Саба?ты? та?ырыбы: Бірігу жолмен жасал?ан туынды с?здер. ( 5-сынып )
Саба?ты? ма?саты:
А)Білімділік:О?ушыларды? біріккен с?з туралы ??ымын ке?ейту.
Ережесін, біріккен с?з емлесін ме?герту.Тапсырмалар беру ар?ылы бірігу ар?ылы жасал?ан туынды с?здерді? жасалу жолдарын ме?герту.
?)Т?рбиелік:Жас ?рпа?ты ту?ан жерді с?юге, ту?ан жерді ?ор?ау?а, о?ушыны болаша??а деген сенімге баулу. ?асиетті ??ымдарды ?адір т?ту?а т?рбиелеу.
Б)Дамытушылы?:О?ушыны? с?йлеу тілін дамыту, ?з пікірі, эстетикалы? тал?амы бар сауатты о?ушыны дайындау, ауызша да, жазбаша да, шешен, к?ркем с?йлеуге ?йрету, ойлау ?абілеттілігін арттыра отырып, шапша?ды??а да?дыландыру.
Просмотр содержимого документа
«Бірігу жолмен жасал?ан туынды с?здер »
Сабақтың тақырыбы: Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер. ( 5-сынып )
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік:Оқушылардың біріккен сөз туралы ұғымын кеңейту.
Ережесін, біріккен сөз емлесін меңгерту.Тапсырмалар беру арқылы бірігу арқылы жасалған туынды сөздердің жасалу жолдарын меңгерту.
Ә)Тәрбиелік:Жас ұрпақты туған жерді сүюге, туған жерді қорғауға, оқушыны болашаққа деген сенімге баулу. Қасиетті ұғымдарды қадір тұтуға тәрбиелеу.
Б)Дамытушылық:Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау, ауызша да, жазбаша да, шешен, көркем сөйлеуге үйрету, ойлау қабілеттілігін арттыра отырып, шапшаңдыққа дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап, семантикалық кесте, топтастыру әдісі.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Пәнаралық байланысы:география, әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сөздер.369- жаттығу.
Үй тапсырмасын бекіту.
«Туған жерім- тал бесігім» тақырыбында салынған бейнелі суретті толықтыру мақсатымен тапсырмаларды орындатамын. Тақтаға плакаттағы қазақ елінің шетсіз,шексіз,кең дария жазира даласы бейнеленген суреттер ілемін. Алдын ала суреттер салынған кеспе қағаздарды дайындап қоямын. Дұрыс жауап берген оқушы суретті толықтыра алады.
1.Қазақ тілінде қанша дауысты, дауыссыз дыбыс бар, оларды ерекшелігіне қарай ата.
2.Буын түрлері, мысал келтір.
3. Еріндік және езулік дауыстылар.
4.Екпіннің түрлері.
5. Лексика дегеніміз не?
6.Сөз жасам дегеніміз не?
7. Фонетика дегеніміз не?
8.Табу дегеніміз не?
Үй тапсырмасын қорытындылап, үш топқа бөлемін.
І.топ: «Тұлпар» тобы.
Ұраны:
Тұлпармыз тұяғы асыл болаттан,
Жақсылыққа әрқашан да қол артқан.
Жалғасымыз бабалардың мәңгілік,
Батыр етіп Алла өзі жаратқан.
2 топ: « Сұңқар» тобы
Ұраны:
Сұңқармыз самғаған құзар биікке,
Жеткізген тәуелсіздік пен билікке.
Талмайды қанатымыз самғаудан,
Көк аспанды өз еркіне иіп те.
3 топ « Ғарышкер» тобы
Ұраны:
Ғарышкерміз кеткен даңқы алысқа,
Туған жерді кенелтіп мол табысқа.
Қазағымды әлемге бүгін танытып,
Айналмақпыз алтын тонды барысқа.
Оқушыларға бағалау парақтары таратылып беріледі.
3. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы « Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер». Мұқағалидың « Туған жер» тақырыбындағы өлеңінің жыр жолдарымен бастаймын.
Таныс өлке, таныс аймақ , таныс маң,
Анау жерде ,құрбылармен алысқам.
Анау жерде ,құрбыжанмен табысқам.
Шабындықтар, егістіктер, тоғайлар,
Төбелердің төбесінде көп айдар.
Ақ сағыммен араласып аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
Бір тынбайды шегірткенің шырылы,
Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры.
Бәрі таныс –кісінеген құлынның,
Ін аузынан шаңқылдаған суыры,
Айналайын, атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен.
Туған өлке тәтті екен ғой , тәтті екен.
Міне, ақын ағамыз жырлағандай, біз бүгін сабағымызды өзіміздің туған өлкеміз Қармақшы ауданымен байланыстырсақ.Осы ауданға қандай ауылдар қарайды? Қандай жер- су аттарын білеміз?Мына сызбаға назар аударайық
Біріккен сөздердің ережесі,кіріккен сөздер жайлы мәлімет беріледі. Мысалдарымен жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.
371-жаттығу .Берілген біріккен сөзден сөйлем құрау.Біздің сарбаздар шек+арада күзетте тұр.Ақ+құтан- « Қызыл кітапқа» енген құс.Жол+барыс қалың орманды жерде жүреді.Менің құрбым қалжың+бас. Достар мейман+дос болуы керек.Ала+ботаны түйе жейді.Әнеу+күні достарыммен ойнап жүріп құмыраның сынығын тауып алдым.Жазғы+тұрым күн қызып, ағаштар көктейді.Әр+кіммен бір тайталасып ұрыса берме.
372-жаттығу. Ауызша орындалады.373-жаттығу.Мәтіннен біріккен сөздерді табу. Сырдария, Көккесене, Сарысу,Баршынкент.374-жаттығу.Мәтіннен біріккен сөздерді табу.Арасанқапал, Талдықорған, Қапаларасан,Тарбағатай, Сарыарқа,Бетпақдала,Жангелді, Амангелді,Қотанқарағай( аталған жер-су аттары Қазақстанның экономикалық картасынан көрсетіліп отырады)375-жаттығу.
Мәтіннен біріккен сөзді табу.Мойынұсыну,Бойынұсыну.
Сергіту сәті. Әр топ өздерінің топтарына байланысты біріккен сөздерді ойлап табу.
Жаңа сабақты бекіту.Семантикалық кесте.
Мысалдар Туынды .с.
Бірігу арқылы жасалған туынды сөз
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз
Орам+жапырақ
Қырық+қабат
Ән+ші
Нұр+гүл
Өр+мек
Қара+құрт
Сандық+ша
Бақ+дәулет
Мал+шы
Тас+бақа
Өнер+кәсіп
Тоғжан
Үйге тапсырма: біріккен сөздерді қатыстырып, « Қазақ- қонақжай халық» тақырыбыны эссе жазу.376-жаттығу. Бағалау. Оқушыларға сабақ барысында таратылған бағалау парақтары арқылы жеңімпаз топты анықтап, жеке оқушылардың білімін бағалаймын.