Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Үстеудің мағыналық топтары"»
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағыналары
ІІ Сабақтың мақсаты:
Білімділікмақсаты: Қазақ тілінде сөз және оның мағыналары, түрлері, сөз мағынасы түрлеріне: тура мағына, ауыс мағына, көп мағына, фразеологиялық мағына, омоним, антоним, омоним тақырыптарының лингвистикалық негізін таныту. Сөз мағыналары арқылы әр түрлі атаулар жасалатындығы аңғарылуы тиіс. Сөз және оның мағыналары тақырыбы емле заңдылығымен, лексикология салаларымен бірлікте түсіндірілуі тиіс.
Дамытушылықмақсаты: Тақырыпты бекіту мақсатында электронды оқулық көмегі және шығармашылық тапсырмалар орындата отырып және дидактикалық материалдан сөз мағыналарының ерекшелігін танытатын жұмыстар беру арқылы берік дағды беру. Ауызша және жазбаша тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, оқушыларды ізденіске, өз ойларын айта білуге үйрету;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу. Сөз мағыналарының түрлерін жазу, сөйлеу мәдениетінде емлелік ережесіне, заңдылықтарына сүйене отырып дұрыс қолдана білуге машықтандыру. Табиғатты бағалай білуге, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, іздену, талдау, жинақтау, ойлаудың анализ, синтез, жинақтау, қорыту, салыстыру тәсілдері мен ойша қорытудың (индукция, дедукция) түрлері, проблемалы-визуалды әдіс, түртіп алу әдісі, еркін жазу стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, суреттер, дидактикалық тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, этнопедагогика
Сабақтың өтілу формасы: жекелей, топтық, жұптық
Қолданылған технология: Л.В.Зенковтың «Дамыта оқыту технологиясы»
ІІІ Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Аудиторияның тазалығына көңіл бөлу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау
Білім, ол шамшырағы жұрттың күнде,
Жанып ап, жаңылдырмас жеті түнде.
Ж.Баласағұн
Сабақ 3 құрылымдық бөліктен тұрады:
І Теориялық білімдерін қайталау;
ІІ Электронды оқулық бойынша шығармашылық тапсырмалар;
ІІІ Практикалық жұмыстар;
Шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар.
І Теориялық білімдерін қайталау
Лексикология саласы, сөз мағынасы жайлы білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеру. Интерактив тақта актив студио көмегімен өтілген материалды кесте арқылы беріп, әр топтан материалдың теориялық негізі сұралады, мысалдар арқылы дәлелденеді.
Мақсаты: Мұғалімнің жетекші сұрағының негізінде әр тақырыптың өзіндік белгілерін және оның анықтамасын оқушыларға айтқызу, сол арқылы олардың ойлау қабілетін арттырып, өздігінен жұмыс істеуге үйрету. Құзіреттілік сапасын қалыптастыру: Оқу-танымдық құзыреттілік — оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
Оқушылардың теориялық білімдерін әр түрлі әдіс-тәсілдермен қайталау арқылы тақырыпаралық байланыстың сақталуын ескеру. Сөз және оның мағыналарына қатысты тақырыптардың лингвистикалық негізін ашу, сөйлеу мәдениетінде қолдану арқылы оқушылардың тіл мәдениетінің жоғары болуын мақсат ету.
ІІ Электронды оқулық бойынша шығармашылық тапсырмалар
Мақсаты: Сабақтың құрылымдық бөлімдерінің мақсаты оқушы
бойында 12 жылдық білім берудеөзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, тұлғаны дамыту және қалыптастыруды көздейтін құзыреттілік сапаларын қалыптастыру:
1.Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік — оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2.Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көш түрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
3.Оқу-танымдық құзыреттілік — оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
4.Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекетпен қарым-қатынас тәсілдерін білуді түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
5.Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты, ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегі-мен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
6.Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді: Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
7.Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық катынастар саласындағы белсенді азаматтық-коғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
ІІІ Практикалық жұмыстар
Деңгейлік тапсырмалар негізделген жаттығулар:
Бірінші деңгей – танымдық
1 – тапсырма
Мақсаты: Төменде берілген сөйлемдердің ішінен тұрақты сөз тіркестерінің астын сызып, мағынасын ашыңыз..
Сағыныш бар дүниеде жұбаныш бар, көңілді көтеретін қуаныш бар. Бала кірпкі қақпай, көрер таңды көзбен атқызды. Қазіргі көрініс айна қатесіз дәл соған ұқсайды. Бейтаныс адам Мақанның айтқанынан айылын да жимады.
2 – тапсырма
Мақсаты: Төмендегі тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ажыратыңыз
Санын соғып қалу
Көзді ашып жұмғанша
Мұртын балта шаппау
Көз бояу
Жүрек жұтқан
Жұмған аузын ашпады
Бармағын тістеді
Кірпік қаққанша
Іші пысты
Он саусағынан өнер тамған
Тас бауыр
Инемен құдық қазғандай
Сөйлем ішінде қолданып, мағынасын айқындаңдар.
Екінші деңгей - проблемалық
1 – тапсырма
Мақсаты: Берілген тұрақты сөз тіркестерін аяқтаңдар.
Түн ұйқысын ..., айы оңынан ..., ай десе аузы бар, ..., ішкені алдында, ..., сен тимесең..., екі көзі төрт ..., қой аузынан ..., ит ..., он саусағынан ..., үш ұйықтаса ....
Қолданатын сөздер: Күн десе көзі бар, мен тимен, төрт бөлу, ішпегені артында, болу, ойына кірмеген, өнер тамған, алмас, туды, өлген жер.
2 – тапсырма
Мақсаты: Төмендегі тұрақты сөз тіркестерді қолданып алты-жеті сөйлем құрастырыңдар.
Мақсаты: Төменде берілген сөздердің тұрақты сөз тіркесі түрінде синонимдік баламаларын тауып жазыңдар.
Үлгі: тез – көзді ашып-жұмғанша; кірпік қаққанша.
Алыс, қорқақ, батыр, жуас, жақын, үндемеу.
2 – тапсырма
Мақсаты: Тұрақты сөз тіркестері қолданылған мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар.
Үлгі: Оқу – инемен құдық қазғандай.
Төртінші деңгей – шығармашылық
1 – тапсырма
Мақсаты: Сөз және оның мағыналарына байланысты «Туған жердің қысы да ыстық жаздайын...» тақырыбында шығарма жазу.
Тақтада қыс мезгіліне қатысты суреттер беріледі және оқушылардың шығармашылық ойлауына көмек ретінде әуен ойналып тұрады.
Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау, пікір білдіру студенттердің өзіне жүктеледі. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушы бойында қалыптасуы тиіс жеті құзыреттілік сапаларына талдау жасау;
Теориялық білімді меңгерту жаттығуларына анализ жасау.
Үй тапсырмасы: Тұрақты сөз тіркестері бар мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу.