Просмотр содержимого документа
«"Дос.?атысты? ж?не сапалы? сын есім" »
Сабақтың тақырыбы: Дос.Сапалық және қатыстық сын есімдер
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, сапалық және қатыстық сын есімдердің жасалу жолдарын меңгерту. Мәтін, мақал- мәтелдер, жаңа сөздер, түрлі тапсырмалар арқылы қазақша сөйлеу деңгейлерін жетілдіру. 2. Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту. Дұрыс сөйлем құру, сауатты жазу мәдениетін дамыту. 3. Тәрбиелік: Досты бағалауға, достықты қадірлеуге тәрбиелеу. Сабақтың технологиясы: Модульдік технология Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс,түрлі тапсырмалар орындау. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, сөйлесу, іздендіру Сабақ көрнекілігі : интерактивті тақта,сызба, кесте, мақал-мәтелдер, суреттер, деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.(Амандасу, кезекші мәліметін тыңдау) ІІ. Өткен тақырыпты қайталап, бекіту.(электрондық оқулық арқылы буын және буынның түрлеріне арналған ойын түріндегі тапсырманы орындау. «Пирамида» ойыны) ІІІ. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
Балалар, бақылап отырсақ бізді айнала қоршаған ортада сын есімдер жетерлік. Сыныбымыздағы оқушыларды алайық, Уәли қандай бала? Уәли өте сабырлы бала. Данил ақылды болса, Максим мейірімді. Елена өте жауапты оқушы, ал Альбина сыпайы қыз.Виктория мен Мария әдепті, мәдениетті балалар. Дмитрийдің бойы ұзын, сымбатты. Нұриман үнемі көңілді жүреді. Кристина ақкөңіл жан. ІҮ. Жаңа тақырып Грамматикалық тақырыпты сызба арқылы түсіндіру. 1. Сызба арқылы сын есімнің мағыналық түрлерімен таныстыру. Мысалдар келтіру.
Жаттығу арқылы пысықтау. Сөз тіркестерін аудара отырып, сапалық және қатыстық сын есімдерді айыру Ақылды оқушы, мейірімді бала, адал дос, ақ көйлек, төзімді адам, халықтық өнер,әдемі қыз, бағалы зат, қоңыр бәтеңке, таза сынып, сапалы киім, жеңіл сөмке, көктемгі күн, жаңбырлы маусым, қысқы боран, жаңа оқулық . Ү. Лексикалық тақырып «Дос» туралы кіріспе сөз. Екі елдің танымал адамдары арасындағы достықты мысалға келтіре отырып айту.
ҮІ. Сөздік жұмысы
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлемдер құрау.
ҮІ. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Тыңдалым: (Мұғалімнің дауысымен жазылған мәтінді тыңдау) 2-тапсырма. Әңгімені мәнерлеп оқып, сөздік көмегімен аудару. Мәтіннен сын есімдерді тауып, сөз құрамына ажырату. 4 – тапсырмаДиалогті жұптасып оқып, ішінен қатыстық сын есімдерді табу. Олардың қалай жасалып тұрғанын айту. 5 – тапсырмаДиалогті пайдалана отырып, деңгейлік тапсырма орындау
ҮІІ. Бекіту. Семантикалық карта толтыру арқылы
ҮІІІ. Қорытындылау. Тірек сызбалар арқылы
ІХ. Үй тапсырмасы: Дос, достық туралы өлең жаттау Х. Бағалау. Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.
Тексерілді:
ӘБ жетекшісі: Дүйсенова С.Б. Оқу ісінің меңгерушісі: Сатмухамбетова. Г. У.