ааиБ?гінгі білім ж?йесіні? е? бастысы – сапалы білім мен саналы т?рбие беру барысында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілет -терін, а?ыл -ой белсенділігін дамыту.
Себебі білімді жастар ?ана ел егемендігін баянды етеді.
?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы» за?ыны? 8 – бабында «Білім беру ж?йесіні? басты міндеті – ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?тар, ?ылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды ?алыптастыру?а, дамыту?а ж?не к?сіби шы?дау?а ба?ыттал?ан білім алу ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау.
Жеке адамны? шы?армашылы?, рухани ж?не дене м?мкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты ?мір салтыны? берік негіздерін ?алыптастыру жеке басыны? дамуы ?шін жа?дай жасау ар?ылы интеллектін байыту» делінген. Я?ни мектеп ?кімшілігіні? алдында ХХІ ?асыр талабына сай азамат т?рбиелеудегі жауапкер- шілік т?р. ?азіргі ?о?ам шы?армашылы? ?абілеті бар, талантты,
іскер мамандар?а м??таж.
О?ушыларды? таным белсенділігін дамыту, шы?армашылы? ізденістерге баулу білім берудегі басты м?селе.
О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеті, оны? ойлауы мен іс ж?зінде ?рекеттері ар?ылы дамиды.
О?ушыларды? шы?армашылы?ын ?алыптастыру ?шін ?уелі ?ызы?тыру жолдарын іздестіру керек.
Б?гінгі та?да ?о?амда жас ?рпа??а «Нені о?ыту?», «?алай о?ыту керек?» деген м?селелер т?р.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Факультативтік саба?тарды? негізгі міндеті»
Факультативтік сабақтардың негізгі міндеті білімді тереңдету
мен кеңейту ,оқушылардың қызығышылығы мен мүмкіндіктерін арттыру.Факультативтік сабақтардың нәтижесінде оқушылардың өз бетінше орындаған жұмыстарының/практикалық жұмыстар,
рефераттар,топ бойынша пікірталас,жеке жұмыстарды орындау,оқушылардың баяндамаларын талқылау т.б/ сапасы айқындалады.
Үйірме және клубтардағы жұмыстары еріктілік ұстанымына, балалардың өз әрекеттері мен ықылыстарын арттырады.
Оқушыларды бос уақыттарын тиімді өткізуін ұйымдастыратын тұлғалар
Мектеп әкімшілігі Ата- ана Сынып жетекшісі
Негізгі бөлім
Бүгінгі білім жүйесінің ең бастысы – сапалы білім мен саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілет -терін, ақыл -ой белсенділігін дамыту.
Себебі білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» делінген. Яғни мектеп әкімшілігінің алдында ХХІ ғасыр талабына сай азамат тәрбиелеудегі жауапкер- шілік тұр. Қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар, талантты,
іскер мамандарға мұқтаж.
Оқушылардың таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу білім берудегі басты мәселе.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті, оның ойлауы мен іс жүзінде әрекеттері арқылы дамиды.
Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін әуелі қызықтыру жолдарын іздестіру керек.
Бүгінгі таңда қоғамда жас ұрпаққа «Нені оқыту?», «Қалай оқыту керек?» деген мәселелер тұр.
Сондықтан қазіргі жаңа білім үлгісін жасау аясында бүкіл қоғамды жұмылдыра отырып рухани, интелектуалдық және экономикалық тәуелсіз мемлекет орнату болашағына бағдарланған, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарына үйлестірілген тәрбие мәселесін төрге қоятын тәрбие білім жүйесіне қосу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, белсенділігін, қызығушылығын арттыруда қолданылатын
әдіс - тәсілдер:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау
Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу. / Сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар/
Берілген тапсырманы түсіндіру бағытындағы жұмыс/ Мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б/
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу
Қиялдау арқылы сурет салғызу ролге бөліп оқыту
Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру
Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлері
Берілетін білім мазмұны мен оқушылардың жас ерекшілік ақыл – ой даму деңгейінің сәйкестігі
Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы
Оқу әрекеті мативінің, міндет мақсатының айқындылығы
Мұғалімнің кәсіби және мәдени құзырлығының жоғары деңгейлігі
Оқушылардың өз бетінше және шығармашылық жұмыстарының тиімді ұйымдастырылуы
Дидактикалық материалдың қолданылу тиімділігі
Оқытудың көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі
Оқушылардың оқу мүмкіндігін, денсаулығын есепке ала оқыту.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай бос уақытта/ үзілісте сабақтан кейін, мейрам, сенбі жексенбі күндері, демалыстарында/ ұйымдастырылады.
Оқушылармен бос уақыттарында жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегі сызбанұсқалар.
Қорытынды бөлім
Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру,олардың әрқайсысының тұлғасын қалыптастыруда ,ең алдымен педагогикалық басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдермен оқушылардың мызғымас ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ.Ол үшін мектеп әкімшілігі мен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушылар оқу-тәрбие процесі жүйесінде шығармашылық бірлесудің орнын анықтап,тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда озат тәжірибелерді жинақтауға айырықша маңыз берген жөн.
Жыл бойына 165 демалыс күні,мереке,демалыс күндері, күнделікті сабақтан тыс бос кездері осының бәрі белгілі бір нақты тәрбиелік мақсатты көздеп,оқушылардың рухани мүдделерін қарқынды байытуға қызмет атқаруы тиіс.
Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп.Ол мынандай болады:
Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.
Қызықты кездесулер,кештер,ертеңгіліктер өткізу.
Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру.
Әртүрлі тақырыпта ән,би,өлең оқу ,сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.
Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.
Көңілділер,тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
Оқушылармен ток-шоу,дөңгелек стол,пікірталас жұмыстарын ұйымдастыру.
Спорттық жарыстар өткізу.
Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап ,газеттер мен журналдар оқуын ,оны өзара талқылауын,пікір алысуын ұйымдастыру.
Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.