Оқушыларды көрсеқызарлық, мақтаншақтық сияқты жағымсызәдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Әркәм әлі келмейтін істерге ұрынбай, шамасына қарай жұмыс істеу керектігін ұғындыру.
Оқушының өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, тұжырым жасаудағы машығын дамыту. Ой өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін арттыру. Топтық жұмыс, қарым-қатынас.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, бағытталған оқу, 5 жолды өлең, соңғы сөзді мен айтамын, эссе жазу.
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау. Интерактивті оқыту.
Оқыту формасы: жеке жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: А.Байтұрсынов портреті, бақа мен егіз суреттері, слайдтар, түрлі – түсті маркерлер, АЗ форматты қағаздар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Класс 5 топқа бөлінеді.
Ассосация
Инсерт
2 кейіпкерді байланыстырып әңгіме жаса
І. Қызығушылықтыояту.
Суреттегі бақа мен өгізге қарап ауызша ертегі құруға тапсырма беріледі. Әр топтан бір оқушыдан құрған ертегілерін айтып береді.
ІІ.Мағынаны тану сатысы.
Оқушыларға оқулықтан «Өгіз бен бақа»мәтінін бөліктерге бөліп оқыту. Әр үзінді бойынша және әр бөлікті оқығанға дейін сұрақтар қою арқылы мазмұнын түсінуге жетелеу.
Әр топқа тапсырма беріледі.
1-топ. Өлеңді ирөлге оқиды.
2-топ. Бөлімдерге бөліп ат қою.
3-топ. Мақал-мәтел, нақыл сөздерді тауып мәнін түсіндіру.
4-топ. Кейіпкерлерге мінездеме беру.
5-топ. Мазмұны бойынша сурет салу.
Топта әуелі жеке, кейін жұп, топ болып талқылап тапсырмаларды дәптерге орындайды. Әр топтан бір оқушы жұмыстарын қорғайды.
А.Байтұрсынов өмірі, шығармашылығы.
Крыловтан аударған мысалдары.
Мысал өлеңдердің ерекшелігі.
Крылов
А.Байтұрсынов
III. Ой толғаныс сатысы.
Бес жолды өлең
Зат есім Өгіз Бақа
Сын есім Ыстық, үкен Кішкентай, күншіл
Етістік Келді, су ішті, Шөлдеген соң Секірді, су ішті,еліктеді.
Сөйлем Сарша тамыз ыссы кезі. Мен сонау өгіздей боламын.
Синоним Бұқа Құрбақа
«Жағымсыз мінездер» тақырыбына эссе жазу.
«Соңғы сөзді мен айтамын» Сабақтан алған әсерлері туралы ойларын айту, түйін жасау. (кері байланыс)