Просмотр содержимого документа
«?имарат. К?шейткіш, ма?сат ?стеулері »
Айтимбетова Айымгүл Алтынбекқызы
БҚОӘББ «Орал газ, мұнай және салалық
технологиялар колледжі» МКҚК
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Пәні: Кәсіптік қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ғимарат. Күшейткіш, мақсат үстеулері.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Ғимарат сөзінің мән-мағынасын ашу, мәтінмен таныстырып, мәлімет беру. Мәтінмен жұмыс жасай отырып, үстеудің анықтамасын еске түсіріп, мағыналық түрлері мен мысал сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Мәтінді оқыту және сөздікпен жұмыс жасау және мәтінді талдау арқылы оқушылардың ой тұжырымдарын, тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. б) Тәрбиелік: Әр түрлі жаттығулар мен оқу жадығаттары арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту және мәтінмен жұмыс жасау арқылы болашақ мамандардың еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосатындай маман болуын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:а) Оқушылар білуі керек: Үй тапсырмасын игеру керек.
ә) оқушылар иегеруі керек: өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыра отырып меңгеруі керек.
б) оқушылар меңгеру керек: жаңа материалдарды игеру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану әдісі.
Біз сабақты бастайық- деп, амандасып, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу құралдарының дайындығын байқау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
2.1. Өткен тақырыптар бойынша жұмыстар (жаттығулар жұмысы) Нақтылау мен түсінуге берліген тапсырмаларға жауап береді. Өз ойларын ұсына отырып түсінідіреді және өзгелердің жауаптарын дәйектейді.
- Әр қалаға келгенде көздің жауын алатын дүниелер, бұл - ..(әсем ғимараттар).
- Әр елдің мақтан тұтар ғимараттарына тең келер Астана қаласының 20 жылда көркеюі туралы қандай пікір білдерісздер?
-Орал қаламыздың қандай ғимараттары көзге шалынады?
3.2. Сөздік қорларын байқау.
«Ғимарат» сөзі қалай аударылады, сөздің мағынасы қандай? Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі-бір тәсілімен салынған құрылыс, үй.
ІV. Жаңа сабақ:
4.1. Жаңа сөздер:
ғимарат – здание
сәулет өнері – архитектурное исскуство
құрылыс – строительство
мәдениет сарайы – дворец культура
сауда үйі – торговый дом
мемлекеттік мұражай – государственный музей
қоғамдық – общественный
озық үлгі – лучший образец
4.2. Мәтін:
Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі-бір тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлігдегі тұрғын үйлер, қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт кешендері, оқушылар сарайы), мәдени-қоғамдық құбылыстар (театр, мәдениет үйі), мекеме үйлері (мектеп, балабақша, кеңселер, мұражайлар), кесенелер және архитектуралық құрылыстар жатады. Парсы тілінен аударылғанда үй деген мағынаны береді.
Қазақстандағы көрнекті көне және жаңа ғимараттарға Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Алматы қаласындағы Республика сарайы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайлары, Астана қаласындағы Бәйтерек, Хан шатыр сынды архитектуралық үлгіде салынған әсем де, зәулім ғимараттарды жатқызуға болады.
4.3. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Мақсат үстеу дегеніміз іс-қимылдың жасалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана, т.б.
Күшейткіш үстеулері дегеніміз заттың сыны, қимылдың әр түрлі мөлшерді, көлемді я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетіп, қалай? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Олар: ең, кілең, сәл, өңкей, тым, тіпті, орасан, керемет, т.б.
V. Жаңа сабақты бекіту:
5.1. Бекіту сұрақтары:
Ғимарат деген не?
Қазақстанның қандай әсем ғимараттарын білесіңдер?
Үстеу қандай сөз табы?
Үстеудің қанша мағыналық түрлері бар?
Мақсат үстеулер қалай жасалады?
Күшейткіш үстеулер қандай сұрақтарға жауап береді?
5.2. Көп нүктенің орнына септік жалғаулары жаз, мәтіннен үстеулерді тауып, мағыналық түрлерін ажыратыңыздар:
Астана керемет ғимараттар... толы. Парламент үйі қала... ортасында орналасқан. Көшенің бойы... ағаштар отырғзылған. Қала ортасындағы ескерткіш... артында үлкен ғимарат... тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген. Хан шатыр – Астананың ең көрікті ғимараттары... бірі.
5.3. «Ой толғаныс» стратегиясы:
Болашақ құрылысшы ретінде еліме не бере аламын?! (оқушылардың пікірлері)
5.4.Мәтінге назар аударып, ішінен үстеулерді тауып, түрлерін ажыратайық.
5.5. «Сәкестендіру» стратегиясы:
Әдейі сөйледі
Тіпті көнбеді
Мүлдем тыңдамайды
Қасақана айтты
Сонша әкелді
Тым үлкен
5.6.Жаттығумен жұмыс: Х.Қожабаева «Кәсіби қазақ тілі» оқулығынан 85-бет, 102-жаттығу.Үстеулерді қазақ тіліне аударып, түрлерін ажыратыңыздар.
104-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті үстеулерді қойыңыз.
5.7. Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей: ең, жорта, қасақан, сонша, ең сөздерімен сөйлем құрау.
ІІ деңгей: ғимарат, сәлет, әсем, кесене, қала сөздерімен үстеулердің мағыналық түрлерін қатыстырып, саөйлем құрау.
ІІІ деңгей: 5 минуттық эссе: «Менің арманымдағы ғимарат»
5.8. Топтастыру және инсерт әдісі :
Нені білеміз?
Нені білдік?
Нені білгіміз келеді?
VІ. Үйге тапсырма:
6.1. Мәтінді оқып, түсінігін айту.
6.2. Үстеудің мағыналық түрлерін оқу.
6.3. Үстеуі бар мақал-мәтелдер жазу.
6.4. Ғимарат тақырыбы бойынша шығармашылық жұмыстар қорғау: реферат, слайд, буклет, т.б.
VІІ. Бағалау:
Оқушылардың білім көрсету деңгейіне қарай бағалаймын.