kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айдын Айымбетов. Открытый урок, 6 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ космонавты Айдын Айымбетов туралы мәлімет беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айдын Айымбетов. Открытый урок, 6 класс»

Айдын Ақанұлы Айымбетов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Айдын Ақанұлы Айымбетов

Мемлекеті

 Қазақстан

Мансабы

Ұшқыш-инженер

Әскери атағы

Полковник

Айдын Ақанұлы Айымбетов (27.07.1972Алматы облысыТалдықорған қаласы, Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.

Білімі

Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген.

Әскери қызметі

1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Ұшқыш-истребитель. Ғарышкерлер отрядына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының кеңесшісі, агенттік департментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.

Әскери атағы

Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі (2014 жылдан).

Ғарыштық даярлығы

  • 1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді.

  • Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді.

  • 2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті.

  • 09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалыынды.

  • 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.

  • 26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады.

  • 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.[1]

  • Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.

Марапаттары

Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке

  • «Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)

  • Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі

  • «Отан» ордені (2015)[2]

Отбасылық жағдайы

Отбасылы. Жұбайының есімі - Лилия. Екі баласы бар: қызы - Диана (2000), ұлы - Әмір (1998).

Ғарыш жайлы деректер

Ғарыш[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ғарыш (араб.-кеңістік, космос) - Ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде Ғ. ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады .Ғ. Жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғ. және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс Ғ. болып ажыратылады.

Зерттеу[өңдеу]

Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңестігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр. Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылады. Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәл болжауға мүмкіндік туды. Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немесе Күн мен Айға қарап болжайтын болса, қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.

 

  • КСРО мен АҚШ арасындағы бәсекелестік Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғарыштық бақталастыққа алып келді. Екі жақтың әрқайсысы ғарыш технологиясындағы жетістіктерімен ерекшеленіп қалуға тырысты.

  • Жер шарының үштен бірі «Аплатон 11» кемесінің айға қонуын теледидардан тамашалаған.

  • Ғарышта жалпы 300-ге жуық адам болған.

  • Кеме Жерден ұшып кеткенде ішіндегі бар зат салмақсыздыққа ұшырайды, бекітілмеген заттар ауада қалықтап жүреді.

  • Басқарылып отырған кеменің ішіндегі ауа әрдайым айналдырылып, тазартылып отырады.

  • Кейбір скафандрлар 15 қабат түрлі материалдардан жасалады. Бұл ғарышкерді сыртқы әсерлерден қорғап, сақтап тұрады.

  • Ғарышта ең ұзақ болған - орыс ғарышкері Валерий Поляков. Ол «Мир» ғарыш айлағында 1994 жылдың қаңтар айынан 1995 жылдың наурыз айына дейін 417 күн 17 сағат болған.

  • АҚШ азаматтары Марк Ли мен Джуди Дэвис «Эндевор» шаттлында 1992 жылы неке қию рәсімдерін өткізген бірінші жұп.

  • Кеңес одағынан ең алғаш ғарышқа жіберген иттер болса, америкалықтар сынақ үшін маймылды жіберген екен.

  • Тарихта қайтыс болған ең бірінші ғарышкер Валентин Бондаренко. Ол КСРО ғарышкерлерінің бірінші тобында болып, 1961 жылы, 23-наурызда дайындық кезінде өз қателігінен өрт шығарып, қайтыс болған.

  • Ғарышта болған ең бірінші әйел – Валентина Терешкова (1963 ж.)

  • Google компаниясы айға қонып, 500 метр аумағындағы айдың бетін түсіріп, Жерге тікелей репортаж жасай алатын аппарат ойлап тапқандарға 30 млн $ премиясын тағайындаған.

  • Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ғарыш технологияларының ғылымға, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Осы уақытта орбитада мыңдаған жерсеріктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға, Марсқа ұшып, түрлі зерттеулер жүргізуде. Қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты. Осы орайда ғарыш саласында өзіндік үлесі бар ел ретінде Қазақстанның да өзіндік мақсаттары болуы шарт.

  • Қазіргі жағдайда мемлекеттердің ғарыш саласын игерудегі көздеген мақсаты әртүрлі болып отыр. Мәселен, Иран Ислам Республикасының ғарыш саласы негізінен мемлекеттің әскери қорғаныс саласын, әс­кери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негіз­делген. Ал Ресей, АҚШ, Қытай сынды бір­қатар елдер бірнеше бағытта қатар жұмыс жасай береді: байланыс саласы, әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерт­теулер мақсатында. Ал көптен бері ғарыш­тық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш саласын­дағы барлық бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Біріншіден, бұған өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді. Жалпы, капиталистік заманда кез келген тақырыпқа романтикалық қа­рым-қатынаста болу мүмкін емес. Яғни кез келген ел «ғарыштық держава» деген жа­лаң атақ үшін ғана бекер шығындала ал­май­ды. Сондай-ақ еліміз дәл қазіргі жағдайда ғылым-білімнің ғарыш әлемін танып-білуге деген құштарлығы үшін салық төлеушілердің қалтасынан жиналған қаржыдан миллиардтар бөле алмайды. Әзірге ғарыштық ғылыми жобалар үшін қомақты қаражат құю төрт құбыласы түгенделген, дамыған мемлекеттердің қолынан келеді. Онда да әрбірінің емес. Ендеше, Қазақстанның ғарыш саласы үшін Марс пен Венерада не болып жатқаны, «Күн системасында қандай ауытқулар бар», «өзге ғаламшарлар мен жатпланета­лық­тар бар ма» деген секілді сұрақтар уа­қыт­ша қызықтырмауы керек. Демек, Қа­зақ­стан ғарыш саласын дамыту бары­сын­да негізінен өз жерімізді зерттеу мәсе­лесіне көп икемделгені дұрыс.

  • Қазақстан ғарыш саласын бейбіт мақсатта дамытады

  • Атом өндірісін әскери мақсатта пайда­лануға болмайтыны секілді, ғарышты да әскери қақтығыс алаңына айналдыруға бол­майды. Әрине, бұл БҰҰ деңгейінде қо­йылатын талап болу қажет. Себебі бұл сала­ның да теріс мақсатта пайдаланылуы атомдық қарулардан кем зиян әкелмейді. Қазір ғарыш саласын әскери мақсатта дамытуға күш салып жатқан елдер де бар. Әс­кери қорғаныс саласын жетілдіру жо­лын­да АҚШ пен Иран секілді  зымырандарға қарсы қорғаныс орнату үшін миллиардтар құю еліміз үшін тиімсіз болар еді. Оның үстіне, еліміз өзінің соңғы 20 жылдық тари­хында ешбір әскери амбиция танытқан емес, бейбіт имидж қалыптастыруда.

  • Ғарышты игеру саласын прагматикалық көз­қарасқа салатын болсақ, нақты мемле­кет қазынасына пайда түсіріп, ел азамат­та­рына игілік әкелетін жобалардың ғана маңыз­дылығы үстем. Мәселен, өткен жылы ресейліктердің қазақстандық қос ғарышкерді ұшырудан бас тартуын кейбір отандық баспасөз құралдары ұлттық трагедия етіп суреттеді. Әсілінде, бұл үшін сезімге беріліп, аталған салада көрші елмен «ат құйрығын кесісудің» тіпті де қа­жеттілігі жоқ. Себебі дәл қазір Қазақстанның ғарыш саласының дамуы дәл сол екі ғарышкеріміздің көкке көтерілуіне қарап қалған жоқ. Мұны Ұлттық ғарыштық агент­тігі де жақсы түсінетіндей.























Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңынсалу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.

Байқоңырдан Протон зымыраны ұшу сәті.

Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.

Союз TMA-13 ұшырылуға дайындық


Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.[2]


Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич"Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың,Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж.Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар жәнеШығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Айдын Айымбетов. Открытый урок, 6 класс

Автор: Мырзатаева Айнур Еламановна

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457408


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства