?аза? хал?ыны? ?лы а?ыны, данышпан ойшылы, жазба ?деби тілімізді? негізін салушы – Абай (Ибра?им) ??нанбаев – осындай ?лы адам. ?аза?стан Республикасыны? т???ыш президенті – Елбасы Н.?. Назарбаевты? с?зімен айт?анда: “?аза? жеріні? а?ыны, данышпаны к?п бол?анмен, Абайы біреу-а?. Абай – ?аза?ты? бар жерінде туып, бар жеріні? туын ?стап т?р?ан кеме?гер”. Абай – ?аза?ты? ?аза?ты?ын, халы?ты?ын, елдігін к?рсетер биік, ?лы т?л?асы. Ендеше, жас достар, б?гінгі саба?та ?лы Абай рухына, Жамбыл ата рухына та?зым ете отырып, білімімізді сынайы?. Сендерді? с?билік ж?ректері?ні? л?пілін, Абай шы?армаларын, Абай с?зін айт?ан перзенттік, балалы? лебіздері?ді Абай рухы ?абыл алып, білім айдынында с?ттілік болсын!
Саба??а ?стаздар, Ш?МУ студенттері ?атысып отыр, ол кісілер білімдері?е ба?а береді.
ІІ. Шы?армашылы? ба?ытта берілген ?й тапсырмасын тексеру (жалпысыныпты?)
Просмотр содержимого документа
«Абай ??нанбаевты? 17-?арас?зі »
Сабақтың тақырыбы
1. Абай өлеңдері мен 17-қарасөзі бойынша мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс
2. Жамбыл Жабаев “Жалғызбын деп жүрмесін” өлеңі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
1. Қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі дана да дара Абай шығармалары бойынша тақырып көлемі мен оқушының жас ерекшелігіне сәйкес білім-дағды, машығын қалыптастырып, жетілдіру, шығармашылық ізденісін дамыту
2. Ж. Жабаевтың “Жалғызбын деп жүрмесін” өлеңінің Абай өміріне сабақтастығын, идеялық мәнін таныту.
Тәрбиелік
“Ұлылыққа тағзым” ете отырып, ұлы Абайдың өнегелі өмірі үлгісінде, асыл рухы тағлымында Абай, Жамбылдың өміршең, тәлімді де құдіретті шығармалары арқылы жас жеткіншектерді туған елін, Отанын, тілін шексіз құрметпен сүйе білуге, аға ұрпақтың ізгілік, отаншылдық, адамгершілік, патриоттық өмірі үлгісіне тәрбиелеу.
Дамытушылық
Мәнерлеп оқу машығын жетілдіру, білімді өз бетімен игеру, өзіндік талдай білу дағдысын жетілдіру, шығармашылық қабілетке тәрбиелеу.
Абай, Жамбыл портреттері, “Абай – дана, Абай – дара” (буклет) Кітаптар көрмесі.
Пәнаралық байланыс.
Тарих, қазақ тілі, орыс тілі, әдебиет теориясы.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
а) оқушылардың сабаққа қатысып, сабақ өтетін кабинеттің гигиеналық талапқа сәйкестігін тексеріп, бақылау.
ә) оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа бағыттау.
б) бүгінгі сабақтың мақсатын хабарлап, түсіндіру.
Сынып 3 топқа бөлінген.
І топ
ІІ топ “Талап”
ІІІ топ “Өркен”
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбын “Ұлылыққа тағзым” сабағы деп атадық. Халқымыз әрқашан ұлылыққа, қасиетті адамдардың рухына бас иген. Оның рухы әрдайым жақсылықты, сәттілікті тудырып, қолдайды”, - деп, ізігілікке құдіреттілікке, жалпы адамзат баласы ізгілік, адамгершілік дәнін себе білген, Отанын туған елін шексіз сүйген перзенттерге кенде емес. Олар әр дәуірде, әр кезеңде өмір сүрді… Бүгіні сабақта – Абай, Жамбыл тұлғасы бізбен бірге.
Қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы, жазба әдеби тіліміздің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбаев – осындай ұлы адам. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен айтқанда: “Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанмен, Абайы біреу-ақ. Абай – қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер”. Абай – қазақтың қазақтығын, халықтығын, елдігін көрсетер биік, ұлы тұлғасы. Ендеше, жас достар, бүгінгі сабақта ұлы Абай рухына, Жамбыл ата рухына тағзым ете отырып, білімімізді сынайық. Сендердің сәбилік жүректеріңнің лүпілін, Абай шығармаларын, Абай сөзін айтқан перзенттік, балалық лебіздеріңді Абай рухы қабыл алып, білім айдынында сәттілік болсын!
Сабаққа ұстаздар, ШҚМУ студенттері қатысып отыр, ол кісілер білімдеріңе баға береді.
ІІ. Шығармашылық бағытта берілген үй тапсырмасын тексеру (жалпысыныптық)
1. Шығармашылық ізденіске құрылған қосымша материалмен жұмыс.
Тұрағұл Абайұлының естелігі “Әкем Абай туралы”. Ақылбек Сармұрзақов – І топ жетекшісі.
2. “Абайдың қарасөздері” – даналық тағылымы (өзіндік шығармашылық тезис жасау). Санат Қалматаев – ІІ топ мүшесі.
3. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы (оқушылардың өз бетімен шығарған өлең шумақтарын назарға ұсыну). І, ІІ, ІІІ топтан.
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” Абай шығармаларынан
(Мәнерлеп оқу, шығармашылық сабағы).
Мұғалім:
- Балалар, бүгінгі сабаққа жоғарыда ескерткендей, ШҚМУ филология факультеті 4 курс студенті, көркемсөз оқудан О. Бөкей атындағы облыстық сайыс жүлдегері, өздеріңе таныс Тоқтарбек Хамзин ағаларың қатысып отыр. Тоқтарбек қазан айында өткізілген Республикалық “Шабыт” байқауына қатысып, жүлдемен оралды. Қазір сендердің алдарыңда мәнерлеп оқу үлгісін поэзиялық, прозалық шығармалардан үзінді оқып, көрсетеді.
Ынтамен тыңдап, зер салып, өздеріңе сабақ алыңдар, үлгі ретінде қабылдаңдар.
Ендігі кезек сендерде, балалар.
а) “Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер”… (мәнерлеп оқу)
І топ. “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” өлеңі.
ІІ топ. “Адамның кейбір кездері” өлеңі.
ІІІ топ. “Әуелде бір суық мұз ақыл зерек” өлеңі.
ә) “Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек” (17-қарасөзді рольмен мәнерлеп оқу, жатқа оқу).
[Әртоптанбіроқушыдан]
б) Өзіндік пікір, қысқаша талдау.
в) “Кешегі өткен ер Әбіш,
Елден бір асқан ерек-ті…” (өлең талдау шағын дәйекті мінездеме жазу арқылы)
І топ. “Әбдірахман өлгенде” өлеңі. 1-өлең.
ІІ топ. “Әбдірахман өлгенде” өлеңі. 2-өлең.
ІІІ топ. “Әбдірахман өлгенде” өлеңі – 3 өлең.
Талдау үшін: “Өлең талдау үлгісіне арналған төмендегідей.
Тапсырма.
1. Өлеңді шағын бөлімдерге бөл.
2. Өлеңге тақырып ойластырып қой.
3. Әр бөлім бойынша ойыңды жинақтап, Әбдірахманға мінездеме бер. Түрі – шағын дәйекті мінездеме. Үлгі:
Өлең бөлімдері
Тақырып
Өлеңнен үзінділер (Әбдірахман сипатына)
Мінездеме
І бөлім
Талаптың мініп тұлпарын
Талаптың мініп тұлпарын…
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым… іңкәрің…
Әбдірахман – зор талап иесі. Ол – ғылым-білімге құштар жан.
ІІ бөлім
ІІІ бөлім
Оқушы білімін тексере отырып, проблемалы сұрақ-жауап арқылы бекіту:
1. Ақын трагедиясы, әке мен бала арасындағы қатынас осы “Әбдірахман туралы” өлеңдерінде қалай көрінеді?
2. Әбдірахман бейнесі арқылы Абай кімді танытқан деп ойлайсыңдар? Ол – тек Абайдың сүйікті ұлы ма, ақын толғанысында.
3. Өлеңде көтерілген басты тақырып, ақын мұраты не деп тұжырымдайсыңдар? [Мұғалімоқушыпікірінқорытындылайды].
ІІ топ. Әдебиет, тіл өнері, өнер туралы өлеңдерінен.
ІІІ топ. Еңбек, достық туралы өлеңдерінен.
4. Кім тапқыр (Абай өмірі, шығармашылығы бойынша сөзжұмбақ шешу).
V. Сабақты қорытындылау.
Қазақта: “Абай – дара, Абай – дана тұлға”.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Абайға тағзым ету – адам бойындағы махаббат пен мархабатқа тағзым ету, құдіреттің жақсылығын емес, жақсылықтың, адамшылықтың құдіретін сезіну арқылы содан өз бойыңа рухани күш алу. Ол үшін ұлы Абай бүкіл өмірлік, қазақтық болмысымызда оқып-үйренуіміз керек. Сонда ғана, балалар, Абайдың даралығы мен даналығын пайымдаймыз.
VІ. Оқушыны бағалау.
VІІ. Жаңа материал.
Мұғалім сабақтың мақсатын түсіндіреді.
- Балалар, жаңа сабақтың тақырыбы өткен сабақ мазмұнымен тікелей байланысты, сабақтас екендігін сендерге ескерте кетейін.
Яғни, ұлылар сабақтастығы, жалғасытығы қашан да үндес. Олардың әрқайсысы адамзаттың, халықтың ізгілік өмірі-болмысында өзіндік орын алып, бірақ игілік жолында ұштасады.
Абай, Жамбыл сияқты ұлылар бір-бірімен кездеспесе де, қазақтың дархан даласында, бірі – Ұлы жүз, бірі – Орта жүзде, бір-бірінің атына, талант құдіретіне қанық болған. Бір-біріне халық үшін ортақ ой-арнада тілектес болған.
І. “Дастан ата”. Жамбыл Жабаев – халық поэзиясының алыбы, екі ғасырдың ұлы жыршысы.
ІІ. Ұлылар сабақтастығы:
“Жалғызбын деп жүрмесін” өлеңінің тақырыптық, идеялық мәні.
Жоспар бойынша мұғалімнің түсіндірмесі (Баяндау, әңгімелеу және өлең түрінде).
а) Ұлы Жамбылдың өмірінен мағлұмат (1846-1945 жж.).
ә) Жамбыл туралы ұлағатты пікірлерден.
б) Жамбыл – екі ғасырда, екі өмірде талмай жырлаған талант, жүз жасаған бәйтерек.
в) “Жалғызбын деп жүрмесін” өлеңінің тақырыптық, идеялы мәні. Ұлы Абайға арналған көңіл айту үлгісіндегі өлең. Өлең Әбдірахман өліміне қабырғасы қайысқан Абайға демеу, қайғысына ортақтасу мақсатында сәлем айту ретінде Абайға жеткізілгендігі. Сарыны – жоқтау үлгісінде екендігі туралы. Жамбыл – Абай үндестігінің бір куәсі екендігі туралы түсіндіріледі. Бұл өлең сыныпта талданған “Әбдірахман өлеңіне” арналған Абайдың 3 өлеңімен жалпыадамзаттық адамгершілік, ізгілік, Отанды, халықты сүю мұратымен үндес екенін оқушылардың өздеріне тікелей түсінікті, ұғынықты екенін айтып, ой салу. Үйде талдау жасау арқылы шығармашылықпен ойлануды ескерту.
VІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Үй тапсырмасы.
1. Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы (қосымша әдебиеттер бойынша).
2. “Жалғызбын деп жүрмесін” өлеңін өзіндік талдау.