kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Алтын ж?ректі анамыз "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алтын ж?ректі анамыз атты та?ырыпта?ы ашы? саба? ?асиетті аналарды сыйлау?а, ?адір ?асиеттерін т?сінуге арнал?ан. Екінші анамыз бол?ан ?стазды да ??рметтеу ?арастырыл?ан. Сонымен ?атар е? бастысы Сара Алпыс?ызыны? ?айырымды істері мен бала?а деген мейірбанды?ы ашы? к?рсетілген.?рбір о?ушы ж?регіне болаша? ?айырымдылы?ы мен адамгершілік ?асиетті ояту?а т?рбиелік м?ні зор саба?.Саба?та о?ушыларды? барлы?ы ?ызы?ушылы?пен ?атысып, ?з ойларын еркін жеткізе алды.Сара Алпыс?ызына арнал?ан ?з ?ле? жолдарымен ?атар ысты? ы?ыластарын к?рсете алды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Алтын ж?ректі анамыз " »

Алтын жүрек Анамыз

Мақсаты:

Қазақстанның Бірінші Ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі рухани –адамгершілік білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы -өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, «Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты –ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, Ата-Анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік

қасиеттерге тәрбиелеу.

Барысы:

Қызығушылықты ояту

Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Мен сіздерді қайта көргеніме қуаныштымын. Шеңберін құруға ортаға шақырамын. Балалар қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Сол себептен мына өлең жолдарын мен сендерге айтып берейін.

Жақсы болу – өзіңнен

Жаман болу – өзіңнен

Өзіңді – өзің ая да,

Өзің үйрен, өзіңнен.


Жақсылық көрсең біреуден

«Мен қандаймын?» деп ойла

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар,

«Өзіңді тану» пайдасы.

Ал енді оқушылар, осындай жақсы көңіл – күймен орындарыңа отырыңдар.

Мұғалім:

-Балалар, алтын жүректі, үлкен жүректі деген сөздер қандай мағынада айтылады?

-Алтын жүректі, үлкен жүректі адамдар деп кімдерді айтамыз?

-Айналаңыздағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап бағалайсыздар ма? Қалай?

-Адамдар сізге «Рахмет» айта ма? Ал, өзіңіз ше?

Сабақтың дәйексөзі:

Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі: «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Абай Құнанбаевтың нақыл сөзі. Осы сөздерде үлкен мән жатыр. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрегі бар адам – нағыз адам деген атқа лайық. Әр адам осы қасиеттерге ие болуға тырысуы керек.


Мұғалім:

Құрметті біздің аяулы да, ардақты балаларымыз, құрметті қонақтар! Біз бүгін

«Алтын жүрек Анамыз» атты мейірімділік сабағын бастаймыз. Сонымен бірге бұл

сабақтың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол –«Бөбек» балалар қайырымдылық

қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан-салалы қайырымдылық қызметімен қатар 73жасқа толу мерейтойына арналады.

Мұғалім:

С.А.Назарбаева 1941 жылғы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын құрылыста істеп, сылақшылықпен бастаған. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.

Жұбайы –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 3 қыз балалары бар: Дариға –саясат ғылымының докторы, Динара –Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия –бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Оқу ақпараты:

С. Алпысқызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін-өзі тануына,

өзін-өзі сыйлай білуіне, шын ниет, адал жүрекпен басталған әр істің нәтижелі

болатынын ұғындырады. Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасаған әрекетіне

байланысты болатынын мұғалім түсіндіреді. «Баланың бойындағы қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, өз күшіне өзін сендіру қаншалықты маңызды десеңші. Ол өзін-өзі сыйлай білуі, ар-ұяты алдында таза болып, әділетсіз, жөнсіз, әдепсіз іс-әрекеттің ақыры неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін білуі тиіс. Мейірімділік пен махаббат жылуы жүректен-жүрекке жетіп, Әлемді Махаббат пен Қайырымдылық шуағына бөлесін.»

(С. Алпысқызы)

Психотехникалық жаттығу

Оқушылар қазір «жүрек жылуы» атты жаттығу орындаймыз. Жүрек жылуын қайырымды іс, жылы сөздер айту арқылы көрсетуге болады. Қазір сендер жүрек жылуларыңды жылы сөздер арқылы көрсетесіңдер. Ортаға екі оқушы шығып, ленталы таяқшаны орай отырып бір – біріне жылы сөздер айтады. Жаттығуымыз осылай жалғаса береді. әрдайым жақындарымызға, достарымызға жылы сөздер айта білейік.

Мәтінмен жұмыс

С.Алпысқызының «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқи отырып,

оқушылар әр адамның өз өміріне өзі жауапты екендігіне назар аударады. Төменде

келтірілген сұрақтарға жауап беріп өзара пікір алмасады.

«Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым.Өзім білетін құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ, маңыздырақ сияқты көрінетін.

Актриса болуды армандадым да өзімнің балалық ақылыммен: «Қайдағы, бұл

таңдаулылардың ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма қарай жас келген сайын

«Балақайдың» арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас,

актриса бола ойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым

ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір-біріненажыратуға

болатынбастыайырмашылықжандүниесіменрухтыңүйлесіміарқылыөмірсүру

қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен.»

(С. Алпысқызы)

1.Осындай ойлар мазалаған кездерің болды ма?

2. Өзіңе деген сенімділік, өзіңді таба білу дегенді қалай түсінесіндер?

Өзіммен-өзім(әуенді қолдану)

-Балалар, ыңғайланып отырып алындар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.

Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын бір өзен жағасына келдік деп елестетіңдер.Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап, сылдырай ағады. Тап

-таза айнадай мөлдірлігімен көздің жауын алып жатқан судың бізге айтары бар сияқты.Біз өзенге жақындап, екі қолымызбен бір уыс су іліп алдық.Су бізге қарап, жылт-жылт етеді.Біз алақанымыздағы су тамшыларын төгіп алмайық деп уысымызға аялай ұстап тұрмыз.Ал енді осы сезімімізмен бұрынға қалпымызға келейік.Көзімізді ашайық.Сендер алақандарыңа аялай алған осы суды қалай пайдаланар едіңдер? Балаларжауабы:

-Мен таза болсын деп бетімді жуар едім.

-Мен ас ішерде қолымды жуар едім.

-Мен торғайларға су берер едім.

-Мен оны бөлмедегі гүлге құяр едім.

-Мен бұл суды тап-таза судай болайын деп ішер едім.

Шығармашылық жұмыс

Үй тапсырмасы ретінде оқушылар Сара Алпысқызына арнаған тілектерін,

құттықтауларын, суреттерін слайдтар арқылы дайындап белсенділіктерін көрсетеді.

Шығармашылық жұмысты көңілмен шабыттанып орындаған оқушылар еңбектері

марапатталады.

Мұғалім:

Құрметті оқушылар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына

айтқан ғибратты тілегімен қорытындылаймыз. «Қымбатты балалар, мен –Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата

-Анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойында сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, Ата-Анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін.»

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан ойларыңа не түйдіңдер?

  • Бүгінгі сабақта естеріңде қалған қандай сөз?

  • Бүгінгі сабақта кімнен үлгі алар едіңдер?

  • Жылы жүректі адамдар деп кімдерді айтар едіңдер?


Жүректен –жүрекке

Оқушылар қазір біз жылы жүректі адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек екенін табуымыз қажет. Тақтада ілулі тұрған үлкен жүрекке бір – бірлеп шығып жылы жүрек ұғымына сәйкес келетін сөздерді жапсырамыз. Ол үшін парта үстіндегі кішкентай жүрекшелерге жазылған сөздердің ішінен жылы жүректі адамның қасиеттерін тауып соларды жапсырамыз. Міне оқушылар жүрек жақсы қасиеттер жазылған жүрекке толды. Міне осы қасиеттері басым адам – жылы жүректі адам. Сендердің де жүректеріңнің жақсы қасиеттерге толы жылы жүрек екеніне сенімдімін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Алтын ж?ректі анамыз "

Автор: Бердибеков Адил Бердибекулы

Дата: 31.10.2014

Номер свидетельства: 124670


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства