Тақырыбы: Антонимдер |
ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ | МЕКТЕП: |
КҮНІ: | Мұғалім: Ерімбетова Д.К. |
СЫНЫП: 5«Ә» сыныбы | Оқушы саны: | Келмегендер: |
Сабақтың мақсаты: | Антонимдер туралы түсіндіру. Оларды сөйлемде дұрыс қолдануды үйрету. |
Күтілетін нәтижелер: | Антонимдер туралы түсінеді. Оларды сөйлемде дұрыс қолдануды үйренеді. |
Сабақтың әдіс-тәсілдері: | Шаттық шеңбері, сергіту сәті, формативті, суммативті бағалау, семантикалық карта |
Сабақтың көрнекілігі: | АКТ, суреттер, сызба, кеспе қағаздар, сергіту сәті |
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі 3 мин | «Шаттық шеңбері» Оқушыларды шеңберге тұрғызады, тапсырманы түсіндіреді. Омонимдер мен синонимдер жазылған кеспе қағаздар таратады. | Оқушылар шеңберге тұрады. Кеспе қағаздарды алып, кезекпен бір-біріне жақсы тілектер айтады. Омонимдер, синонимдер болып топқа бөлінеді |
Үй тапсырмасы 5 минут | Ережелерді сұрау *Лексика деген не, қай тілден шыққан? *Сөздің қандай мағыналары болады, мысал келтір *Омоним дегеніміз не? Мысал келтір. *Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы, ұқсастығы. *Синоним дегеніміз не? Мысал келтір. | Ережелерді айтады, мысал келтіреді. Сөздердің синонимдерін айтады. Күдік келтіру, биіктен төмендеу, ауқымы кең, жүзі жылы, береген адам, әдепті бала. |
Кіріспе 5 мин. | Суреттер арқылы тақырыпты ашу. Үлкен-кіші түзу- қисық қыз –ұл көп-аз күн-ай қосу-азайту Мақсатын айту. Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады. | Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты ашады. |
Жазбаша тапсырма Топпен орындау | 1-тапсырма Терме диктанты. Зат есімнен болған антонимдерді теріп жаз. Алыс- жақын, ақ-қара, күн-түн, ерте- кеш, алу-беру, қыс-жаз, алғыс- қарғыс, ұзын-қысқа, ұл-қыз. 2-тапсырма Антонимдік сыңарларын тап Қысқа ауру Алыс қымбат Арзан жеңіл Ауыр аласа Жаз ыстық Суық жақын Биік ұзын Сау қыс | Оқушылар тапсырмаларды орындайды. |
Сергіту сәті 3 мин. | Видео қою. (АКТ) | Оқушылар көрген қимылдарды қайталайды. |
Топтық тапсырма | 3- тапсырма Оқушыларға тапсырманы түсіндіреді. Антонимдерді қолданып мәтін құрастыру. «Менің Отаным», «Достық» | Оқушылар тапсырманы жазбаша, топпен орындайды. |
Семантикалық карта 5 мин. | 4-тапсырма Семантикалық картаны береді, тапсырманы түсіндіреді. | Оқушылар семантикалық картаны толтырады, бір-бірін тексереді |
Тест | 5-тапсырма.Тест сұрақтарына жауап беру. | Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді |
Сабақты бекіту 2 мин. | Оқушыларды бағалау «Бағдаршам» әдісін түсіндіреді - ештеңе түсінбедім, бұлай жұмыс істеген қиынырақ; - қызықты, бірақ сұрақтарым бар; - бәрі түсінікті, осындай жұмыс түрі ұнайды. | Оқушылар сұраққа жауап береді. |
Қосымша тапсырма | «Кім жылдам?» | Сөздердің антонимдерін табу. |
Үйге тапсырма ( 2 мин) | 89- жаттығу, 42 бет | Күнделіктеріне жазып алады |