kopilkaurokov.ru - сайт для учителей
Файл удален или неудачно загружен. Попробуйте загрузить файл повторно

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ауызекі с?йлеу стилі. Ауызекі с?йлеу стилі туралы т?сінік

Нажмите, чтобы узнать подробности

.

1) о?ушылар?а ауызекі стиль жайлы т?сінік беру, мысалдармен бекіту; 2) о?ушыларды? теориялы? білімдерін практикалы? ж?мыстармен ?штастыру, лексикалы? білімдерін толы?тыру, сауатты жазу?а т?селдіру; 3) ана тіліні? ?те оралымды, бейнелі, бай тіл екендігін т?сіндіру.

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?ты ме?герту

Саба?ты? ?діс-т?сілдері: баяндау, с?ра?-жауап, ??гімелеу, талдау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ауызекі с?йлеу стилі. Ауызекі с?йлеу стилі туралы т?сінік »

Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған

мектептің қазақ тілі, әдебиеті пәндері мұғалімі А. Бекқасымов

Семей қаласы




Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 9 «Б»

Тақырып: Ауызекі сөйлеу стилі. Ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінік

Сабақтың мақсаттары:

1) оқушыларға ауызекі стиль жайлы түсінік беру, мысалдармен бекіту; 2) оқушылардың теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыру, лексикалық білімдерін толықтыру, сауатты жазуға төселдіру; 3) ана тілінің өте оралымды, бейнелі, бай тіл екендігін түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау

Көрнекіліктер: мәтіндер, карточкалар, сызбалар, интербелсенді тақта арқылы көрсетілетін сызба-нұсқалар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қазақ әдеби тілінің (құрамындағы) стильдері

* Сұрақ - жауап:

1. Тіл қалай қалыптасады?

(сөйлеу арқылы қалыптасады және сөйлеу арқылы көрінеді, танылады; сөйлеудің материалдық көрінісі – лебіз)

2. Кісі пікір айтуды – лебізді қалай құрайды№

(тіршілік мақсатына, соған бағынышты коммуникативтік мақсатына сай құрайды)

3. Тілдің коммуникативтік мақсатқа сай құрылған көріністері?

(стиль деп сараланады)

4. Қазақ тіліндегі стильдер?

(көп стильден құралады; әр стильдің лексикалық құрамында, морфологиялық, синтаксистік құрылымында өз ерекшеліктері болады; әр стильде норма ұстанымы ретінде көрінетін ерекшеліктері бар; тілді меңгеру, сауатты, жетік жұмсау лебізді стильдік бағытқа сай құрып сөйлеуге байланысты)

5. Тілдесу үстінде қойылатын талаптар?

(коммуникативтік талаптар деп аталады)

6. Қазақ тіліндегі стильдер?

( ауызекі сөйлеу; көркем әдебиет; ресми іс қағаздар; публицистикалық; ғылыми стильдер)


* Көркем шығармалармен жұмыс


ІІІ. Жаңа сабақ

Ауызекі сөйлеу стилі. Ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінік

Түсіндіру. Мағлұмат беру.

Стильдің бір тармағы. Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым-қатынаста болады. Сол арқылы тіршілік жасайды, білім, тәжірибе жинайды, жетіледі. Ал қарым-қатынас тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады. Ол ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.

1. Ауызекі сөйлеу қалай іске асады?

---Бетпе-бет кездескенде.

2. Ауызекі сөйлеу неге қызмет етеді?

---Пікірлесуге, ой бөлісу әрекеттеріне.

3. Сөз қалай құрылады?

---Ықшам құрылады.

---Эмоциялы болып келеді.

---Арнайы мәнермен айтылады.

4. Ауызекі тілге ерекшелік беретін лексикалық тұлғалар. Олар?

---Жергілікті сөздер (кәсіби, диалект).

---Қарапайым сөздер (күнделікті).

---Көркем сөздер (теңеу, алмастыру,т.б.)

5. Сөйлемдер қалай құрылады?

---Сұраулы сөйлемдер көп болады.

---Толымсыз болып келеді.

--- «Келмегенде ше!», «Көргенде қандай!» сияқты үлгіде құрылуы қайталанады.

--- Қысқарып құрылған (ап-алып, барғам-барғанмын) сөздер көп кездеседі.



ІV. Жаттығулар


14-жаттығу. Мәтінді оқу, диалог стилін анықтау.

Толымсыз сөйлемдерді табу, толымсыз болу себебін түсіндіру.

* Ауызекі стиль.

! Жетелеу сұрақтары: 1. «Тұңғышбаевскиймін де» деген сөз не үшін қолданылған деп ойлайсың?

/сөз иесінің лебізіне қуақылық сарын беру/ ; ары қарайғылар да...



15-жаттығу.

әйдәй - одағай, эмоцияны білдіріп тұр

қызды-қызды болып жатыр екен - ауызекі сөйлеуге бейім құрылған баяндауыш

тілім байланды - ауызекі сөйлеуге тән қолданыс әрі эмоцияны білдіріп тұр

Тани кеттім.

- Әбдірахман ғой, - дедім.

- Әбдірахманың кім?

***

- Иә, әлгі учитель баласы ма?

- Иә.

Бұлар - толымсыз, әр тарап сөздер.


16-жаттығу.

1. Стилін талдау.

2. Қарамен берілген сөйлемдерден а/і с. с/не тән белгіні табу

3. Күлзипа бейнесін өз сөздерімен жазу.


V. Бекіту

Тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қою.


. Үйге тапсырма беру

§3, §4 ; 17 - жаттығу

Қосымша /өздік ізденіс/ тапсырма: Көркем шығармалардан /М.Әуезов. «Абай жолы» р-э. ауызекі стиль түріне мысалдар теріп жазу: карточка /


VІІ. Білімді бағалау
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ауызекі с?йлеу стилі. Ауызекі с?йлеу стилі туралы т?сінік

Автор: Беккасымов Ас?ар ?онысбекович

Дата: 05.05.2015

Номер свидетельства: 208592


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства