Білімділік: о?ушылар?а «Думан» ойын-сауы? кешені туралы м?лімет бере отырып,жа?а с?здер ар?ылы ?з ойын еркін жеткізе білуге ?йрету. Дамытушылы?: Астана туралы деректермен білімін дамыту, о?ушыларды? ой- ?рісін, шы?армашылы? ?абілеттерін, тіл байлы?тарын дамыту. Т?рбиелік: Астана ?аласын ма?тан т?та білуге, елжанды азамат болу?а т?рбиелеу. Отан?а деген с?йіспеншілігін арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Думан ойын сауы?тыру орталы?ы»
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шинжина Ляйля Турсынгалиевна
6 сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Думан» ойын-сауық орталығы.. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға «Думан» ойын-сауық кешені туралы мәлімет бере отырып,жаңа сөздер арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Дамытушылық: Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. Тәрбиелік: Астана қаласын мақтан тұта білуге, елжанды азамат болуға тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, мәтіндер, қима қағаздар. Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, ой қозғау, жеке, жұптық, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлану, АКТ. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Үй жұмысын тексеру:
«Бинго» ойыны арқылы сөздік жұмысын тексеру. (мұғалім сөздердің орысша баламасын айтып отырады, «бинго» дегенде оқушылар жұмысты аяқтайды) ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту: Тыңдалым:
Оқушыларға А.Жорабаеваның орындауындағы "Елімнің жүрегі -Астана" әнін тыңдата отырып, Астана қаласы туралы слайд шоу көрсету. Сұрақтар: - Қандай қала туралы слайд шоу көрдіңдер? - А. Жорабаеваның орындаған әні не туралы? "Астана" сөзіне ассоциация жасату («Думан» сөзіне тоқталу, сабақ тақырыбын айту) Сөздікпен жұмыс: нысан – объект
мұхитарал – океанариум
су қоры – запас воды
көрме аймағы – смотровая площадка 1.Оқушылар жеке- жеке мәтінді іштей оқиды. 2.Қарамен жазылған сөздерге көңіл аударады. 1. Оқушылар іштей оқиды; 2. Мұғалімнен кейін хормен қайталайды; 3.Кезекпен оқиды; 5. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады; Оқылым:
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу, ат қою.
"Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Мұхитаралдың су қоры — 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. Мұхитарал түбінде қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.
Мұнда акула, сегіз аяқ, жайын, скат, қылышбалық, т.б түрлі балықтар жүзіп жүреді. Кешенде "Джунгли" аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар.
Міне, осы «Думан» ойын-сауық орталығында балалар, тіпті үлкен ересектер де көңіл көтереді.
Тілдесім:
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Мұхитарал қайда орналасқан?
Мұхитаралдың су қоры қанша?
Онда нелер бар?
Бұл орталықта кімдер көңіл көтереді?
Сендер бұл орталықта болдыңдар ма?
4-тапсырма. Диалогті толтырып, өзара сөйлесу.
_____________________________?
Менің атым – Айнұр.
_____________________________?
Астана қаласының біраз көрікті жерлерін араладым.
_____________________________?
«Думан» ойын-сауық орталығы өте ұнады.
_____________________________?
Онда океанариум бар. Океанариумда балықтар жүзіп жүр.
6-тапсырма. Думан, мұхитарал сөздеріне фонетикалық талдау жасау. IV. Сабақты қорытындылау V. Үй тапсырмасын беру: 85-бет, 3-тапсырма (жазбаша), әңгімелеу. VІ. Бағалау