Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Сабақ: Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. (3-5 мин.) Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік. Үй тапсырмасын сұрау: қайталау (5-10 мин.) Тірек сөздерді пайдалану. А) «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» Б) «Сегіз қырлы, бір сырлы» жандар В) Әнші –ақындардың өзіндік ерекшелігі Г) «Сал өзінің үстіне киген киімі халық кимеген түрден болады...» Әнші-ақындардың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу «Сал мен серілер» (слайд) Фильмнен үзінді көрсету. Топтау// тақырыпқа байланысты 2 топқа бөлу. 1 топ «Салдар» 2 топ «Серілер» Жаңа тақырып: (15-20мин) Сабақтың мақсатын қою.Сабақтың тақырыбы,өткізілетін материал туралы түсінік беру. Нені оқимыз? Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармалары ,ақындық шеберлігі жайлы оқимыз. Нені үйренеміз? Біржан салдың шығармаларына талдау жасап, өлеңдерін талдап, өз пікірімізді ортаға салып үйренеміз. Сыныппен жұмыс 1. Ситуациялық сұрақ қою. Сал-серілердің қазіргі әнші-ақындардан айырмашылығы мен ерекшелігі неде? (топтық талқылау) 2.ББҮ кестесін толтыру. Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | | | | 3. Жаңа сабақты меңгерту. ( Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармалары жайлы түсінік беру) Қазақ халқының әншілік, ақындық өнерінің ХІХ ғасырды биікке көтерген ірі тұлғалардың бірі – Біржан сал Қожағұлұлы . Ол 1834 жылы Ақмола облысы, Еңбекші ауданында дүниеге келген. Орта дәулетті, шаруа отбасынан шыққан. Өз әкесі Тұрлыбай дәулеті орта адам болған. Немерелерін өз бауырына басып алатын дәстүр бойынша атасы Қожағұл Біржанды өз тәрбесіне алып,таршылық көрсетпей, еркін өсіреді. Біржан жасынан домбырамен ән салуға, өлең шығаруға ерте әуестенеді. Ол бозбала кезінен- ақ ел аралап, ән салып, сауық құруды әдетке айналдырады. Осы кезден оның әншілік өнері елге танымал болып, аты бүкіл қазаққа мәлім болады. Біржан – ең әуелі ақын,өлең мен жырды қастерлеген халықтың ішінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандардың бірі. Біржан – үш жүзге танымал болған ақын-сазгер, әнші-өнерпаз, сал атанған бірден-бір тұлға.Оның әндері қазақтың ән өнеріндегі халықтық дәстүрді жаңғырта отырып, жаңа өрнек, әсем бояумен көмкерілген, музыкалық мұрамызды биікке көтерген туындылар.өлеңі әніне сай, поэзиялық қуаты бұл шығармалардың әрқайсысы Біржан өмірінен, сол дәуірдің шындығынан хабар береді. Біржаннның әр өлеңінің белгілі бір оқиға, тарихи дерек жатады. Оның «Жанбота», « Адасқақ» сол кездегі қоғамдық өмір шынайы бейнеленсе, «Көлбай- Жанбай», «Шідер», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ғашығым», «Бурылтай», т.б.шығармаларында кіршіксіз махаббат пен әйел сұлулығы суреттеледі. Біржанның әуезді әндеріне тұғыр болған өлеңдерінің шығу тарихы да сан қилы. Мысалы, «Ақтентек» әні Біржанның ел аралап жүріп Ақтентек деген дәулетті кісінің үйіне түседі. Үй иесі қонағына ән салдырып, бірнеше күн ерекше күтеді. Ақтентектің Ажар есімді өте сұлу қызы болады. Қыздың сұлулығына тәнті болып, кетерінде осы «Ақтентек» әнін шығарады. Ал «Жанбота» әні – Біржанның азаматтық позициясын анықтайтын, қоғамдық-әлуметтік көзқарасын айқындайтын шығармалардың бірі. 1865 жылдың жазында Омбының генерал –губернаторы Көкшетауға келе жатқанын естіген болыс атаулы әбігерге түседі. Ақсары елінің болысы Жанбота байлығы мен барлығын көрсетіп, губернаторға жағынып қалуды ойлап, мерген, палуан, әнші-ақындарды шақыртады. Солардың ішінде Біржан да болады. Жанботамен бақталас Азнабай да Қоңырқожа елін тік тұрғызады. Дүйім жұрт Біржанның әуезді әніне аңсары ауып, маңайына жиналады да, Азнабайдың қыз-бозбалаға арналып тіккен үйі бос қалады. Бұған шамданған Азнабай поштабайын жібереді. Есер поштабай ел арасында ән салып отырған Біржанды қамшымен басынан ұрып, домбырасын тартып алмақ болады. Бірақ ел араша түсіп, оны қуып жібереді. Осы қорлыққа шыдамаған Біржан осы әнін шығарады. Біржандай халық адамын, ел еркесін қайдағы бір шолақ белсендінің соққыға жығуы - бір Жанботаға емес, бүкіл қазақ халқына түскен таңба еді. Біржанның ақындық қабілетінің бірі –айтыскерлігі. Ақынның бірнеше жерде айтысқандығы тарихтан белгілі. Бірақ айтыстарының толық нұсқасы бізге жетпеген, тек теңіздің тамшысындай жұрнағы ел аузынан хатқа түсірілгендіктен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Біржан айтыстарының ішінде шоқтығы биік тұрғаны – Сарамен айтысы. Біржанның Сараман айтысы оның ақындық ойы мен өнерінің нағыз толысуын, кемелденуін көрсетеді. Біржанның өмірінің соңғы сәттерінде айтқан өлеңдерінің орны ерекше . Өмір бойы ел кезіп, сауық үйреніп қалаған Біржанды алпыстан асқан шағында ағайын-туыстары “қартайдың,үйде отыр” ауылдан алысқа шығармайды. Тіпті үйден шығармауға тырысады. Тіпті “жынданды” деп керегеге таңып тастаған кездері болады. Бұл – Біржанды қатты күйзелтеді. Осы жағдай оның “ Теміртас” атты өлеңінде толық баяндалады. Біржан сал 1897 жылы 63 жасында дүниеден өтеді. Қазақтың ақындық және әншілік өнеріне өзінің тамаша өрнегін әкеліп қосып, оны асқақтата көтерген дарын иесінің соңында өшпес өнеге, өлмес мұра қалды. Идеяны жинақтау. Оқушыларға алдан ала кесте таратылады, оқушылар өз бетінше толтырады. Үлгі Оқушының аты-жөні........................................... Негізгі ойлар | Пікірлер | Сұрақтар | | | | Топтық жұмыс 1.Оқушылар топ болып Біржан салдың «Жанбота», «Біржан сал» атты өлеңдеріне СКТ жасау 2. Бейнефильмнен үзінді көрсетіп, «Жанбота» әнін тыңдату. Жеке жұмыс
Біржан сал
(оқушы іс-әрекеті: АКТ-ны пайдалана отырып топтастыру әдісі бойынша кестені толытыру) |