-ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады.
-ған,-ген, -қан, -кен, тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге е (еді, екен) көмекші етістігі тіркеседі.
Беген ауылында тұңғыш қазақ мектебі ХХ ғасырдың басында ашылыпты.
Беген орта мектебінің іргесін қалаушы Әбдікәрім Әділханов жас ұрпақты оқытып тәрбиелеуде ерекше еңбек еткен.
Содан бері мектепті мыңдаған оқушы бітірген екен.
-ып, -іп, -п тұлғалы көсемше арқылы жасалған бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісі
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Тұр-ып-пын
Тұр-ып-пыз
ІІ
Тұр-ып-сың
Тұр-ып-сыңдар
ІІ
Тұр-ып-сыз
Тұр-ып-сыздар
ІІІ
Тұр-ып-ты
Тұр-ып-ты
-ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімше арқылы жасалған бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісі
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Тұр-ған-мын
Тұр-ған-быз
ІІ
Тұр-ған-сың
Тұр-ған-сыңдар
ІІ
Тұр-ған-сыз
Тұр-ған-сыздар
ІІІ
Тұр-ған
Тұр-ған
Есімше, көсемше тұлғалы негізгі етістікке е (еді, екен) көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісі (негізгі емес, көмекші етістік қана жіктеледі):
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Тұр-ып еді-м, тұр-ған екен-мін
Тұр-ып еді-к, тұр-ған екен-біз
Іі
Тұр-ып еді-ң, тұр-ған екен-сің
Тұр-ып еді-ңдер, тұр-ған екен-сіңдер
ІІ
Тұр-ып еді-ңіз, тұр-ған екен-сіз
Тұр-ып еді-ңіздер, тұр-ған екен-сіздер
ІІі
Тұр-ып еді, тұр-ған екен
Тұр-ып еді , тұр-ған екен.
Ескерту: Бұрынғы өткен шақтың есімшеде болған (мысалы, білгенмін, оқығансың) және еді көмекші етістігінен құралған күрделі (білген едім, біліп еді) түрлері тұжырымды, айғақты мәнді білдіреді. Ал көсемшеден болған (біліппін) және екен көмекші етістігінен құралған күрделі (білген екенсің, білген екен) түрлері айғақсыз мәнді танытады, сөйлеушінің көзі толық жетпейтіндігін білдіреді. Сондықтан да бұрынғы өткен шақтың көсемше түрі ертегілерде жиі кездеседі. Мысалы: Баяғыда кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты.
3. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа сабақты «ішіне – сыртына» стратегиясы арқылы бекітемін.
І топ .
Бұрынғы өткен шақты сыртына шығарыныз
Ішіне сыртына
Жеткізер , жасаған, білмейді ,
Көргенбіз , сүйрер , теуіпті
ІІ топ
Бұрынғы өткен шақты сыртына шығарыныз
Ішіне сыртына
Жалығар , келген , бармаймын ,
Айтыпты , қалатын , кетіпті
ІІІ топ
Бұрынғы өткен шақты сыртына шығарыныз
Ішіне сыртына
Жайып еді , орнады , жылжығансың ,
Естіледі , қуаныппыз , бардым
4. «Білімді мыңды жығар». Семантикалық картамен жұмыс
І топ
Мысалдар
Бұрынғы
өткен шақ
Ауыспалы
осы шақ
Нақ осы шақ
Жедел өткен
шақ
Мен барғанмын
Мен келіп тұрмын
Ол жазды
Күнде демаламыз
ІІ топ
Семантикалық картамен жұмыс
мысалдар
Нақ осы шақ
Бұрынғы
өткен шақ
Жедел өткен
шақ
Ауыспалы
келер шақ
Ол сонда оқымаған
Осында тұрмыз
Жеткізді
Құрамыз
ІІІ топ
Семантикалық картамен жұмыс
мысалдар
Бұрынғы өткен шақ
Нақ осы шақ
Ауыспалы осы шақ
Жедел өткен шақ
Ол тұр
Қыс суық болды
Ол кеш қалған емес
Жазда күн ыстық болады
5.Сергіту сәті ретінде «Жеті жұрттың тілін біл» парағы ашылпды. Оқылған мақалдағы айтылмай қалған сөзді тауып айту,орысша,ағылшынша баламасын тау.