Жа?а саба?ты т?сіндіру. Абайды? мемлекеттік ?оры?-м?ражайы ?лы а?ынны? 95 жылды? мерекесі ?арса?ында ?азан айыны? 16 к?ні ашылды. 1940-1944 жылдары м?ражай Бекбай Байысовты? ?йінде (Абай к?шесі 83?й, ?азіргі Жама?аев к?шесі), орналасты. ?азіргі кезде б?л ?йді? орыны са?талма?ан тек м?ражайымызда фотосуреті бар. 1944-1967 жылдары М?хтар ?уезовті? ?сынысымен ?нияр Молдабаевты? ?йіне (Комиссар к?шесі 132 ?й, ?азіргі Б?генбай батыр к?шесі) к?шірілді. Ал 1967 Абай музейі ж?дігерлер саныны? к?беюіне байланысты Ленин к?шесі бойында орналас?ан к?пес Р.Ершовты? ?йіне ауысты.
1997 жылы Семейдегі ?нияр Молдабаевты? ?йінде «Алаш арыстары – М.?уезов» м?ражайы ашылды. ?оры?-м?ражайды? ??рамында?ы б?лімдер: Абай ауданында Б?рілідегі М.?уезовті? м?ражай-?йі, Жидебайда?ы Абайды? м?ражай-?йі, «Ш?к?рімні? Саят ?орасы» экспозициясы, «Абай-Ш?к?рім» мавзолей кешені, Та?ырда?ы К?кбай Жанатай?лыны? м?ражайы, ??ндызды елді мекенінде орналас?ан халы? а?ыны Ш?кір ?беновті? м?ражайы ж?не ?ржар ауданы, Ма?аншы ауылында ?сет Найманбай?лыны? м?ражайы.
?асиетті Семей топыра?ында хал?ымызды? ?ш кеме?гер а?ын жазушысы ?мірге келген.Олар Абай, М?хтар, Ш?к?рім.Осынау Шы??ыстау сия?ты ?ш алыпты? д?ниеге келіп, с?з ?неріні? ?семдік биігіне к?теруі адамзат тарихында сирек кездесетін ??былыс. Ертісті? суымен, Шы??ысты? топыра?ы оларды? бойына шапа?ат н?рын ??йып, ?иялына ?анат бітіріп, к?кірек к?здерін ашты.
Абай ??нанбай?лы 1845 жылы 23 тамызда ?азіргі Шы?ыс ?аза?стан облысы, Абай ауданы Сырт-?ас?аб?ла? деген жерде ту?ан. Абай ??нанбайды? екінші ?йелі ?лжаннан д?ниеге келген баласы, азан ша?ырып ?ой?ан есімі Ибра?им. ?жесіні? тілі келмегендіктен Абай деп атап кеткен. Абайды? т?тті ?иялын тербеп, т?рбиелеп ?сіруде ?жесі Зерені?, анасы ?лжанны? еткен е?бегі ерекше.Абай ал?аш?ы сауатын ?абитхан деген ауыл молдасынан ашты. Он жас?а келгенде ?кесі ??нанбай Абайды Семейдегі Ахмет – Ризаны? медресесіне о?у?а берген.1855-1859жылдар арасында о?иды. ?осымша білімін жетілдіру ма?сатында Приходская школада 4 ай о?иды.?азіргі та?да Абай атында тарихи орындар, музей, театр, кітапхана, мектеп, ескерткіштер бар.Абай 1904 жылы 23 маусымда 60 ?а ?ара?ан ша?ында Балаша?па? жайлауында д?ниеден ?теді.
М?хтар ?уезов - ?аза? еліне Абайды таныт?ан жазушы, драматург ?аза? ?дебиетіні? классигі, ?дебиетші ?алым, абайтанушы. 1897 жылы 28 ?ырк?йекте Б?рілі ?ыстауына ?арасты ая??ара?ан деген жерде д?ниеге келген. Абай жолы романыны? авторы. Абай жолы романы? жазу ?шін к?птеген зерттеулер ж?ргізеді, Абайды? ?асында ж?рген адамдарды? естелігін ты?дайды. М?хтар атында о?у орын, м?ражай б?лімшесі, ескерткіштер бар.1961 жылы 27 маусымда Московада ауыр ота ?стінде Кунцева ауруханасында д?ниеден ?теді.
Ш?к?рім ??дайберді?лы – Абайды? а?ын ш?кірті. Тарихшы, философ,аудармашы, композитор, музыкант. 1858жылы 11 шілдеде Ке?б?ла? жайлауында д?ниеге келген.Абайды? немере інісі.7жас?а тол?ан кезде Ш?к?рім ?кесінен айырылып Атасы ??нанбайды?, кейіннен Абайды? т?рбиесінде ?седі. Я?ни Ш?к?рімні? ?мірдегі мектебі де, университеті де Абай болады.А?ын домбырада, сырнайда, сыбыз?ыда, скрипкада, ?те шебер ойна?ан. Ш?к?рімні? «Т?рік, ?ыр?ыз, ?аза? ??м хандар шежіресі» атты е?бегіні? негізінде Абайды? шежіресі жасал?ан. Ш?к?рім атында ?азіргі та?да о?у орындар, кітапхана, ескеркіштер, м?ражай б?лімдері бар.
Ш?к?рім 1931жылы 21?азанда 73 жасында НКВД адамдарыны? ?олынан ?аза табады
Абай, М?хтар, Ш?к?рім ж?нінде слайд бойынша о?ушыларды? ойын ты?дау.
2015жылды? 8 с?уірінде Елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев Семей ?аласы сапарында арнайы Абай м?ражайына келіп экспозициямен танысып, к?пшілік алдында с?хбат берген еді.
Просмотр содержимого документа
«" Абай шы?армаларыны? ??ндылы?ы "»
Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларының құндылығы
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Абай мұражайының тарихымен, Абай, Мұхтар, Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру және кеңінен насихаттау.
Тәрбиелік: Абайдың артына қалдырған мұрасы арқылы адамгершіліке, бауырмалдыққа, ұлт құндылықтарын ұлықтай білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың Абай шығармаларына деген қызығушылықтарын арттырып,шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілік: Слайд, баклет,фильм көрсету.
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, бүгінгі өткізілетін сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жаңа сабақты түсіндіру. Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ұлы ақынның 95 жылдық мерекесі қарсаңында қазан айының 16 күні ашылды. 1940-1944 жылдары мұражай Бекбай Байысовтың үйінде (Абай көшесі 83үй , қазіргі Жамақаев көшесі), орналасты.. Қазіргі кезде бұл үйдің орыны сақталмаған тек мұражайымызда фотосуреті бар. 1944-1967 жылдары Мұхтар Әуезовтің ұсынысымен Әнияр Молдабаевтың үйіне (Комиссар көшесі 132 үй, қазіргі Бөгенбай батыр көшесі) көшірілді. Ал 1967 Абай музейі жәдігерлер санының көбеюіне байланысты Ленин көшесі бойында орналасқан көпес Р.Ершовтың үйіне ауысты.
1997 жылы Семейдегі Әнияр Молдабаевтың үйінде «Алаш арыстары – М.Әуезов» мұражайы ашылды. Қорық-мұражайдың құрамындағы бөлімдер: Абай ауданында Бөрілідегі М.Әуезовтің мұражай-үйі, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, «Шәкәрімнің Саят қорасы» экспозициясы, «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешені, Тақырдағы Көкбай Жанатайұлының мұражайы, Құндызды елді мекенінде орналасқан халық ақыны Шәкір Әбеновтің мұражайы және Үржар ауданы, Мақаншы ауылында Әсет Найманбайұлының мұражайы.
Қасиетті Семей топырағында халқымыздың үш кемеңгер ақын жазушысы өмірге келген.Олар Абай, Мұхтар, Шәкәрім.Осынау Шыңғыстау сияқты үш алыптың дүниеге келіп, сөз өнерінің әсемдік биігіне көтеруі адамзат тарихында сирек кездесетін құбылыс. Ертістің суымен, Шыңғыстың топырағы олардың бойына шапағат нұрын құйып, қиялына қанат бітіріп, көкірек көздерін ашты.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 23 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Сырт-Қасқабұлақ деген жерде туған. Абай Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан дүниеге келген баласы, азан шақырып қойған есімі Ибраһим. Әжесінің тілі келмегендіктен Абай деп атап кеткен. Абайдың тәтті қиялын тербеп, тәрбиелеп өсіруде әжесі Зеренің, анасы Ұлжанның еткен еңбегі ерекше.Абай алғашқы сауатын Ғабитхан деген ауыл молдасынан ашты. Он жасқа келгенде Әкесі Құнанбай Абайды Семейдегі Ахмет – Ризаның медресесіне оқуға берген.1855-1859жылдар арасында оқиды. Қосымша білімін жетілдіру мақсатында Приходская школада 4 ай оқиды.Қазіргі таңда Абай атында тарихи орындар, музей, театр, кітапхана, мектеп, ескерткіштер бар.Абай 1904 жылы 23 маусымда 60 қа қараған шағында Балашақпақ жайлауында дүниеден өтеді.
Мұхтар Әуезов - қазақ еліне Абайды танытқан жазушы, драматург қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші ғалым, абайтанушы. 1897 жылы 28 қыркүйекте Бөрілі қыстауына қарасты аяққараған деген жерде дүниеге келген. Абай жолы романының авторы. Абай жолы романың жазу үшін көптеген зерттеулер жүргізеді, Абайдың қасында жүрген адамдардың естелігін тыңдайды. Мұхтар атында оқу орын, мұражай бөлімшесі, ескерткіштер бар.1961 жылы 27 маусымда Московада ауыр ота үстінде Кунцева ауруханасында дүниеден өтеді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы – Абайдың ақын шәкірті. Тарихшы, философ,аудармашы, композитор, музыкант. 1858жылы 11 шілдеде Кеңбұлақ жайлауында дүниеге келген.Абайдың немере інісі.7жасқа толған кезде Шәкәрім әкесінен айырылып Атасы Құнанбайдың, кейіннен Абайдың тәрбиесінде өседі. Яғни Шәкәрімнің өмірдегі мектебі де, университеті де Абай болады.Ақын домбырада, сырнайда, сыбызғыда, скрипкада, өте шебер ойнаған. Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінің негізінде Абайдың шежіресі жасалған. Шәкәрім атында қазіргі таңда оқу орындар, кітапхана, ескеркіштер, мұражай бөлімдері бар.
Шәкәрім 1931жылы 21қазанда 73 жасында НКВД адамдарының қолынан қаза табады
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Абайдың әні «Айттым сәлем Қаламқас» орындайтын Ғазизов Жәнібек
Абай, Мұхтар, Шәкәрім жөнінде слайд бойынша оқушылардың ойын тыңдау.
2015жылдың 8 сәуірінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Семей қаласы сапарында арнайы Абай мұражайына келіп экспозициямен танысып, көпшілік алдында сұхбат берген еді.
Назарларыңызға Елбасымыздың сөйлеген сөзі ұсынылады.
Абай сөзі-қазақтың бойтұмары,
Абай сөзі- қазақтың ең асыл қазынасы.
Ән «Көзімнің қарасы» орындайтынМалиханова Жансая
Сабақты бекіту. Оқушыларға сұрақтар қойылған үлестірме қағаздар тарату.