығымыз салауатты өмір салтын ұстанайық.
Енді мына алдарыңыздағы темекі суретіне мына жүрекшелерге тілектеріміз бен өз ойларымызды жазып, бұдан әрі қарай, жақсы өмір сүру жолдарын насихаттайық.