Жетекшісі: ?арабалаева Азина ?білбай?ызы/ мектеп т?лімгері
2015 – 2016 о?у жылы
Д?ниедегі е? ?лы сезімдерді? бірі – досты?. ?р адам д?ниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-а? жан д?ниесіндегі сырын, м??-шерін тар?атып, ?уанышы мен ?ай?ысын б?лісетін дос іздейді. ?андай да бір ?иынды??а тап болса?, оны досы?мен б?лісіп, досы?ны? а?ылын ты?дап, шешім таба аласы?. Мені? ойымша, бас?а?а жа?сы да адал дос болу ?шін, е? алдымен, т?сінік, адамды ты?дай білу, а?ыл бере білу ?абілеті жо?ары болуы тиіс.
Досты? адамдарды? е? алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол арт?ан сайын, досты? та ?атая т?седі. Ал бір-біріне сенімі жо?, дегенмен ?здерін дос санайтындар да бар, ол жал?ан досты? – бірде бар, бірде жо?.
Досты? – адамдарды? бір-біріне адал, ?алт?ысыз сеніп, бір м?дделі, орта? к?з?араста болатын ?асиеті. Досты? ?зара жауапкершілік пен ?ам?орлы?ты?, рухани жа?ынды?ты? белгісі. На?ыз досты? кісіге шабыт беріп, ?мірде кездесетін т?рлі с?тсіздіктерге мойымау?а, бас?а т?скен ?ай?ы мен ?иыншылы?ты бірге к?теруге ж?рдемдеседі. Дос -жарандарды? мінездері ?р т?рлі болып келуі м?мкін. Мысалы, біреуінде ?ызбалы? не шабанды?, екіншісінде т?йы?ты? не жігерсіздік бай?алса да, б?лар досты??а кедергі бола алмайды, ?айта на?ыз досты? осындай кемшіліктерден арылу?а к?мектеседі. Сат?ынды?, екі ж?зділік, ?тірікшілік, ?зімшілдік досты?пен сыйыспайды. ?аза?ты? д?ст?рлі ?деп ж?йесінде досты??а ?лкен к??іл б?лінеді. Халы? арасында досты? туралы ма?ал-м?телдер жеткілікті: “Дос жылатып, д?шпан к?лдіріп айтады”, “Досы жа?сыны?, ?зі де жа?сы”, “Д?ниеде адамны? жал?ыз ?ал?аны — ?лгені, ?ай?ыны? б?рі соны? басында”. Досты??а ?арама-?арсы ??ым — ?асты? пен к?ншілдік. М?ндай сезімге ерік алдыр?андар бас?аны? ?уаныш-?ызы?ын, ырыс-ба?ын к?тере алмайды, дос дегенні? не екендігін білмейді. Д?рыс дос та?дай білу — ?мірлік ма?саттарды? бірі; Саясаттануда?ы Досты? ??ымы мемлекеттер арасында?ы саяси, экономикалы?, м?дени м?дде т?р?ысынан ынтыма?тасты? орнату шараларын бейнелеу ?шін ?олданылып ж?р.
«Досты?» туралы на?ты ой айт?ан философ А.Шопенгауэр ?зіні? «?мірлік данышпанды?ты? афоризмдері» деген е?бегінде: «На?ыз шынайы досты? адамдарды? бір-бірімен тере?, таза ж?не адал ?арым-?атынасын ?ажет етеді. Б?л дегеніміз – досы?ызды? ?ай?ысы мен ?уанышына орта?таса білу деген с?з. Осыны? б?рі адамны? таби?и ?зімшілдік, ?рк?кіректік ?асиеттерін жояды» деген. К?нделікті ?мірде к??ілі?е шапа?ат с?улесін шашып, сені? т?рт ??была?ды те? ететін айнала?да?ы достары?ны? басы б?зылма?аны ?андай жа?сы.
Парсы жазушысы Кабусты? ?йгілі «?абуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсі?: адам?а тірісінде доссыз болмайды. Адамны? доссыз бол?анынан а?айынсыз бол?аны жа?сы. Бір данышпаннан: «Дос пен а?айынны? ?айсысы жа?сы?» – деп с?рапты. Данышпан «Дос жа?сы»,- депті. Сол ?шін достары?ны? ісі жайында ойла, олар?а с?лем-сау?ат жіберіп т?р ж?не ?ам?ор бол. Себебі, ?ркім ?з досын жадында т?тпаса, достары да оны есінде са?тамайды, а?ырында ол доссыз ?алатын болады». Ж?не халы?та «Алтын берген – дос емес, а?ыл берген – дос» деген ма?ал бар. Досты? – б?л ?мірдегі еш н?рсемен ба?аланбайтын ??ндылы?.
Дос табу о?ай, ал оны са?тау ?иын. Сенім мен жар?ын к??іл – досты?ты берік ететін тірек саналады. ?зі шынайы дос бола білген адамны? достары да к?п болады ж?не жер бетінде ?зін жал?ыз сезінбейді. К?нделікті ?мірде к??ілі?е шапа?ат с?улесін шашып, сені? т?рт ??была?ды те? ететін айнала?да?ы достары?ны? басы б?зылма?аны ?андай жа?сы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Жетекшісі: Қарабалаева Азина Әбілбайқызы/ мектеп тәлімгері
2015 – 2016 оқу жылы
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос -жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.