Арнайы т?зету 8 «Б» сыныбында ?ткізілген ашы? саба? «?аза?станны? ?алалары»
Арнайы т?зету 8 «Б» сыныбында ?ткізілген ашы? саба? «?аза?станны? ?алалары»
Петропавл ?аласы №2 ОМ КММ
М?хамет?алиева Анар ?айрат?ызы – ?аза? тілі мен ?дебиеті м??алімі
Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?станны? ?алалары
Саба?ты? ма?саты:білімділік:?аза?станны? ?алаларымен таныстыру, негізгі ?алалары бойынша м?лімет беру, тірек сызбаларды, с?йлемдерді ??растыра білу; дамытушылы?: о?ушыларды? ойлау, еске са?тау ?абілеттерін дамыту; т?рбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген с?йіспеншіліктерін арттыру;
Мұхаметғалиева Анар Қайратқызы – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары
Сабақтың мақсаты:білімділік:Қазақстанның қалаларымен таныстыру, негізгі қалалары бойынша мәлімет беру, тірек сызбаларды, сөйлемдерді құрастыра білу; дамытушылық: оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбаттасу
-Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақтаға назарларыңызды аударыңыздар! Тақтада не көріп тұрсындар?
(Экранда слайд «Қазақстанның картасы»)
- Мұғалімнің сөзі:Дұрыс. Балалар, бүгінгі сабағымызда Қазақстан қалаларымен танысып, саяхат жасаймыз
Олеся: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қ. Аманжолов
Олеся: Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Португалия, Испания, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия бәрі бірдей сыйып кете алады.
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы – 15 мың километр, оның ішінде 12600 километр – құрғақпен, ал қалғаны Каспий теңізі суымен өтеді.
Дарья: Маңғыстау облысының бас қаласы Ақтауға барған қонақты міндетті түрде теңізге апарады, бұл қала әлемдегі ең үлкен көлдің – Каспий теңізінің жағасында тұр. Мұнда үлкен порт бар.
Мария:Атырау қаласында сізге мақтанышпен мынаны хабарлайды: облыс мұнайға, газға, сондай-ақ балықтардың құнды тұқымдарына бай.
Александр: Батыс Қазақстан облысының басты қаласы – Орал. 1584 жылы оның іргесі қаланғанОл талай тарихи оқиғаларға куә болды.
Илья: Ақтөбе облысы хром, никель, фосфорит қорларымен даңқы шыққан.
Руслан: Қостанай, Ақмола, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстары өздерінің астықты алқаптарымен атақты.Еліміздің басты егісті өңірі осылар. Ал табиғаты тамаша Ақмола облысы сонымен қатар өзінің курорттарымен де әйгілі.
Бурабайдағы алғашқы санаторий сонау ХХ ғасырдың басында ашылған болатын.
Ринат: Қарағанды еліміздің шахтерлер астанасы деп есептеледі. Осы облыста әлемдегі ерекше көлдердің бірі – Балқаш көлі мен қорыққа айналдырған Қарқаралы ормандары орналасқан.
Виктор: Павлодар облысында «Богатырь», яғни «Баһадүр» көмір тілігі бар, ол дүние жұзіндегі аса ірі ашық шахта. Сондай-ақ Екібастұз қаласында жылу электр стансаоарының ғаламат тізбегі жасалған.
Ксения: Шығыс Қазақстан облысын еліміздің басты қоймасы деп атайды. Облыстың жер қойнауы тұнған қазба байлық. Мұндағы кентастарда қорғасын, мырыш, мыс, кұміс және кадмий, молибден, висмут, индий, талий секілді сирек металдар бар.
Сергей: Алматы облысын осы өлкедегі басты өзендердің санына қарай Жетісу деп те атайды. Сонымен қатар бұл өңір нң таулы аймақ.
Олеся: Егер сіз Жамбыл облысына келсеңіз, сізге Тараз қаласына тақауда тұрған Айша Бибі кесенесіне барып қайтуға кеңес береді.
Ксения: Ерте замандарда Шымкент облысы аумағымен Ұлы Жібек Жолы өткен. Бұл өлкені мыңдаған ежелгі қалалар елі болған деп батыл атауға болады.
Мария: Қызылорда облысы – әйгілі Қызылқұм шөлі мен Арал теңізі орналасқан аймақ. Бұл облыста Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Солтүстік Қазақстан облысы астыққа бай. Орталығы Петропавл қаласы.
ІІ. Жаңа сабақ.
- Мұғалімнің сөзі: енді, балалар, Петропавл қаласынан шығып Көкшетау, Астана, Қарағанды, Алматы қалаларына барамыз. Бүгінгі сабағымыз саяхат түрінде өтеді. Ол қалаларға жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.
Саяхатқа пойызбен шығамыз.
Экранда слайд «Пойыз»
1 бекет: Петропавл вокзалы
-Мұғалімнің сөзі:Ал енді пойызға отырайық, пойызбен бірге қимылдаймыз. Алға!
- Мұғалімнің сөзі:балалар, біз Көкшетауға келдік. Көкшетаудан Астанаға жүру үшін мына тапсырманы орындау керек. «Көкшетау» сөзіне тірек сызба құрастырыңдар.
- Мұғалімнің сөзі: жақсы, жарайсыңдар! Енді тірек сызба арқылы Көкшетау туралы кім әңгімелеп береді? Жақсы, рақмет, саяхатымызды жалғастырайық. пойызға отырамыз. Кеттік. (Экранда слайд «Пойыз»)
2 бекет: Астана вокзалы
-Мұғалімнің сөзі: міне, біз Қазақстанның елордасы-Астана қаласына келдік.
-Мұғалімнің сөзі: балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер? (Экранда слайд «Бәйтерек»)
— Кім Астанада болды?
— Астанада нелер бар? (оқушылардың жауаптары)
— Жақсы, жол жүру үшін келесі тапсырманы орындайық. Берілген сөздерден сөйлем құрастыру және оны оқып, аудару.
Дұрыс жауап: Экранда слайд
- Астана қаласы – жаңа Қазақстанның белгісі.
- Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан.
-Мұғалімнің сөзі: дұрыс, Қазақстан тарихында төрт астана болды. Астана күннен күнге көркейіп келе жатыр. Астана — біздің мәртебеміз, мақтанышымыз. Тапсырмалар жақсы орындалды, сондықтан саяхатымыз жалғасады.