Сқақова Күланда –бастауыш сынып мұғалімі Ана тілі 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: “Оқулық” Несіпбек Айтов
Сабақтың мақсаты: Оқулықтың пайдасы,кітаптың қайдан, қалай келетінін түсіндіру.Оқушылардың алған білімдерін тереңдету. Өлеңді түсініп оқу, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын нығайту.Сөздік қорларын байыту, тілдерін дамыту.Ұқыпты болуға, кітапты күтіп ұстауға баулу, адам еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың оқулықтың пайдасы,кітаптың қайдан, қалай келетіні туралы түсініктері қалыптасады.Өлеңді түсініп оқу, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын нығайып,сөздік қорлары дамиды.Ұқыпты болуға, кітапты күтіп ұстауға , адам еңбегін бағалай білуге үйренеді.
Қолданылатын материалдар: Суретті слайд, топтық тапсырмалар, стикер, кесте.
Оқыту формасы,технологиясы,әдістері: ОүБ,СТО, топпен жұмыс, сұрақ-жауап
Ертеде сөйлеу пайда болғанға дейін адамдар бір-бірін дыбыстап, белгі беру арқылы түсінген. Одан кейін ойларын тасқа таңбалап қалдыруды ойлап тапқан.
2.Папирус
Ежелгі Египетте ІХ-Х ғасырларда алғаш рет папирус жапырақтарына жазуды үйренген. Папирус – биік (4-5 метрге дейін) өсетін өсімдік.
3.Пергамент
Ал Пергамент алғаш рет Греция елінде пайда болған. Кіші Азияның Пергам қаласының атынмен байланысты аталған. ХV ғасырдың аяғына дейін қолданылған. Пергамент малдың терісінен жасалған. Ол бүктеуге ыңғайлы болған. Кейіннен жеке парақтап қиып, кітап жасаған.
ІҮ.Топтық жұмыс
І-топ.Ассосация “ Кітап”
ІІ-топ. Кітап туралы мақал-мәтелдер жаз
ІІІ-топ Кестемен жұмыс
Ү. Қорытынды Кестемен жұмыс. Қағаз жасау ретін сәйкестеп қос.
ҮІ.Бағалау
Стикермен жұмыс .Оқушылар топтарда мынадай сұрақтарға жауап бере алады: