kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Денсаулы??а зиянды ?деттер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Денсаулы??а зиянды ?деттер

Саба?ты? ма?саттары:

А)Білімділік: Денсаулы? са?тау мен ны?айту, ж?йелі тама?тану мен к?н т?ртібі, гигиеналы? талаптар туралы білім беру.

?)Дамытушылы?: Жас ?рпа?ты? салауатты ?мір салтын ?алыптастыруда?ы ой ?рісін дамыту, зиянды ?деттерге еліктеуді?, ?ызы?уды? ?мірлеріне ?ауіп тудыратыны? ескерту.

 Б)Т?рбиелік: Есірткі, ішімдік ж?не темекені? а?за?а тигізер ?сері, келешек ?мірлеріне оны? зардаптары, адам а?засына теріс ?сері туралы т?сіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Денсаулы??а зиянды ?деттер»

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі мерзімі: « _ »__________20__ ж.

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Денсаулыққа зиянды әдеттер

Сабақтың мақсаттары:

А)Білімділік: Денсаулық сақтау мен нығайту, жүйелі тамақтану мен күн тәртібі, гигиеналық талаптар туралы білім беру.

Ә)Дамытушылық: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту.

Б)Тәрбиелік: Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.

Көрнекіліктер: ОТК : суреттер

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Пән аралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

Міндеттері:

Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;

Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

Оқушылардың күнделіктерін ашқызу.

1.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Міндеттері:

А) үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;

Ә) кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;

Б) қатемен жұмыс(дұрыс сөйлеу мәнерін тексеру)

Өзі оқитын газеттерін айту.

«Газет, журнал » сөздерін септеу.

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

Міндеттері:

Ә) өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру;

Б) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

3.Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі

1) тілдік бөлім: қосымша: жалғау, жұрнақ.

Лексика: қорғаушы, көзілдірік, көз жанары, тінтуір, ғаламтор, омыртқа, кеуде, бел;

2) қатысымдық– сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалоктік қатысымда мұғалімнің (тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;

«Жасөспірім және зиянды әдеттер» бүгінгі ток – шоуымызды «Сонымен, солай дейік…»

Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт- наша, темекі, арақ.

Ал, енді сендерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр:

Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.

Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.

Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.

Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.

Бүгінгі таңда елімізді толғандыратын адамның денсаулығына әсер ететін қандай зиянды заттарды білесіздер?

Темекі шегетін адамның өмірі қысқа болады ма?

Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар?(4000 астам)

Темекі шегудің алдын алу жолдары қандай? (темекі тастағысы келгенге көмек көрсету, қоғ/қ орындарда темекі шеккенге тыйым салу, кәмелетке толмағандарағ темекі сатпау) (темекі туралы слайд жүріп жатады)

Насыбай құрамында не бар?

Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды? (асқазан, бауыр)


— Оқушылар темекі жайлы өз ойын айтып шықты, сол жауаптармен келісесіз бе және темекі адам ағзасына қандай әсері бар екенің айтып кетсеңіз?


Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.

Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.

Оқушыларға сұрақтар:

«Арақ ішу – айып, мас болу — қылмыс» дегенді қалай түсінесіздер?

Арақ ішкен адам қандай болады?

Арақ ішіп қылмыс жасаған адам заң алдында қалай жасасын өтейді?

Отбасының бұзылуына ішімдіктің әсері бар ма?

Қалай ойлайсыздар, маскүнемдікке салынудың басты жолдары не?

— Жасөспірімдер құқық бұзушылық іс әрекет жасаса қалай жазаланады?

( насыбаймен ұсталынса, ішімдік ішкен болса т.б.)

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.

Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.

2000 жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты 14687 қылмыс тіркелді.

оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды. Оқығанын мазмұндап айту;

  • «Дәрумендер- денсаулығымыздың дәнекері» тақырыбына берілген кестені оқу, жазып алу.

  • Дәрумен аты

  • Кездесетін жері

  • А - Бауырда, етте, балықтың уылдырығында, жұмыртқада, қызыл сары жемістерде

  • В - Күріште, ашытқыда, бидай, картоп, бауырда , сүтте, етте, жұмыртқа мен салаттарда

  • С - Көкөністер, жемістерде, сүтте, бүйректе

  • Д - Балық майы, бауыр, бүйрек, жұмыртқа сарысы, сары майда

  • Е- Көкөніс, астық дәндерінде, сүтте, өсімдік майында, жұмыртқада

айтылым: Монологтік сөйлесім. Денсаулыққа зиянды әдеттер туралы айту. Денсулықты шынықтыру, комьютердің зияны туралы баяндау;

4- тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып айту

Жүрегің ауырса, ... көрін.

Тісің ауырса, ... бару керек.

Тұмауың болса, ... бару керек.

Көзің ауырса, ... бар.

Құлағың ауырса, ... бару керек.

Дәрі керек болса, ... бар.

Емделсең, ... жазыласың.

Жазылсаң, ... шығасың, сабаққа барасың..

жазылым: тақырыпқа қатысты тапсырмаларды жазбаша орындайды;

Мына сөздерді фонетикалық талдау жаса, септе.

Сөздерді тәуелдеңдер

Менің дәрігерім, денсаулығым

Сенің ....

Сіздің ....

Оның ...


Біздің ...

Сендердің ...

Сіздердің ...

Олардың ...

 тілдесім: диалог – сұхбат құру;

IV . Қорытындылау.Рефлексия.

Бүгін біз сабақта нені білдік? Не үйрендік?

«Денсаулыққа зиянды әдеттер» жобасын жасау, қорғау

V. Үй тапсырмасы

«Денсаулыққа зиянды әдеттер» тақырыбына шағын шығарма жазып келу

Бағалау.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрып мойнымызға, иықтарымызға, көздерімізге, белімізге арналған жаттығуларды орындау.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Денсаулы??а зиянды ?деттер

Автор: Шалбаева Кундыз Маратовна

Дата: 27.08.2016

Номер свидетельства: 340986


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства