Просмотр содержимого документа
«"Болаша? мемлекеттік ба?дарламасы"»
Сабақтың тақырыбы: Болашақ мемлекеттік бағдарламасы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдығын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру. Тәрбиелігі: Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу, туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтеуге, жан - жақты білімділікке баулу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: кеспе қағаздары Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, болжау. Типі: жаңа сабақ Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгелдеу, сабаққа әзірлеу
Үй тапсырмасын тексеру: 5,6-тапсырмалар. Шартына сай орындау
Жаңа сабақ:
Мәтінді мәнерлеп оқып мазмұнын ашыңдар. Жаңа сөздерге түсінік беріңдер. Мәтіннің мазмұнын ашатын 5 сұрақ дайындаңдар.
1-тапсырма. Сөйлемнің мағынасына қарай жақшаның ішіндегі қажетті сөзді анықтаңдар.
2-тапсырма. Мына сұрақтарға жоқ, иә сөздерін қолдана отырып жауап беріңдер.
3-тапсырма. Сөйлемнің бірыңғай мүшесіне байланысты тыныс белгісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
4-тапсырма. Төмендегі мақалдардың сыңарын келесі бағаннан тауып жазыңдар.
Білімді бекіту:
Мәтінді пайдалана отырып төмендегі сызбаны толтырыңдар.
Туынды сөз
Күрделі сөз
Етістік
Сын есім
Берілген жай сөйлемге сатылай кешенді талдау жүргіз
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасымен «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы тағайындалды.
Мәтіннен қыстырма сөздерді теріп жазып оның мағыналық түрлерін анықтаңдар.