kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақша. Еңбекке төленетін ақы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақша. Еңбекке төленетін ақы тақырыбы бойынша орыс тілінде оқытылатын 10 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жжоспары. Стиль түрлері. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақша. Еңбекке төленетін ақы.»

10 «Д»сыныбы. Қазақ тілі сабағы. Матайбаева Жадыра Серікбекқызы



Сабақтың тақырыбы: Ақша.Еңбекке төленетін ақы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ақшанының пайда болуы жайлы түсінік беру. Оның даму тарихындағы қолданылуы мен атқаратын қызметтері және қасиетімен толығырақ таныстыру.Тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Өз ойларын айта алуға дағдыландыру Стиль түрлері туралы түсінік қалыптастыру.

  2. Тәрбиелік: ұқыптылыққа,үнемді болуға тәрбиелеу,оқушыларды ысырапшыл болмауға баулу. 

  3. Дамытушылық: тапсырмалар,сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын,ойлау қабілеттерін,ауызша тіл байлықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, пысықтау.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме материалдар

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу, Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  2. Үй жұмысын сұрау. Өткен тақырыпты қайталау. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.

ІІ Жаңа білімді меңгерту.

Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері.

Диспут өткізу. Тақырыбы «Адам өміріндегі ақшаның рөлі».

Мына сұрақтарға жауап беретіндей болу керек.

1.Егер сенің ақшаң болса,не істер едің?

2.Сен ақшаны орынды жұмсай аласың ба?

3.Ақшаны көп табу үшін не істеу керек?


Мұғалім мәтіндегі жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен жұмыс жүргізеді.

Алдымен сөздердің айтылу дағдыларына көңіл бөледі.Содан кейін оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастырады.


Еңбекақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады.

Еңбекақыны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз еңбекақы тарифтерін, қызметкерлердің барлық санаттарына еңбекақы төлеуге арналған Бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни еңбекақыны орталықтан реттеу мемлекеттік нормалау тәсілі болып саналады.

Сондай-ақ, еңбекақыны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында еңбекақы мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді.

Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемлекет бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады.

2. Еңбекақы тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Сөздікпен жұмыс жасау.

еңбекақы - заработная плата, оплата труда

сыйақы - компенсация

қосымша төлем - дополнительная плата

жыл сайынғы еңбек демалысы – ежегодный трудовой отпуск

мерекелік күндер – праздничные дни

ақша сомасы – сумма денег

орталықтық - централизованное

келісімшарттық реттеу тәртібі - договорное регулирование оплаты труда

Бірегей тарифтік кесте - Единой тарифной сетки

Қызметкерлер санаттары - категория работников

разрядаралық кесімді коэффициенттер - межразрядные тарифные коэффиценты

Нарықтық қарым-қатынас – рыночное взаимоотношение

Ұжымдық еңбек келісімшарт – коллективный трудовой договор

жеке еңбек келісімшарт – индивидуальный трудовой договор


3.Стиль түрлерімен таныстыру, түсінік қалыптастыру.

Стиль – өмірдің белгілі бір саласында қолданылатын, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.

Басқа тілдер сияқты қазақ тілінде де әр түрлі стиль бар.

Олар: сөйлеу (разговорный стиль), ғылыми (научный стиль), ресми -іс қағаздар стилі, публицистикалық, көркем әдебиет стильдері (стиль худож.  литературы)

  Сөйлеу стилі (разговорный стиль)
Адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады (применяется при общении) Қатынас жасау.(для общения).
Сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану. (свободное использование слов и сочетаний)Қарапайым сөздерді еркін қолдану, сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану, диалогқа құрылу.(свободное использование слов, частое использование вопросит. восклицат. предложен.построение диалога) 
Ғылыми  стиль (научный стиль)
Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.(применяется в научных трудах,лекциях)
Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. (дать общие понятия вещей и явлений). Дәлелді, зерттелген тура мағынада алу. (доказан, исследован, смысл понятен) 
Ғылыми терминдерді қолдану, хабарлы сөйлемде қолданылады.
(использование научных терми-нов, повествова-тельных предлож) 
Ресми іс-  қағаздар  стилі (официально-деловой стиль)

құқықтық қарым-қатынас, әкімшілік саласында, кеңсе қызметінде қолданылады. Іс қағаздары қолданылу аясына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Арнайы орындарда (мекеме, пошта, банктерде, қызметке орналастыру бөлімдерінде) алдын ала дайындалған үлгілері де болады. Публицистикалық стиль (публицистический стиль)
Іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады (использ. в деловых бумагах, инструктивных письмах, документах). Газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық ақпараттық құралдарда қолданылады. (применяется в газетах-журналах, собраниях, СМИ) 
Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер.(книжные и официальные слова и сочетания, повествовательные предложения, термины) 
Көркем  әдебиет  стилі(стиль худож.  литературы)
Көркем шығармаларда қолданылады. (применяется в художественной литературе).Құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу. (описание явлений и событий). Образды, эмоционалды, экспресивті.(Образное, эмоциональное,экспрессивное).
Ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдерін, суреттеме құралдарын пайдалану /теңеу,метафора,эпитет, метонимия синекдоха т.б./(использование переносных значений, художественных методов, /сравнение-метафора т.д/ 


ІІІ.Жаңа білімді бекіту.
1 -тапсырма. Өзіндік жұмыс.Оқушылар алған білімдерін қолданып, бір құжаттың үлгісін өздері құрастырады.


1. Арыз 2. Өтініш 3. Куәлік 4. Анықтама 5. Ұсыныс
6.Түсінікхат 7. Қолхат 8. Сенімхат 9. Мінездеме 10. Хаттама


2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, қандай стильде жазылғанын табыңдар.

Математиканы білмей пирамидаларды тұрғызу мүмкін емес. Математиканы білу ғана мысырлықтарға пирамидаларды тұрғызуға мүмкіндік береді. Осы ғажап құрылыстарды салу үшін екі миллион блокты қолмен қашап кескен, ол Мысырдан Солтүстік полюске дейін биіктігі екі метрлік дуал салуға жетіп артылатын еді. Мысырлықтар салған құрылыстар 1895 жылы Эйфель мұнарасы салынғанға дейін 3500 жыл бойы әлемдегі ең ірі және ең биік құрылыстар болып келеді.


Сергіту сәті.

Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандықтан қашайық.


Үлестірмелі материалдар.

Ақша туралы мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жазғызып, мән-мағынасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. Стиль түрін анықтау.

1. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.

2. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.

3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.

5. Ақшада көз жоқ.
6. Ар - намысы таза адамның ақшасы аз болады.


ІҮ.Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын. 1. Еңбекақы дегеніміз не? Басқа қандай еңбекке төленетін ақыларды білесің? Ақша адамға не үшін қажет? Қандай сөздерді білдің?

Стильдің қанша түрі? Сөйлеу стиліне не жатады? Ғылыми стиль қайда қолданылады? Ресми іс-  қағаздар  стилі қандай? Публицистикалық стильдің ерекшеліктерін ата. Көркем әдебиет стилі дегеніміз қайдай стиль?


Ү. Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланды.


ҮІ. Үй тапсырмасын беру. Жаңа сөздерді қолдана отырып, еңбекақы туралы қысқаша әңгіме құрастыру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ақша. Еңбекке төленетін ақы.

Автор: Матайбаева Жадыра Серикбековна

Дата: 27.10.2016

Номер свидетельства: 352785


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства