Просмотр содержимого документа
«Домбыра-халық жүрегінің айнасы.Тұйық етістік»
9.01.2017
Сабақтың тақырыбы: Домбыра-халық жүрегінің айнасы. Тұйық етістік
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың мақсаты: Домбыраның қазақ халқының музыкалық аспабы екенін түсінеді.Оқушылар топ алдында еркін сөйлейді, өз ойларын қортындылап, жүйелі айтады.
Міндеттері:
- Домбыра арқылы тараған төкпе, шертпе күйлердің түрлерін түсінеді.
- Қазіргі майталман күйшілерді есіне сақтайды
- Сыни тұрғыдан ойлайды.
- Білім алуға қызығушылықтары оянады;
- Оқушылардың сөздік қоры артады, тілін дамытады;
Табыс критерийлері:
- диалогқа түсе аламын;
- сыныптастарымды тыңдай аламын;
- өз ойымды айта аламын;
- шығармашылық қабілетімді дамыта аламын.
Әдіс-тәсілі: «Мәтінмен жұмыс алгоритмі» әдісі, презентация, оқыту, миға шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, өздігінен жұмыс жасау.