kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Авток?лік ?оз?алт?ыштарыны? жалпы ??рылысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? типы:  Жа?а білімді о?ыту саба?ы.

Саба?ты? ма?саты:

авток?лік ?оз?алт?ыштарыны? жалпы ??рылысы бойынша аны? білім беру, ??ым ?алыптасу.

Т?рбиелік:  ?ала?ан к?сібін ?натуын, дербестік ж?не жауапкершілік т?рбиелеу, жабды?тар?а ж?не техника?а ??ыптылы? т?рбиелеу.

О?уді? ?дісі:  Ауызша – к?рнекі, ??гімелік, ой тастау, іздену ?дісі.

Саба?та балаларды? ?з бетінше істейтін ж?мыс т?рлері:  Авток?лік ?оз?алт?ыштары туралы плакаттармен, схемалармен, макеттермен, таратыл?ан кітаптермен, м?ліметтермен ж?мыс істеу.

Д?рісті? материалды? – техникалы? жары?тандыруы:  Интерактивті та?та,  авток?лік ?оз?алт?ыштарды? б?лшектері, іштен жану ?оз?алт?ыштарды? макеттері. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Авток?лік ?оз?алт?ыштарыны? жалпы ??рылысы.»

Оқытушы: Сыздықов Бақыт Қалиақбарұлы.


Сабақтың тақырыбы: Автокөлік қозғалтқыштарының жалпы құрылысы.


Сабақтың типы: Жаңа білімді оқыту сабағы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: автокөлік қозғалтқыштарының жалпы құрылысы бойынша анық білім беру, ұғым қалыптасу.

Дамытушылық: Оқушыларға жаттығу дағдыларын үдету, әдебиеттермен өзіндік жұмысына қабілеттендіру, логикалық ойларын өркендету, салыстыруға, талдауға кәніктіру.

Тәрбиелік: қалаған кәсібін ұнатуын, дербестік және жауапкершілік тәрбиелеу, жабдықтарға және техникаға ұқыптылық тәрбиелеу.

Оқудің әдісі: Ауызша – көрнекі, әңгімелік, ой тастау, іздену әдісі.

Сабақта балалардың өз бетінше істейтін жұмыс түрлері: Автокөлік қозғалтқыштары туралы плакаттармен, схемалармен, макеттермен, таратылған кітаптермен, мәліметтермен жұмыс істеу.

Дәрістің материалдық – техникалық жарықтандыруы: Интерактивті тақта, автокөлік қозғалтқыштардың бөлшектері, іштен жану қозғалтқыштардың макеттері.

Сабақтың мазмұны мен барысы

1. Ұйымдастыру кезені: Оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдетемін. Балаларды сабақтың мақсатымен, әдісімен таныстыра отырып, оқу сұрақтарын оқушыларға жеткіземін.

2.Негізгі кезені: Алдынғы тақырыптар бойымен студенттердің өнер-білімдерін тексере отыра, келесі сұрақтарды коямын:

-балалар, автомобиль деп біз нені айтамыз?

-кез келген автомобильдің жалпы құрылысы қандай негізгі бөліктерден тұрады?

- автомобильдің кузовы кандай қызмет арқарады?

-қозғалтқыш деп нені айтамыз?

-шасси деген сөзді калай түсінесіңдер?

-шассинің өзі қандай бөліктерден тұрады?

- автомобильдің трансмиссиясы деген не?

- машинаның жүріс бөлігі деп нені айтамыз?

- автомобильдің рульдік басқару жүйесінің атқаратын міндеті?

- машинаның тежегіш жүйесі кандай қызмет арқарады?

Қойылған сұрақтарға студенттерден жауап алып отырып және жауаптардың кейбір егжей-текжей жерлерін түзетіп, анықтап, тағыда түсіндіріп, сөйтіп барып көзделген жаңа тақырыптың мақсатын жариялаймын, автокөлік

қозғалтқыштарының жалпы құрылысын түсіндіруге кірісемін, анықтаймын және нақты ерекшеліктерін белгілеймін.


Ал енді, жаңа тақырыпқа кірісейік.

- Құрметті студенттер, автокөлік қозғалтқыштарының жалпы құрылысын анықтау үшін, біз ең бірінші кез келген козғалтқыштарға анықтама берейік.

Қозғалтқыш дегеніміз – ол кез келген (әр бір) энергияны, механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтамыз. Ал механикалық энергияға дегеніміз – бұл таптаза айналыс, темір біліқтің және басқада біліктердің айналыс моменті. Олай болса, бізді қоршаған ортада энергияның бір неше түрлері бар, сонда, табиғатымыздің қандай энергия түрлерін білесіңдер?

- Дұрыс: ол желдің энергиясы, ағымды судың энергиясы, күннің көзінің энергиясы және электр энергиясыда осында кіреді.

Желдің энергиясын қолдана отырып – біз дирмен жасадық, ағымды судың энергиясын алып – гидроэлектростанциялардың қызығын көрдік, күннің көзінің энергиясын қолдана отырып – кәзіргі заманда «жасыл технология» жолы бойынша, күннің көзінің (солнечный) элементтерді жасаудамыз.

Электр энергиясын қолданып, электр қозғалтқыш көзі бойынша – бір неше түрлі стационарлық (тұрақты) қондырғыларды жасаймыз.

Бірақ, бүгінгі сабағымыздың нақты мақсатымыз – ол автокөлік қозғалтқыштарының жалпы құрылысын анық түсіну.

Автокөлік құралдарда, әлем бойынша – поршеньді, іштен жанатын қозғалтқыштарды пайдаланады. Іштен жанатын қозғалтқыш дегеніміз – ол қозғалтқыштағы цилиндр ішіндегі «жану қоспасының» жанған жылу энергиясын, механикалық энергияға айналдырып беретін агрегат. Ал поршеньді дегеніміз, ол қозғалтқыштың ішінде, ілгері-кейінді күрделі қозғалыс жасап, негізгі жұмыс атқаратын поршень бөлшегі. Бірақ, іштен жанатын қозғалтқыштар, тұтану тәсілі бойынша, екі түрге бөлінеді: олар бензинді және дизельді қозғалтқыштар.

Бензинді қозғалтқышта, бензин мен ауа араласқан жану қоспасы, электр ұшқынымен тұтанады. Ал дизельді қозғалтқышта, жану қоспасы цилиндрдің ішінде пайда болып, сығылған ауа қызыунан және дизельді отын бүркеліп, сосын тұтанады. Сөйтіп, осы айтылған жұмыстарды іске асыру үшін, әлбетте, қозғалтқышта әр түрлі механизмдер мен жүйелер қолданылады.

Олай болса, кез келген поршеньді, іштен жанатын қозғалтқыштарда (ІЖҚ) екі механизм және төрт жүйелер өз функцияларын атқарады.



Екі механизм дегеніміз:

1.Қосиінді-булғақты механизм (ҚБМ).

2.Газ тарату механизм (ГТМ).

Төрт жүйелер дегеніміз:

1.Майлау жүйесі.

2.Салқындату жүйесі.

3.Қоректендіру жүйесі.

4.Іске қосу жүйесі.

Енді, құрметті студенттер осы сабақты, жаңа шығып жатқан әдістермен жалгастырып көрейік.

Әлем бойынша, атақты жазушы, психолог Тони Бьюзен тәсілін қолданып отырсақ, ментальдық карта әдісін жасайық.

Ментальдық карта – ол кісінің ойлау процессін, көрнекі және танымдық, қолайлы турде схема ретінде келтіру. Ментальдық картаны қолдана оытып, біз оқушылардың мыйына келген, сондай ақ өтіп шығатын өткір, мүдделі, орнықты ойларын бекіте қойып, қарапайым түрінде сызба бойынша ресімдейміз.


















Ментальдық карта сызбасы

























Ал енді балалар, ментальдық карта сызбасына қарасақ, біз анық көріп отырмыз, іштен жанатын қозғалтқыштың (ІЖҚ) екі механизмдері: ҚБМ және ГТМ өз міндеттерін сенімді жэне тиімді атқаруына, оларды қамтамасыз етіп тұру үшін, төрт жүйе: майлау жүйесі, салқындату жүйесі, қоректендіру жүйесі, іске қосу жүйесі нақты арналған.

Олай болса, енді сендерге айтқым келіп отырғаным, бәріміз бірігіп, жоғары айтылған әр бір механизмге, жүйеге анықтама беріп және іске асыратын міндеттерін анықтайық.


Қозғалтқыштың механизмдері:

- Қосиінді-булғақты механизм (ҚБМ) – ол поршеньдердің ілгері-кейінді қозғалысын, иінді біліктің айналмалы қозғалысына келтіреді.

(Тап таза механикалық энергия болып шықты, дұрыс па?)

- Газ тарату механизм (ГТМ) – ол қозғалтқыштың цилиндрлеріне жану қоспасын немесе ауаны жіберуіне және цилиндрлердегі пайдаланылған газды шығаруға арналған механизм.


Қозғалтқыштың жүйелері:

-Майлау жүйесі – ол қозғалтқыштың ішіндегі, үйкелесетін бөлшектерге майды қысым арқылы немесе шашыратып жеткізуге, бөлшектерді салқындатуға және майдың өзін желініс, күйеден тазалап, сақтауға арналған жүйе.

-Салқындату жүйесі – ол қозғалтқыштың қалыпты жылу жұмыс режимін қамтамасыз етіп тұруына арналған жүйе.

-Қоректендіру жүйесі – ол ауаны, жану қоспаны немесе отынның белгілі бір мөлшерін инжектор әлде форсунка арқылы тозаңдатылған күйінде, қозғалтқыштың цилиндрлеріне жеткізуін қамтамасыз ететін жүйе.

-Іске қосу жүйесі – ол қозғалтқышты оталдырған кезде, иінді білікті айналдырып жіберуге арналған жүйе.

3. Оқу материалды бекіту: Сонымен, құрметті оқушылар, енді айтаберіңіздер, менің назарым тугел сендерде.

-Қозғалтқыш дегеніміз ол не?

-Бізді қоршаған ортадағы, энергияның қандай түрлерін білесіңдер?

-Осы айтылған энергияларды қалай-қалай қолданамыз?

-Автокөліктерде қандай қозғалтқыштарды қолданамыз?

-Поршеньді, іштен жанатын қозғалтқыш дегеніміз ол не?

-Іштен жанатын қозғалтқыштар, тұтану тәсілі бойынша, неше түрге бөлінеді?

-Бензинді қозғалтқыштардың ерекшеліктері?

-Дизельді қозғалтқыштардың ерекшеліктері?

-Кез келген поршеньді, іштен жанатын қозғалтқыштарда қанша механизм және неше жүйе бар?

-Балалар, бүгінгі тақырыптағы, түсінбеген жерлерің болса, саспай, еркін ретінде, сұрақтарыңды маған қояберіңіздер, жауапсыз қалған сұрақтар қалмау керек, келістік пе?

4. Қорытынды кезеңі: Келесі сабақтарда, бүгінгі карап өткен қозғалтқыштардың ішіндегі әр бір механизмдердін, жүйелердін құрылысын, жұмыс принциптерін, ерекшеліктерін тереңдеу өқыймыз әрине.

-Бүгін сендерге қойылған бағалар келесі: (Алиев-5; Смагулова-4...)

Үйге беретін тапсырма: Ендеше былай болсын, үйлеріңізде осы пәнге даындық жасағанда: А. Алиев «Тракторлар мен автомобильдер құрылысы» Алматы-2005ж. 31-37 бет. және Ж.П. Жүнісбеков «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет» Астана-2007ж. 12-22бет. Айтылған кітәптердің беттері бойынша, келесі сабаққа – автокөлік қозғалтқышының механизмдерін және жүйелерін нақты жаттаб алыңыздар.

























Cолтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогикалық колледжі

Северо – Казахстанский профессионально – педагогический колледж

БЕКІТЕМІН

УТВЕРЖДАЮ

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_______________________

қолы аты жөні

«___»_______20__ ж.




ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТТЕМЕ

МЕТОДИЧЕСКАЯ РАЗРАБОТКА


Мамандық/Специальность: «Жол қозғалысын ұйымдастыру»

Пән/Предмет: «Автокөлік құралдарының құрылысы»

Оқытушы/Преподаватель: Сыздықов Б.Қ.

Оқу жылы/ Учебный год: 2015 – 2016 ж.


ЦӘК отырысында қарастырылды

№ ___ хаттама «___»_______20__ ж

Рассмотрено на заседании ЦМК

Протокол №____ от «___»___20__ г

___________________________

қолы аты-жөні
















Қолданылған әдебиеттер.


Негізгі:


1.Михайловский Е.В. және т.б.«Автомобильдер құрылғысы» М. Машиностроение. 1998ж

2. Юрковский И.М. және т.б.«КамАз автомобилі» М. Транспорт 2000ж.

3. Зауытты нұсқаулары:

- жеңіл автомобильдер ГАЗ, ВАЗ, AUDI, BMW, SKODA…

- жүк автомобильдер ГАЗ, ВАЗ,КамАз, MAN, MERSEDES.

4. Автомобильдер құрылғысы бойынша автомобильдердің оқыту бағдарламасы AUDI, BMW, SKODA, MAN, MERSEDES. 2008ж.

5. Клиенттердің қызмет көрсету - ZF Trading

6. Алиев, Жүнісбеков; «Тракторлармен автомобильдердін құрылысы» Алматы 2005 ж.



Қосымша:

  1. Боровский В.Е. және т.б. Автомобилистің анықтамалық кітабы. Л. Лениздат 1992ж

  2. НИИАТ Қысқаша автомобильдік анықтағыш М. Транспорт 1998ж

  3. Шестопалов К.С. «Жеңіл автомобиль» М., ДОСААФ 1995ж.

  4. Өзін – өзі оқыту бағдарламасы - ZF Trading



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Авток?лік ?оз?алт?ыштарыны? жалпы ??рылысы.

Автор: Сызды?ов Ба?ыт ?алиа?бар?лы

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 280838


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства