Просмотр содержимого документа
«дидактикалы?ойындар»
Дидактикалық ойындар
Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Бұл – оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал. “Ой – ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын – ойын.
“Моншақ”ойыны Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу. Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет. Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді. Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б. “Қалалар” ойыны. Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру. Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді. Тапсырма үлгілері: қар – Қарағанды ас – Астана алма – Алматы тау – Көкшетау рау – Атырау кент – Шымкент.
“Сұрақ – жауап” ойыны. Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру. Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді. Сұрақтар: 1. Сөмкеде не жатыр? 2. Бір аптада неше күн бар? 3. Асханада кім бар? 4. Сыныпта неше терезе бар? 5. Қолда неше саусақ бар? 6. Жазда ауа райы қандай? 7. Бір тәулікте неше сағат бар? 8. Мектеп неше қабатты? 9. Күзде не сарғаяды?
“Соңы кім?” ойыны. Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту. Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады. Ойынды жургізу тәртібі:
Жаз | ыстық | жазғы каникул | тамыз | күнге күю | шомылу
“Сиқырлы ағаш” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету. Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.
Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі: Сұрақтар:
1. Сенің отбасың қандай? 2. Отбасыңда неше адам бар? 3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді? 4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді? 5. Сенің анаң неше жаста? 6. Сенің әкең неше жаста? 7. Сенің әжең кім? 8. Отбасың тату ма? 9. Сен әкеңе қалай көмектестің?
“Асхана” ойыны.
Ойынның мақсаты: “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді қайталау. Ойынның шарты: Тақтаға аспазшының суреті және тақырыпқа байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңген болып шығады. Керекті сөздер: Аспаз------------Балық Шанышқы-----Тұшпара Палау------------Ботқа Тәрелке---------Кесе Сүт---------------Шәйнек Ет-----------------Қасық Дәмді-----------Сорпа Тәтті-----------Ас Бұл ойынды әр - түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады.
“Орныңды тап “ойыны. Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу. Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.
“Жоғалған әріптер” ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау. Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу. Мысалы: к... гершін балдыр... ан ән... ран
к... тап к... ктем ... же ... ңгіме о... ушы айда... ар а... Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.
“Қожанасыр қоржыны”ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады. Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады: Кел, балалар, келіңдер, Тамашаны көріңдер. Бізде қызық ойын бар, Барлығың ден қойыңдар.
Тапсырмалардың үлгілері: сөздерді қазақшаға аудар: Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.
Сөзді септе: жолбарыс
Сандарды сөзбен жаз:
25 + 7 = 32 150/30 = 50 10 + 3= 13 43 – 20 =23 90 – 40 =50 80 + 25 =105 5 Жұмбақтың шешуін тап: “ Үйіңнің ол тұрағы, Беті - қолын жуады, Жолбарысқа түсі ұқсас, Екі көзі қырағы.” ( мысық )
Сөйлемдерді қазақша жаз: Это школа. Она большая, высокая, красивая, двухэтажная. В школе много учеников. Они учатся. Их учат учителя. Учителя дают ученикам знания.
“Аукцион” ойыны. Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу. Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұрау. Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
“Сұрақ – жауап” ойыны. Ойынның мақсаты: сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету. Ойынның шарты: қатты қағаздан 40 карта жасау. 20 картада сұрақтар, қалған 20 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен жүреді. Келесі оқушы сұраққа жауап беретін картамен басады.
“ Жалғасын тап” ойыны. Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету. Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру. Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.
“ Сиқырлы қоржын” ойыны. Ойынның мақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: тақтаға қоржынның суреті ілу. Қоржынның ішіне сұрақтар салу. Оқушылар бір - бірден шығып қоржыннан сұрақтарды алып оқиды. Сұрақтар: Сен қайда тұрасың? Сенің Отаның қай ел? Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. Елтаңбада не бейнеленген? Әнұранның авторлары кімдер? Солтүстік Қазақстан неге бай? Сен қай көшеде тұрасың? Сен неше жастасың? Сенің әкең кім болып жұмыс істейді? Кім нан пісіреді? Кім етік тігеді?