Ұзақ мерзімді жоспардың 8 тарауы: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне Тарихи тұлғалар. Лексика |
Күні: 13.02.2020ж. | Сынып 10 «А, Б» |
Сабақ № 106/10 |
Сабақтың тақырыбы: | Қазақ журналистикасы және ондағы қыздар үлесі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру; 10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау; 10.5.1.7 шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін үзінділері бойынша болжам жасай алады, тақырыпты жалғастыра алады. Сұрақтар құрастыра біледі. Мәтіннен демеулік шылауды таба алады. Шылауларды қатыстыра отырып сөйлемдер құрай біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды ажыратады. Кейбір оқушылар орындай алады: Шылауларды түрлендіріп жаза біледі. |
Бағалау критерийі | Мәтінді оқиды; Мәтіннен қазіргі журналист қыздарға тән қасиеттерді жазады; Мәтіннен демеулік шылауларды табады; Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыра алады; Берілген сөйлемдерге демеулік шылауларды қатыстырып, түрлендіріп жазады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Оқушылар тілдік дағдылардың оқылым-айтылым, жазылым комбинациясын қолдануда жұптасып, топтасып, жеке жұмыс атқарады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Рухы мықты, ашып айту, қасиет Диалог құру, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Ойындағысын ашып айту, журналистикаға керекті қасиеттер, қыздарымыздың бойынан Талқылауға арналған сұрақтар: Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағықандай ерекше әйел бейнелерін атай аласыздар?Олар қандай істерімен сіздерді қызықтырады? |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылығына сай тарихымыз бен мәдениетіміздің біртұтастығының маңыздылығына құрметпен қарау, бір-бірін бағалау арқылы сыни ойлау қабілеттерінің қалыптасып дамуына, ынтымақтастықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | әдебиет, тарих, өнер |
Алдыңғы оқу: | «Ой қозғау» стратегиясы арқылы осы тақырып аясында білгендерін жинақтайды. |
Жоспар |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы: 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасамын, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырамын: «Шаттық шеңбері» тренингі Психологиялық ахуал тудырудың мақсаты-оқушыларды жағымды қарым-қатынас құруға ынталандыру.Тренинг соңында балалардың жұмыс істеуге қабілеттері байқалады. «Топ басшылары өздеріне адамдарды таңдап алады» Оқушылар топ басшыларының таңдауына қарай топтастырылады. Сабаққа қызығушылықтарын ояту «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы «Мен саған, сен маған» тақырыбында ширату сұрақтарын қою арқылы оқушылардан жауап аламын. Сабақтың барысында оқушыларға өзін-өзі бағалау парақшалары таратамын, толтырылу шартын түсіндіремін, сабақ соңынан жинап алатындығымды ескертемін. | «Шеңбер» суреті,тренинг шарты Әр оқушының бір ұсақ заты,топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар 1-топ «Теледидар» 2-топ«Радио» 3-топ «Газет» «Бағалау парақшалары» |
Сабақтың ортасы: 20 минут | 1-тапсырма Топтық жұмыс «Үштік» (Ойлан, жұптас, бөліс) әдісі Бұл әдісті пайдалануда оқушылардың зейіндері шоғырланып, есте сақтау қабілеті (мұқият тыңдалым) сақталады,қызығушылықтары артады. Өз ойын ашық айтады. Оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары қалыптасады. «Аида Боранбай - тележүргізуші», «Бибігүл Жексенбай – журналист», «Сағат Батырханова – қайсар қыз». Дескриптор Білім алушылар: - Мәтінді оқиды; Мәтіннен қазіргі журналист қыздарға тән қасиеттерді жазады; Мәтіннен демеулік шылауларды табады; Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыра алады; Берілген сөйлемдерге демеулік шылауларды қатыстырып, түрлендіріп жазады. Дескриптор нәтижесінде «балл қою» тәсілі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сергіту сәті. Суреттерді ым – ишара арқылы табады. 2 -тапсырма. Шығармашылық жұмыс Топтарға тапсырма беріледі. 1 топ. «Тілші мен сұқбат беруші» көрініс 2 топ. «Менің сүйікті тілшім» эссе жазу 3 топ. Берілген сұраққа ой бөлісу. 1 топқа арналған дескриптор Білім алушы: - Диалог құрастырады; - Сингармонизмді сақтай отырып, әңгімелеседі. 2 топқа арналған дескриптор Білім алушы: - «Менің сүйікті тілшім» тақырыбында эссе жазады; - Шылауларды қатыстыра отырып жазады. 3 топқа арналған дескриптор Білім алушы: - Берілген сұраққа ой бөліседі; - Сұраққа нақты жауап береді. Дескриптор нәтижесінде «Балл» қою арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. | Топ балл қояды «Қазақ журналистикасы және ондағы қыздар үлесі» тақырыбындағы ресурстар, стикерлер, Суреттер Микрофон, қағаз |
Сабақтың соңы: 15 минут | 3 тапсырма. «Жақсылық тамшылары» әдісі арқылы қазақ журналист қыздарының бұқаралық ақпарат саласына қосқан үлестерін тамшы қағазына түсіріп, жеке-жеке оқи отырып іледі. Дескриптор Білім алушы: - мәтіннен журналист қыздардың қосқан үлестерін табады; - Тамшыға жазған сөздерін оқиды, оны іледі. Дескриптор нәтижесінде қалыптастырушы бағалау «Мадақтау» арқылы жүргізіледі. Рефлексия Рефлексия әр оқушыны бақылауға мүмкіндік береді. Сабақтан алған білімін оқушы өз ойларын айтады. 7- тапсырма, 139-бет. Мақала жазып келу. | «Көл», «тамшы» суреттері |
Саралау –қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақтау |
Барынша қолдау көрсету: «Үштік» (Ойлан, жұптас, бөліс) әдісі, «Шығармашылық жұмыс», «Жақсылық тамшылары» әдісі мұғалім жетекшілігін көбірек қажет ететін оқушыларға қолданамын. Орташа қолдау: Тапсырмаға қатысты бірнеше сұрақтар беріп отырамын. Сұрақтарға нақты жауап береді. Мәтіндегі негізгі ойды табады.Бір-бірімен ынтымақтаса отырып, пікір алмасады. Өз ойларын ортаға салады. Қолдау көрсету аз: Күрделі мәселелерді өз бетінше шешеді, нақты мысалдар келтіре отырып, ойларын қорытындылайды. | Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады. | Сабақ үрдісінде балалардың денсаулығы мен техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға мән беріледі. |
| | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдеріндеуақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына сәйкестендіріліп алынды, пәннің ерекшелігіне бағдарланған.Барлық оқушылардың қажеттіліктері ескерілді, қолжетімділігі басым, сабақ мақсаты айқын әрі шынайы.Саралау тапсырмаларын алуда оқу материалы мен ресурстарды пайдалану оқушылардың жеке қабілеттерін ескерілді. |