kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған пресс-конференция

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған пресс-конференция

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған пресс-конференция»

Айтжанова Динара Каировна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебі


Пресс-конференция

(10-11-сынып оқушыларына арналған)



Тақырыбы: Дулат – дауылпаз ақын.


Мақсаты: Оқушыларды Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Олардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.


Пресс-конференция 10-11-сынып оқушылары аралығында өткізіледі. Оқушылардың басшылығымен өткізілетін конференцияда Дулаттың өмірі мен шығармашылығы жөнінде зерттеліп, өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Журналистер сұрақ қойып, пікір алмасты.


Көрнекіліктер: бейнероликтер, слайд, баяндама, төсбелгілер


Кабинет мәжіліс залына лайықталып безендіріледі.


Оқушылар өздері пресс-конференцияны бастап, жүргізеді.


Жүргізушінің сөзі:

  • Сәлеметсіздер ме, пресс-конференцияға қатысушылар! Елімізде биыл 2016 жылы республика көлемінде «Бір ел – бір кітап» акциясы дауылпаз ақынымыз, турашыл, өткір тілді, тілге шешен жыршы, жырауымыз Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналып өткізгелі отырған пресс-конференциямызды ашық деп жариялаймын. Алдымен пресс-конференцияға қатысушыларды таныстырып алайын. . Қуатов Әлішер Қанатұлы – Дулат еңбектерін зерттеуші, профессор. Жексенби Жәния Алмасқызы – композитор, Қажымұратұлы Алмас – қазақ әдебиеті ғылымдарының докторы, профессор және мен, Даут Күнтай Қазбекқызы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушымын, бүгінгі конференцияны жүргіземін. Сонымен қатар бүгінгі іс-шараға еліміздің және шетелдің журналистері келіп, сұхбат алмақшы.

  • Бүгінгі пресс-конференциямыздың өту ретімен таныстырып өтейін.

  1. Бейнеролик. «2016 жыл кітабы – Өсиетнама»

  2. Қуатов Әлішер Қанатұлы «Қазақтың біртуар ақыны" атты зеттеу жұмысымен таныстырады.

  3. Баяндама. «Еспенбет» поэмасы». Оқитын – мен, Даут Күнтай Қазыбекқызы

  4. «Жырым менің - өмірім». Оқушылар Дулат Бабатайұлының өлеңдерін жатқа оқиды.

  5. Журналистердің сұрақтарына «Ашық сұхбат» ұйымдастырамыз.


  • Құрметті пресс-конференцияға қатысушылар! Сіздерді Дулат Бабатайұлы туралы жазылған бейнероликті тамашалауға шақырамын.


  • Дулат еңбектерін зерттеуші, профессор Қуатов Әлішер Қанатұлына сөз кезегін берейік. « Қазақтың біртуар ақыны» атты зеттеу жұмысымен таныстырады.



Алишер оқып болғаннан кейін:

  • Қуатов Әлішер Қанатұлына қоятын сұрақтарыңыз бар ма?



  • Келесі тыңдайтындарыңыз – баяндама. Оқитын - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, мен, Даут Күнтай Қазыбекқызы.


Күнтай оқып болғаннан кейін:

  • Баяндама бойынша Күнтай Қазыбекқызына қоятын сұрақтарыңыз бар ма?



  • Енді оқушылардың жаттаған Дулат өлеңдеріне кезек берейік.


  • Енді құрметті журналистер, сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.


  1. Жағыпар Назира :

– Мен, Жағыпар Назира Жұмашқызы, «Хабар» телеагенттігінің тілшісімін. Менің Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі– Күнтай Қазыбекқызына мен мынадай сұрақ қойғым келіп отыр.Қазіргі таңда Көкшетау өңірінде Ақан серіге, оның аты Құлагерге, басқа да батырларға өз аттарымен ескерткіш орнатып жатыр. Ал осы Еспенбетке, оның аты Ақбөртеге арналған ескерткіш бар ма? Біздің қаламызда да Батыр Баянға атымен ескерткіш қойылды емес пе?

  1. Күнтай Қазыбекқызы:

Дулат Бабатайұлының өз басына арналған ескерткіш бар. Ол туған жері Аягөзде. Ал өкінішке орай Еспенбетке, жүйрік атына арналған ескерткіш орнатылмаған. Дулат шығармашылығы әлі зерттелген жоқ. Оны зерттеу – уақыт еншісінде.


  1. Уәлихан Рамазан :

Уәлихан Рамазан Аянұлы, республикалық «Жас алаш» газетінің тілшісімін. Менің Әлішер Қанатұлына қояр сұрағым бар. Біз Дулатты Абайдың ұстазы деп оқыдық. Осы пікір қаншалықты шындыққа жанасады?

  1. Әлішер Қанатұлы:

Ия, әр түрлі пікір болуы мүмкін. Кейбіреулер Абай мен Дулат бір жердің тумасы болғандықтан, жай айта салған ғой, деген жаңсақ пікір болуы мүмкін. Бірақ расында да Абай Дулаттан көп үлгі алған, тіпті кей өлеңдерінде ұқсастықтар да бар.

Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге.
Көмбеге тақап қалғанда,
Жүйрікке керек көтерме, -деген өлең жолдары Абайдың өлеңдеріне ұқсайды емес пе?


  • 3. Ермекова Адель:

  • Мен, Ермекова Адель Қайратқызы, ұлттық «Қазақстан» ұлттық телеарнасы. Күнтай Қазыбекқызы, сізге сұрақ қойғым келіп отыр. Дулат Бабатайұлының туған жерінде ақынға арналған қандай іс-шаралар өткізілді?

  • 3. Күнтай:

Қазақстан көлемінде ақын, ойшыл, жырау Дулат Бабатайұлына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының қазылар алқасының шешімімен 2016 жылы Қазақстанда жалпы оқылатын басты кітап ретінде ХІХ ғ. атақты қазақ ақыны Дулат Бабатайұлының шығармалары танылды.  

         Көрменің басты бөлігіне Д.Бабатайұлының «Шығармалары мен тағылымы» және «Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, мысал өлеңдер. Зерттеулер, пікірлер» секілді шығармалары, сондай-ақ ақынның өлеңдері енген «Произведения казахских акынов XVIII-XIX веков» жинағы, «Үш ғасыр жырлайды» (революцияға дейінгі кезеңдегі қазақ ақындарының шығармалары) басылымы, «Бабадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Қазақ афоризмдері», «Поэты пяти веков», «Поэты Казахстана» кітаптары қойылған.

         Қазақ поэзиясының көрнекті өкілінің өміріне қатысты құнды мәліметтер келтірілген энциклопедиялық басылымдар да бағалы дүниелер болып табылады. Олардың ішінен «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын (қазақ және орыс тілдерінде), «Литература Казахстана» энциклопедиялық анықтамалығын, «Абай» энциклопедиясын ерекше атап өтуге болады.  Р.Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» көп томдық басылымы, ғалым, жазушы, драматург Қ. Мұхамедхановтың «Көп томдық шығармалар жинағы» зерттеулері, «Звезды казахской литературы» кітабы және басқалары да назар аударуға тұрарлық дүниелер.

         Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысуға және Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқуға шақырамыз. Кітап көрмесі 2016 жылдың 31 қыркүйегіне дейін жұмыс істейтін болады.



  • 4. Кеңесов Дамир, Ресей дің «НТВ» каналының тілшісімін. Менің композитор Жексенби Жәния Алмасқызы қоятын сұрағым бар.Дулат Бабатайұлының термелерін, жырларын орындайтын әнші, термешілер бар ма?

  • 4. Жәния Алмасқызы: Ия, термешілер баршылық. Бұрын Иса Байзақов, бертін келе Қайрат Байбосыновтар орындайтын. Кейін Бекболат Тілеухан, Рамазан Стамғазиев сынды өнерпаздарымыз өлеңдерін шырқап жүреді. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі таңда бұрынғы замандағыдай таңнан таңға жырлайтын жыршылар жоқ.


  • 5. Алпысова Тамила, Вашингтон қаласынанмын. Америка Құрама Штаттары. «STAR» каналы. Менің профессор Қажымұратұлы Алмасқа қояр сұрағым бар. Дулат Бабатайұлының туған жерінде ақынға арналған мұражай бар деп естідім. Сол мұражай туралы айтып өтсеңіз?


5.Қажымұратұлы Алмас:

Ақын атындағы Аягөзде мектеп бар. Сол мектепте мұражай орналасқан.

Мұражай Дулат Бабатайұлы мен Шәкәрім мұражайы деп аталады.

 Сонымен қатар бұл мектепте «Абай және Мұхтар» мұражайы да жұмыс жасап тұр. Мұражайдың Дулатқа байланысты жәдігерлерімен сіздермен бөлісе кетуді жөн көрдім.

 Мұражай 2006 жылы 16 маусымда ашылған. Іргетасын қалаған Исабаева Таңсық Орнықашқызы, жоғарыда аталған мектепте «Абай және Мұхтар» мұражайын ашқан Азат Арханұлы Ысқақов (Абайдың шөбересі) музейді ашу идеясын ұсынған. Жалпы ол кезде Дулат жайлы деректер аз болған, музейде нақты Дулат ұстаған құнды жәдігер әлі күнге дейін болмай тұр.

            Музей ашуда Таңсық апай көптеген қиындықтарға кездескен. Осы мұражайды ашқаны үшін еш жерден ешқандай қаржы бөлінбей, қызығушылық танытып, демеуші жасаған бірлі-екі кісілердің арқасында мұражай дүниеге келген.

 Музейдің бір бұрышын Дулат Бабатайұлына байланысты осы уақытқа дейінгі іс шаралары жайлы фото есептермен көркемделген.



Енді бір бұрышында Дулаттың өлеңдері, кітаптары, кейінгі ұрпақтың Дулатқа арнаулары жинақталып қойылған.

Тағы бір бұрышында көне заманғы, Дулат өмір сүрген уақыттағы тұрмыста қолданған заттар мен күміс бұйымдар қойылған. 



            Аягөз қаласында 2003 жылы қыркүйектің 5-інде XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлының туғанына 200 жыл толуына арналған ғылыми конференция өтті. Онда мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бастатқан зиялы қауым, жыр дүлдүлі, шымырқанған шымыр жырларымен елдік пен ерлікті асқақтатқан Дулат ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толғаныстары айтылды. 

Мұражай кейінгі ұрпаққа бұрынғы ата-бабамыздың заттық және рухани құндылықтарын сақтайтын орын ғана емес, оларды танытатын, тәлім тәрбиелік мәні зор орын.

Күнтай АҚШ журналисіне сұхбат бергеннен кейін:

  • Тағы кімнің қандай сұрақтары бар?

  • Кеудеме қайғы толған соң, 
    Тұнық жырмен жуынам,,» - деп, Дулат Бабатайұлы өзі айтқанындай, ақын өлеңі арқылы тыныс алды, өлеңі арқасында өмір сүрді. Біз де өмір бойы ақын-жазушылармыздың туындыларынан нәр алып, өркендей берейік демекпін. Осымен бүгінгі Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған пресс-конференциямызды жабық деп жариялаймыз. Қош-сау болыңыздар.

Мұғалімнің сөзі:

  • Құрметті, оқушылар, пресс-конференцияға қатысушы мұғалімдер! Міне, қазақтың орақ тілді ақыны Дулаттың шығармашылығына арналған іс-шарамыз аяқталды. Дулат шығармашылығы әлі де толық зерттеліп біткен жоқ. Ол әлі зерттелу үстінде. Биылғы 2016 жыл «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы еніп отыр. Біз де сол кітабы жөнінде бүгін көп мағлұмат алдық деп ойлаймын. Біздің мектебіміздің кітапханасында ақынға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылған. Уақыттарыңыз болса, тамашалап, көрулеріңізге болады. Бүгінгі пресс-конференцияға қатысқан барлық оқушыларға рақметімді айтамын. Және бүгінгі пресс-конференцияға белсенді қатысқан оқушылар марапатталады. Сөз кезегі конференцияға қатысушы мұғалімдерге беріледі.

Оқушыларды марапаттау.

  • Осымен Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Дулат – дауылпаз ақын» атты пресс-конференциямызды жабық деп жариялаймын. Қош-сау болыңыздар!
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған пресс-конференция

Автор: Айтжанова Динара Каировна

Дата: 01.12.2016

Номер свидетельства: 364628


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства