kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?. Та?ырыбы «?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок по теме "Традиции и обычаи казахского народа"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Та?ырыбы «?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері»»

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп мектепке

дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі









АШЫҚ САБАҚ





Тақырыбы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

8-сынып



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Азимбаева Алтын Тулиновна



















Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының салт-дәстүрлері



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Қазақ халқының салт-дәсүрлерін, әдет-ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру, балалардың күнделікті танымдық қорын байыту.

2. Дамытушылық:Оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуін, ақыл-ойын, тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Көрнекілік құралдар. Интерактивті тақта, флипчарттар.

Сабақтың әдісі.Сұрақ жауап, интерактивті әдіс, жұптық-топтық әдісі, ішіне-сыртына стратегиясы, оқыта үйрету ойындары,дұрыс тәртіппен орналастыру ойыны, сиқырлы сандық әдісі.(модульдік технологиясынан)

Пәнаралық байланыс: Этнография.



І.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу рәсімі.

-Сәлеметсіздер, балалар.

Бүгін біздің сабағымызда құрметті қонақтар- қалалық мектеп мұғалімдері. «Хош келдіңіздер»- дейміз.Сабағымызға сәттілік тілеймін.

ІІ.Қызығушылығын ояту.

-Ал, балалар тақтаға қараймыз.(флипчарт көрінісі)

1 флипчарт-Мына суретте не көрсетілген?

-Қазақ халқы жақсы хабарды қалай білдіреді?Не сұрайды?

(сүйінші).(шымылдық ашылады)

2 флипчарт-Ал мына суретте не болып жатыр?(үйлену тойы); Үлкен тойларда, мерекелерде әжелер не шашады?(шашу)

Балалар, басқа елдерде де осындай тойларда шашу шашады.Мысалы:түрік халықтары кәмпиттің орнына ақша, күмістер шашады;Америка елдерінде қыздың көйлегіне ақша тігеді.

-Жақсы.(шымылдық ашылады)

3 флипчарт.Мына үшінші суретте не бар?(баланы алғашқы рет атқа мінгізеді, отырғызады).Бұл «Атқа мінгізу», «Тоқым қағар».(шымылдық ашылады)

-Осы көріністерді неге жатқызуға болады?Олар нелер?

-Дәстүрлер.

Мұғалім:Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай ойлайсыңдар,қандай?

Оқушылар:Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

4 флипчарт .(тақтаға сабақтың тақырыбы шығады).

Мұғалім:Сабақтың мақсаты:

1)Қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйрене құрметтейміз.

Күнделікті танымдық қорларымызды байытамыз.

2)Қазақ тілінде сөйлеуін, ақыл-ойды, тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерімізді дамытамыз.

3)Қазақ тіліне деген қызығушылығымызды арттырамыз.



Сабақтың эпиграфы: «Дәстүрін сүймеген, халқын да сүймейді».

Әр халықтың өзіндік ерекшелігі, дәстүрі,діні,тілі болатыны белгілі.Сондықтан өзіміздің салт-дәстүрлерімізді жақсы біліп, үйренуіміз керек.

ІІІ.Мағынасын ажырату кезені

-Қазір 3 топқа бөлініп, мәтінмен жұмыс істейміз.Алдарыңыздағы мәтінді мәнеолеп оқимыз.(Бір оқушы мәнерлеп дауыстап оқиды)

-Менің қолымда «сиқырлы сандық»

Оның ішінде не бар екен?

Оқушылар сондықтан тапсырмалар алады.(Тақтада мәтін шығады)



Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып аудар.(абзацпен)

2.Диалог құрастыру.(7 сұрақтар)

3.Асты сызылған сөздерге синонимдер жаз. Сол сөздермен 3 сөйлем құрастыру.

4.Бір сөйлемге талдау жаз.

Тұрлаулы сөйлем мүшелерін сызу.Құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.



ІV. «Дұрыс тәртіппен орналастыру» ойыны

5 флипчарт.Кестемен жұмыс .(тақтаға оқушылар шығып, сөздерді қозғап, орын-орындарына қояды.).(интерактивті тақтамен жұмыс)

а) шілдехана; ә) бесікке салу; б)қырқынан шығару; в) тұсау кесу; г) сүндет той; ғ)тілашар.(оқушылар қысқаша әр дәстүр туралы айтып шығады).

V.Ой толғаныс сатысы.(рефлексия)

*Дәптерлеріне жазады

6. флипчарт. «Ішіне –сыртына».Тақырыпқа қатысты сөздер- қатысты емес сөздермен кесте толтырылады.(тақтаға шығып жазады.)

.Бағалау парақтарын толтыру:

1.Мәтінмен жұмыс

2. «Дұрыс тәртіппен орналастыру» ойыны

3. «Ішіне –сыртына» кестені толтыру

4.Жалпы бағасы.



VІІ.Үйге тапсырма:Оқулықта 63бет.

Деңгейлік тапсырмалар

3 деңгей-1 ұпай төмен

2 деңгей –сол баға

1 деңгей -1 ұпай қосылады



Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.Рахмет!





































Шілдехана.Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.Дастархан жайылып,жастар домбыра тартып, ән салып ұлттық ойындар ойнайды.

Бесікке салу.Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды.Бесік –қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын үясы болып есептеледі.

Қырқынан шығару.Нәрестенің туған күніне 40 күн толған соң,ыдысқа 41 қасық су құйып соған сәбиді шомылдырады.Сәбидің қарын шашын,тырнағын алады.

Тұсау кесу.Сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап байлап, тұсауын кестіріп тез-тез жүгіртеді.

Жас санау.Ұл бала 10 жастан бастап қозы баққан, сондықтан осы жасты үлкендер «Қозы жас» деп атаған.Бала 13 жаста қой баққан, сондықтан13-20 жастың арасын үлкендер «Қой жасы» деп есептеген.40 жасты халық «Патша жасы» деп есептеген, себебі бұл жастағы адамдардың кейбірі атқа мініп, ел басқарған.

Сөздік

Сыншы- критик

Кезен- этап

Шілдехана- вечеринка по поводу рождения ребенка

Той – думан-праздник

Сәби-ребенок

Қырқынан шығару- отмечать 40 дней со дня рождения

Бесікке салу-укладывать в колыбель

Мүлік –вещь, имущество,

Тұсау кесу- разрезать путь

Қаз тұру- стоять на ногах

Ала жіп- пестрая нить

Есіп- вить

Тұсау- спутать



Ұл бала 10 жастан бастап қозы баққан, сондықтан осы жасты үлкендер «Қозы жасы» деп атаған.



Бала 13 жаста қой баққан, сондықтан 13-20 жастың арасын үлкендер «Қой жасы» деп есептеген.



40 жасты халық «Патша жасы» деп есептеген, себебі бұл жастағы адамдардың кейбірі атқа мініп, ел басқарған.



«Қазақ халқының салт- дәстүрлері» мәтінді аудару.



«Қазақ халқының салт- дәстүрлері» мәтіндегі асты сызылған сөздерге синонимдер жаз.Сол сөйлемдермен 3 сөйлем құрастыру.



«Жас санау» дәстүрі туралы сөйлемдерді талдау, тұрлаулы сөйлем мүшелерінің астын сызу, салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату.















Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Ежелгі заманнан қазақ халқы-салт-дустүрге бай халықтардың бірі.Қазақ халқы отбасындағы бала тәрбиесіне ерекше мән берген. «Әке балаға сыншы», «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген мақалдардың тәрбиелік мәні өте зор.Сондықтан бала өсірудің әр кезенімен байланысты салт-дәстүрлер де қалыптасқан.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ашы? саба?. Та?ырыбы «?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері»

Автор: Азимбаева Алтын Тулиновна

Дата: 31.05.2016

Номер свидетельства: 331558


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства