Просмотр содержимого документа
«Алтын ж?рек анамыз »
Мақсаты:
Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шалалары туралы түсінік беру;
Жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Барысы:
Ұл: Амансың ба, Назгүл!
Қыз: Амансың ба, Қайдар!
Ұл: Назгүл бүгінгі кеш ерекше сияқты, айналаңа қарасаң саған бәрі ақыл айтып тұрғандай, оның үстіне қонаққа келген үлкен ағайлар мен апайлар алдында біртүрлі қиналып тұрмын.
Қыз: Қайдар, несіне қиналасың? Алдымен амандасайық «Сөз атасы - сәлем» деген емес пе?
Ұл: Армысыздар, ұстаздар!
Қыз: Бармысыздар, балалар!
Ұл: Бүгінгі өткізгелі отырған «Алтын жүрек анамыз» Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!
Қыз: Ендеше бүгінгі ертеңгілігімізге келгендеріңізге тіптен де ренжімейсіздер, өкінбейсіздер себебі, көптеген аталы сөздер мен ақылдың көзі, бабалар өсиетімен танысасыздар, әсем ән мен би тамашалайсыздар.
Ұл: Ән: «Қос бәйтерегім»
Орындайтын: 3 класс оқушылары Айнара Есболатқызы мен Абдолла Исаұлы
Қыз: Мәнерлеп оқу. «Елдің анасы»
Оқитын: 6 класс оқушысы: Қайнар Аянұлы
Бір өзіңсің бүкіл елдің анасы, Алақаның аялы, құшағың кең,
Барлық бала, барлық жанның панасы. Сендей адам табылмас жер жүзінен
Құшағыңа қалай ғана сыйды екен, Бөбектердің жол тауып жүрегіне,
Бүкіл елдің «Қазақ» атты баласы. Құшағыңа сыйдырдың, көңілің кең.
Сендей жанды өмірге алып келген, Жүз жасаңыз, өмірден түңілмеңіз,
Батыр ана өмірде бақытты екен. Қалып қалмасын ешқашан көңілде мұз.
Елбасымыз халықтың басы болса, Алғыс айтып өзіңе басымды ием,
Құмырсқа:Мен жалғыз өзім сыйған саңырауқұлақ сиқырлы ма?
Көбелек:Біз бәріміз сонша кішкентаймыз ба?
Торғай:Көңіл сыйса,бәрі сыяды.
Қоян:Екі адам ығысса, бір кісіге орын табылады.
Жүргізуші:«Сол кезде бақа «бақ»етті)
Бақа:
Ей,саңырауқұлақ өсіп кетті. Соны да білмегендерің бе?
Бәрі:
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Жүргізуші:
Аңдар ән салады.
(Бәрі қосылып достық туралы ән шырқайды.
Қыз: 2 слайд «Өзін-өзі тану пәніне ризамын»
Сара Алпысқызы Назварбаеваның кітаптары
Таныстырушы: 8 класс оқушысы Саухан Тұрар Жақсылықұлы
Ұл: «Ғажайып пән»
Оқитын: 5 класс оқушысы: Ораш Гүлпия
Ғажап сабақ енді бізге ерекше Түсінесің осы пәннен ғалымды
Тәлімгері оқушының өзгеше. Түсінесің осы пәннен адамда
«Өзін-өзі тану»пәні бұл деген Оқи берсең мән беріп сен бұл пәнді
Мейірімділік көрсететін ерекше. Айырасың жақсылық пен жаманды
Үйренесің сан қасиет бұл пәннен, Адалдықтың не екенін үйрендім
Оқисың сен сан өсиет бұл пәннен. Оқи келе жамандықтан жирендім
Танысасың күнде жаңа хабармен Шуақ шашқан мейірімді бұл пәннен
Өткізесің шаттық шеңбер, әнменен.
Қыз: Көрініс: «Өмір сүрудің ең жақсы жолы»
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады.Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарына да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
-Үшеуінің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің дүние –мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен уі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:
-Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым,- деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
-Дүкенге барып екі жастық алдым, - деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерайырылып қалмауды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
-Долларлы ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін де садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым, - деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды.Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.
Әкесі баласына риза болып:
-Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату!