kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? та?ырыбы: Абай ??нанбаев "?ылым таппай ма?танба"

Нажмите, чтобы узнать подробности

мммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы: Абай ??нанбаев "?ылым таппай ма?танба" »

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты:а) білімділік :Абай Құнанбаевтің «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдай отырып оқушыларға жаман мен жақсы қасиеттерді ажырата білу;
ә)Дамытушылық : Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға ,ой түюге баулу , шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы танымтүсініктерін дамыту ,сөз мәдениетін дамыту , тіл байлығына үлес қосуға жол ашу,пәнге қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік .Ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу,өзін-өзі ұстай білуге,адамгершілкке , жауапкершілікке тәрбиелеп , азаматтық бейнесін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілріде: талдау , салыстыру, ой шақыру, венн диаграммасы ,тест.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, ақынның портреті, ақын туралы ұлылыр ой пікірлері , көрме.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.Сабақтың ұраны:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла .
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
 Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушылармен амандасып,сыныпты түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Тест сұрақтары.
1. Шоқанның шын аты кім?
а) Ибраһим ә) Мұхаммедханафия б) Садуақас
2. Шоқан қай жылы дүниеге келді?
а) 1835 ә) 1845 б) 1865
3. Шоқанның туған жері.
а) Қостанай облысы, Қызылту ауданы
ә) Алматы облысы, Ақсу ауданы
б) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті
4. «Жалпы жолдастарының, соның ішінде маған, ол «Еуропаға ашқан терезе іспеттес», - деп кім айтты?
а) Г. И. Потанин
ә) В. В. Григорьев
б) Н. И: Ильминский
6. Шоқанның әжесінің аты.
а) Ұлжан
ә) Зейнеп
б) Айғаным
9. Шоқанның кадет корпусын бітірген жылы.
А) 1852 ә) 1853 б) 1854
10. Семейде Шоқанмен оның орыс досы... ескерткіш орнатылған.
а) И. И. Березинге
ә) Ф. Достоевскийге
б) М. Хоментовскийге
12. Шоқан қай жырды қағазға түсірді?
а) «Алпамыс»
ә) «Қобыланды»
б) «Манас»
13. Шоқан қай жылы Орыс География мүшелігіне сайланды?
а) 1861 ә) 1858 б) 1857


ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

III. Сөз жұмбақ шешейік!
Ғарыш Тарақ Мақта
Ыдыс ана ағаш
Лақ парта қайық
Ырыс піл тақта
Мысық алма артық
Йод нан
Бала
Ат
Мақсат қою кезеңі: «Ғылым таппай мақтанба»
- Осы тақырып бойынша нені меңгеруге тиіспіз?
1. Автор туралы дерек білу.
2. Өлең мазмұнын түсіну
3. Жақсы және жаман қасиеттерді тану.
5. Мағынаны тану:
1. Топтық тапсырма:
А) Абай Құнанбаев туралы мәлімет
сызбада көрсету, қорғау, толықтыру
Ә) Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;
Б) Өлең мазмұнына талдау жасау:
Жаңа сабақ. 1. Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан шағын деректі фильм көрсету. Абай өлеңдерінің ішінде афоризмдік сөздер көп кездесіп жатады. Бұл өлеңде ақын жастарды өнер-білімге, адамгершілік қасиеттерден мол үлгі алуға шақырады. Адам мінезіне жақсы қасиеттер үйірлетеді. Кез келген нәрсеге құмарта бермей, өмірде өз жолын табуға сілтей отырып, кімнің бойында әділеттік, мейірімділік, қайраттылық болса, мұндай қасиеттер оған жарасып тұрады деген ой айтады. Ол жастарға арнап көптеген өлеңдер жазған. Әр өлеңі нақылға, қанатты сөздерге бай. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның ерекше ескертуі бар. Ол – қандай нәрседен қашық болу, қандай нәрсемен дос болу. Ғылым жолы – әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. Олай болса, ақын өлеңін мәнерлеп оқып, жалпы талдау жасайық. Кітаппен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқимыз. Мазмұнына талдау жасап, тақырыбын, көздеген идеясын ашамыз.

Сөздікпен жұмыс: «нәфрәтлі» - жиренішті, жиіркенішті

                                    «ғибрәтлі» - үлгілі

Ғылым – оқу, білім

Ғалым – оқымысты адам.

2. Топтық жұмыс:
1 - топ: ------------- 2 - топ:
Бес асыл іс ------------ Бес дұшпан
Талап ---------------- Өсек
Еңбек ----------------- өтірік
Терең ой --------------- мақтаншақ
Қанағат -------------- еріншек
Рақым ----------------- Бекер мал шашпақ
         Қасиеттері:                                              

Еңбекқор 

Әдепсіз 

Мейірімді

Ақылсыз

Надан 

Дарынды 

Залым 

Өз Отанын сүйетін патриот

Еріншек 

Сауатты 

Білімді 

VІІ. Әдеби теоралық ұғымдар .(қазақ тілімен байланысты).

Жақсылық – жамандық (Антоним )
Құмарлану – шаттану(синоним)
Сөну – жану (онтоним)

«Жалғастыр» ойыны.

Білім азбайды,                                              ақыл тозбайды.

Білімдіден шыққан сөз,                               талаптыға болсын кез.

Білгенің бір тоғыз,                                       білмегенің тоқсан тоғыз.

Білекті бірді жығады,                                  білімді мыңды жығады.

Кісінің кісілігі киімінде емес,                   білімінде.

Білмеген қауып айтады,                              білген тауып айтады.

Шығармашылық жұмыс.  1. Екі топ берілген тақырыпты түсінгеніне орай сурет салып, бейнелейді. «Ғылым-білім дегенді қалай түсінесің?»

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмей, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі – тұл.

Ә) Дыбыстық талдау жаса:
Жұппен жұмыс:
Ғылым Еңбек Өнер Талап
VI. Біз не үйрендік?
Абай

Ұлы ақын
Семей өңірінде туған
1845 - 1904ж
Ғылым таппай мақтанба
Ойшыл

Қорытындылау.  Ойтолғау (монолог түрінде). Абай өлеңдері бізді неге үйретеді? Не үйрендік? Біздің өмірімізге қажеті бар ма?

Білімді бағалау:  Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.











5 орта мектеп








Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»


























Өткізген : Уразаева Ф.К.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сыныбы:6 а








2014 – 2015 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба? та?ырыбы: Абай ??нанбаев "?ылым таппай ма?танба"

Автор: Уразаева Фатима Кенесовна

Дата: 01.02.2015

Номер свидетельства: 165491


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства