kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Диалект с?здер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Рысмамбетова Райхан  Иман?али?ызы

№ 217 Б. Шал?ынбаев  атында?ы  орта мектепті?

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі                                                                               

Саба?ты? та?ырыбы: Диалект с?здер. (5- сынып)

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Диалект с?здер туралы т?сінік беру, о?улы?та берілген жатты?улар мен ?осымша дидактикалы? материалдар ар?ылы диалект с?здерді ажырата білуге ?йрету.

Дамытушылы?: О?ушыларды? тез ?абылдауына жол ашу, ой-?иялдарына ерік беру, тілін дамыту.

Т?рбиелік: Адамгершілікке т?рбиелеу барысында о?ушы бойына ?дептілік, е?бек?орлы? ?асиеттерін сі?іру,талдау ар?ылы   ??ыптылы??а, ізденімпазды??а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Аралас саба?

Саба?ты? ?дісі: С?здік ?діс т?рлері, ?р т?рлі сатыда?ы де?гейлік тапсырмалар, с?ра?-жауап ?йымдастыру, талдау ж?мыстары, практикалы? ?діс, к?рнекілік ?дісі.

Саба?ты? к?рнекілігі: суреттер, кеспе ?а?аздар.

Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і

а) о?ушыларды т?гендеу.

б) саба??а ?зірлік, о?ушыларды? назарын саба??а аудару.

ІІ.     ?й тапсырмасын с?рау, ба?алау, ?орыту.

?й тапсырмасы тексеріледі. «Ж?лдыз жорамал?а сенесіз бе?» та?ырыбына жазыл?ан ша?ын ??гіме.

?й тапсырмасы ?орытылып, б?гінгі жа?а та?ырыпты т?сіндіруді? ма?саты о?ушылар?а жеткізіледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Диалект с?здер.»

Рысмамбетова Райхан Иманғалиқызы

№ 217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер. (5- сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Диалект сөздер туралы түсінік беру, оқулықта берілген жаттығулар мен қосымша дидактикалық материалдар арқылы диалект сөздерді ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың тез қабылдауына жол ашу, ой-қиялдарына ерік беру, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу барысында оқушы бойына әдептілік, еңбекқорлық қасиеттерін сіңіру,талдау арқылы ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздік әдіс түрлері, әр түрлі сатыдағы деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап ұйымдастыру, талдау жұмыстары, практикалық әдіс, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгендеу.

б) сабаққа әзірлік, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау, қорыту.

Үй тапсырмасы тексеріледі. «Жұлдыз жорамалға сенесіз бе?» тақырыбына жазылған шағын әңгіме.

Үй тапсырмасы қорытылып, бүгінгі жаңа тақырыпты түсіндірудің мақсаты оқушыларға жеткізіледі.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа тақырып түсіндіріледі.

а) Диалект сөздер-белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылады.

Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың әдеби тілде баламалары болады.

ә) Тақтаға мына мысалдар жазылады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады.

Әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады. Әдеби тілдегі қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді.

Оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, іздендіре, проблемалық ой туғыза отырып, өздері естіген диалект сөздерді айтқызу. (күту- тосу, жаны- қапталы, сіріңке – оттық, т.б.)

б) Бұдан соң диалект сөздердің түрліше болып келетіндігін түсіндіру. Мысалы, тыңла-тыңда, құдағай-құдағи бережақ-берешек, келулі-келді т.б. Оқушыларды қатыстыра отырып мынадай қорытынды шығарылады:

Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналғаны айтылады.

IV. 1. Жаңа тақырыпты бекіту әрі оқушылардың ойларын көркем жеткізе білуге үйрету үшін жаттығу жұмысы жүргізіледі.

а) Оқулықпен жұмыс. 185-жаттығу

Мақсаты: жаттығуда берілген қандай диалект сөздердің әдеби тілге енгендігін білдіру. Олармен сөйлем құрау ауызша тапсырылады.

Үлгі. Зейнет (Қызылорда,Арал) – іс, еңбек, қызмет. Ол бүгінде өз бейнетінің зейнетін көріп отыр. Еңбек түбі – береке. Илану (Жамбыл: Шу, Мерке, Алматы: Шелек, Ебекшіқазақ) – сену, илану, нану. Анасы баласының айтқанына шынымен иланды. Ол маған бұл жолы сенді. Кембағал (Алматы, Жамбыл, Қызылорда) – мүгедек, жарымжан, кемтар. Ол ешкімге кембағал екендігін білдіргісі келмеді. Асан өзін мүгедекпін деп есептемейді.

ә) Диалект сөздерді айыра білу үшін перфокартамен ауызша тапсырма жұмысы жүргізіледі. Мысалы:



Зайырлы

-

қайырымды, шапағатты

Қазақстан - ........... зайырлы мемлекет.

2. Топқа арналған деңгейлік тапсырмалар.

ІІІ деңгей. Берілген сөздермен сөйлем құрау, тапсырма ауызша орындалады.

1-топ. Кәсе – кесе, қабырға- жар

2- топ. Тыңла- тыңда, илану- сену

3- топ. Кембағал- мүгедек, жұмыртқа – тұқым.

ІІ деңгей. Мәтінмен жұмыс.

1-топ. Мәтіннен диалект сөздерді табыңдар.

2-топ. Қарамен жазылған сөздердің синонимдік қатарларын толықтырып, дәптерлеріңе жазыңдар.

3-топ. Мәтіннің мазмұнын қысқаша өз сөздеріңмен баяндаңдар.

Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәжһүрі, топ жарғаны – Аристолельден кейінгі екінші ұстаз (Әл-Мұғаллим ас-Сани), «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама – Әбу Насыр Әл-Фараби. Өз аты – Әбу Насыр Мұхаммад, әкесінің ныспысы да Мұхаммад, бабасының есімі – Тархан, арғы атасы – Узлах. Түрік оқымыстылары ныспысының соңына кейде «әт-түрки» сөзін қосып, оның түрік текті екенін шегелей түседі.

Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында әскербасының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен Әл-Фараби, яғни Фарабтық деген атқа ие болған.

Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды.

Ол кезде мұсылман дүниесінің орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу-Насырды ата-анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға даярлайды. Бірақ Әбу Насырды Бағдатқа бармас бұрын, жолайШаш пен Самарқан, Бұқара шаһарларына соғып, білімін толықтырған секілді. Кейін ол Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мәдениетімен танысады, содан әрі қарай Бағдатқа аттанады…

Әл-фараби медицина ғылымы мен логикасы Йуханна бин Хайланнан, жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін Әбу Башр Маттадан үйренеді. Ал Әбу Бәкір бин Сиражға өзі логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген.

Әл-Фараби – өздігінен оқып-жетілген ғалым. Ол грек философиясын қызығып оқыған. Ибн Халиканның айтуына қарағанда, Әбу Насыр Аристотельдің «Метофизикасын» – қырық, «Жан туралы» еңбегін – жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждаһаттылығының арқасындаған ол Аристотельдің ғлыми мұрасын еркін игерген.  Сондай-ақ өзі де «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы» т.б. көптеген трактаттар туындатқан.



І деңгей. Деңгейлік тапсырмалар үш топқа беріледі.

І топ. Кірме сөздерден диалект сөздердің айырмашылығын түсіндір.

(Кірме сөздер басқа бір тілден енеді ( қоғам (араб тілі)). Диалект сөздер белгілі бір аймақта айтылады да, оның әдеби тілде баламасы болады.)

ІІ топ. Диалект сөздер жазушылардың шығармаларында неге кездеседі. Себебін түсіндір.

(Шығармадағы кейіпкерлерді толық ашу үшін жазушы сол жердегі жергілікті сөйлеу ерекшелігін қолданады.)

ІІІ топ. Фонетикалық ерекшеліктері бар диалект сөздерді жаз.

Үлгі: Бұяқ-бұлжақ. Маңлай-маңдай.

IV.1.Өзіндік жұмыс. Төмендегі диалект сөздердің әдеби баламасын жазу.

Нән,әйдік,шырпы,оттық,уалдыз,бережақ,алажақ,чербек,айылдап келу.Үлгі жуалдыз- тебен ине

2. Жаңа сабақты қорытуға арналған фронталды сұрақтар .

1)    Диалект сөз дегеніміз не?

2)    Диалект сөз әдеби тіл нормасына жата ма?

3)    Диалект сөздердің әдеби тілде баламасы бар ма?



V. Оқушы білімі бағаланады.

VІ. Үйге тапсырма беріледі.

187-жаттығу. Мына диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын жазып шығу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Диалект с?здер.

Автор: Рысмамбетова Райхан Иман?али?ызы

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 291754


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства