kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»»







«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік

және отаншылдық»

11 сынып







Өткізген:Аблайқызы А.











2022-2023 оқу жылы



Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Күні

01.09.2022

Сынып жетекшілер:

Аблайқызы А.

Сынып:

Қатысушылар саны: 5

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау

Сабақтың міндеті:

Құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;

Құндылықтардың адам өмірінджегі рөлін талқылау;

Отаншылдық құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

Жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Музыкалық көркемдеу

Әнұран айту

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Суреттер, кітаптар

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Жазғы демалыстан қандай әсер алдың?

Алдағы жаңа оқу жылынан не күтесің?

Оқушылар мұғаліммен амандасады


Оқушылар сұрақтарға жауап береді






Сабақ басы (13 мин)



- Ел президентінің жастарға арналған үндеуінен үзінде;

- «Терең білім, отаншылдық, еңбекқорлық құндылықтардың адам өміріндегі рөлі» баяндама



Оқушы үндеуден үзінді оқиды;


Баяндама тыңдалады







Ортасы (20 мин)


1-оқушы

Білім — Бүгінгі қоғамда адам деңгейiн, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетiн құндылық. Өз деңгейiңiздi арттырғыңыз келсе, бiлiм алуға ұмтылыңыз. Бұл — сіздің ең дұрыс шешіміңіз.

Бүгiнгi дәуiрде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау ҮШІН БІЗ Қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол - сапалы білім. Сіз мектеп пен жогары оку орнында өзіңіздің қолыңызда болатын қарудың сұлбасын жасайсыз. Ал қорғану үшiн немесе деңгейiңдi өсiру үшін ол қарудан оқ атып, бiлiм деңгейiңдi көрсету қажет болады. Сіз ататын оқ — өз бетіңізбен көңіл көкжиегіңізді дамыту мақсатында жинаған біліміңіз.

2-оқушы

Адам өз-өзін әрдайым дамытып отыруға тиіс. Өйткені, заман күннен күнге қарыштап жылжып барады. Егер сiз бiр орында тұрып қалсаңыз дәуір талабынан кейiндеп қалғаныңыз. Кейіннен көштің басын қуып жету қиынға айналып, соңғы қатарда шаң қауып қала бересіз. АЛ БҰЛ ДҮНИЕ адами құлдырауға әкеліп соғады.


3-оқушы

«Патриот — ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам».

Қазақстандық патриотизм — бүкіл қазақстандықтарды кемел болашағына сендіру, оларды жасампаз еңбекке шақыру, Береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру болып табылады. Тәуелсіз еліміздің 31 жылында шыққан биіктері, қайта оралған - құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстар жастар жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенімді ұялатып келеді.

4-оқушы

«Адамды - адам еткен еңбек». Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады.

Еңбек дегенiмiз - бойымыздағы энергия, ягни күшiмiз, осы кушті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді.

«Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адым да алға ілгерілей алмайды; Бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері кетеді», - дейді К.Д.Ушинский.

5-оқушы

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мінез-құлық қасиетке мән бере отырып:

Бойыңа жалқаулықты үйір қылсаң,

Жүрерсің көрінгенге көзің сүзіп,– дейді. Демек, еңбек адамгершілік тәрбиесінің әрекетті құралы болып табылады, өйткені еңбек іс-әрекеті процесiнде жастардың бойында жалпы адамзаттық маңызы бар еңбексүйгіштік қалыптасады.








Соңы






Қорытынды

«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп  Ш.Уәлиханов,  «Ғылыми майданның жауынгері тек үнемі іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сәтпаев атамыз айтқандай, еліміздің болашағы тек білімді жастар екені даусыз.

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.


Оқушылар тілектерін айтады























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Автор: Танатарова Жупар Тилеповна

Дата: 02.11.2022

Номер свидетельства: 616590


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства