kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай мен Біржанды тоғыстырған өнер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ әдебиетінен 6-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай мен Біржанды тоғыстырған өнер»

Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»

Жалпы мақсат:

Білімділік: Үзінді мазмұнына сүйене отырып, ақынның және өнерлі жастардың өнерді бағалауы мен құдіретті Біржан әндерінің Абайға әсерін таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау, салыстыра білу, өз пікірін айта білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Өнерді сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Оқыту әдістері:

Топпен жұмыс, іздену, сұрақ-жауап,әңгімелесу, түсіндіру, талдау, сыни тұрғыдан ойлау, мәтінмен жұмыс

Көрнекі құралдар:

Интерактивті тақта, слайдтық суреттер, аудиожазба, видеожазба, бағалау парағы

Пәнаралық байланыс:

Тарих, музыка


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Логикалық сұрақтар

1. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? 12 құс. (Тордан ұша алмайды)

2. 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? 2 сағат ойнайды

3. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат – ұзын

4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш

5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: сіріңке

Оқушылар логикалық сұрақтардың жауабын табады

Топқа бөлу

Оқушылар пазлдарды құрастыру арқылы топқа бөлінеді

I топ «Абай ауылы»

II топ «Сыйлы қонақтар»

II топ «Біржан шәкірттері»

Қызығушылықты ояту

Оқушылар назарына М.Әуезов туралы 15 дерек атты видеоролик ұсынамын

Оқушылар тың мәліметпен танысады

Үй тапсырмасын сұрау

Үзіндінің мазмұнын төмендегі жоспар бойынша айту, дәлелдеу

1. Абай ауылындағы сыйлы қонақ

2. Абай ықыласы

3. Біржанның орындауындағы «Жанбота» әні

4. Өнерлі жастар тобы

5. Әйгерімнің ән шырқауы

6. Абайдың әсері

7. Ұлжанның батасы мен Абайдың сыйы

8. Қайтқан қонақтар

Оқушылар жоспар бойынша үй жұмысын мазмұндап береді

Мағынаны тану

  1. Топтық жұмыс

I топ «Абай ауылы» Шығарманы композициялық құрылысына талдау

II топ «Сыйлы қонақтар» Семантикалық картамен жұмыс

II топ «Біржан шәкірттері» Шығармада кездесетін салт-дәстүрлер және олардың мағынасы

  1. Үнтаспадан Ж.Елебековтың орындауындағы «Жанбота» әнін тыңдату

  1. Бұл әннің аты қалай аталады?

  2. «Жанбота» әні не туралы?

  3. Әннің шығу тарихын кім айтады?

  4. Ән қай жылы шыққан?

  5. Осы әнді Біржан орындап күйінгенде, Абай қандай жұбату айтады?

  6. Үзінді де ұлы Абай мен Біржан сал арасындағы көңіл жарастығы, шынайы сыйластық қалай суреттелген?

  7. Әмір бастаған әнқұмар, өнерлі жастар тобынан кімдерді атар едіңдер?

  8. Біржан Айгерімге қандай баға берді?

3. Кітаппен жұмыс. Мәтіндік тапсырманы дәптерге орындаңдар.

1. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі – мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт.

2. Ол – Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем үнімен ұйытқан Біржан сал.

3. Тобықты ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген сирек, сый қонақ.

4. Өзі ақын, өзі әнші, өзі сері – Біржан.

5. Үстінде қара мақпал, кең, жеңіл шапаны бар.

6. Омырауы ағытылған, сері жаға ақ көйлектің сыртынан киген сарғылт түсті, қытайы жібек кемзалы бар.

7. Оқалы тақиясының жібек шоғы ырғала түседі.

8. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де жүзіне бір жылтыр майда рең бітіп, нұрлана құбылады.


Сергіту сәті

Оқушылар назарына «Абай жолы» туралы 10 дерек атты видеоролик ұсынамын

Оқушылар тың мәліметпен танысып, сергіп қалады

Ой толғаныс

«Қонақжайлылық – сыпайылық белгісі» шағын ой толғау

Оқушылар қонақжайлылық туралы өз ойларымен бөліседі

Үй тапсырмасы

Синквейн әдісі. Өнердің құдіреті туралы «5 жолды» өлең құрастыру

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Бағалау парақшалары

Топ басшылары оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалайды

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Абай мен Біржанды тоғыстырған өнер

Автор: Исыпқали Асель Серікпайқызы

Дата: 08.01.2017

Номер свидетельства: 376519


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства