kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7-сынып ?шін белгісіздік есімдігі та?ырыбы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты :

Білімділігі :                        О?ушыларды  ?здігінен  білім  алу?а  баулу. Білім 

                                            алуда?ы негізгі  талаптарды  іске  асыру.Белгісіздік 

                                            есімдігіні?  т?рленуін  т?сіндіру. Таза ,сауатты

                                            жазу?а баулу.

Дамытушылы?ы :           С?з  байлы?ын  дамыту,  с?здік ?орын  арттыру. 

                                             Ойлау  ?абілеттерін  дамыту. О?ушыларды

                                             шы?армашылы??а  баулу.

Т?рбиелілігі :                      О?ушыларды  білімге  ??штарлы??а т?рбиелеу.

                                           Адамгершілікке, тілін, ділін  ??рмет  т?ту?а баулу.  

                                           ?з  ана  тілін  с?йетін, ?з  ойын  еркін  айтатын   

                                           жеке  т?л?аны  ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7-сынып ?шін белгісіздік есімдігі та?ырыбы »

Сабақ № 68 Сыныбы – 6 Күні _______

Сабақтың тақырыбы : Мекен үстеу

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушыларды өздігінен білім алуға баулу .Білім

алудағы негізгі талаптарды іске асыру . Мекен үстеуі

туралы теориялық білім беру , оны практикамен

бекіту . Теориялық материалды жүйелі , тиянақты

баяндауға дағдыландыру . Таза , сауатты жазуға баулу.

Дамытушылық : Сөйлемдегі сөздерді байланыстырып сөйлеуге ,

баяндай білуге дағдыландыру . Ойлау , талдау

қабілеттерін дамыту .

Тәрбиелік : Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын

арттыру . Ұжымдық бағытта жұмыс істеуге

қалыптастыру .Тілін , ділін сүйетін жеке тұлғаны

қалыптастыру .

Сабақтың әдісі : Түсіндіру , ұжымдық талдау, сұрақ – жауап , тест

жұмысы , қима қағазбен жұмыс , ішіне - сыртына

стратегиясы , сатылай комплексті талдау .

Сабақтың түрі : Ұжымдық ойлау

Сабақтың көрнекілігі : Таблица , қима қағаздар , ішіне – сыртына

стратегиясы , тірек сызба , бинго тақташасы , оқулық .

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Сыныпты үш топқа бөлемін .

Сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару .

Үй тапсырмасын

тексеру: Үйге берілген тапсырманы қима қағаз арқылы

сұрап , білімдерін бағалаймын .

І топ :

1 . Үстеу дегеніміз не ?

2 . Сөйлемдегі үстеуді тап .

1) Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді .

2) Қасен менің басыма бұрын келмеген ойды әкеп салды .

ІІ топ :

1 . Мағынасына қарай үстеулер қаншаға бөлінеді ?

2 . Сөйлемдердегі үстеуді тап .

1) Былтырлар оның сауда обороты губерниялық тұтынушылар

кооперациясынан асып кетті деген .

2 . Бүгін бір кез әкесімен ұранқайда отырғанда Әбіш

Сахара тіршілігінің мұны таң қалдырған бір жайын сөз қылды .

ІІІ топ :

1 . Мезгіл үстеуі дегеніміз не ?

2 . Сөйлемдерден үстеуді тап .

1) Абайға әзірге әрбір сөзді ұзаққа созған жоқ .

2 ) Қазір Еркебұлан сол ақ отаудың төрінде жалғыз отыр .

Үй тапсырмасын қорытындылаймын .



Жаңа сабақ : Мекен үстеуі









Құрамына қарай



1 . Негізгі түбір үстеу

Ілгері жүр , жоғары тартты .




2 . Туынды түбір үстеу

Жоғарыдан тартты , төменірек жүр.




3 . Күрделі үстеу

Алды – артын орады ,жолшыбай ала кетті .


Сұрақтары



Қайда ? төмен түсті , ілгері жүрді .

Қайдан ? жоғарыдан тартты .




Таблица арқылы жаңа сабақты түсіндіремін .

Жаңа сабақты бекіту : «Ішіне - сыртына» стратегиясы арқылы жаңа сабақты бекітемін .

І топ :

Мекен үстеуді сыртына шығарыңдар .

Ішіне Сыртына

Тыста отырған , бұрын жүгіртіп ,әрі қарай жүрді , әзірше суықтау , төмен түсіп, күздігүні туып алды , төменде тұратын , алдында отырған .


ІІ топ :

Мезгіл үстеуді сыртына шығарыңдар .

Ішіне Сыртына

Әрі – беріден кейін, ақырын жүрді , ертең барамын , тез келді , күні – түні оқиды , анағұрлым үлкен , бұрын жүрді , ешқашан кешікпейді




ІІІ топ :

Күрделі үстеуді сыртына шығарыңдар .

Ішіне Сыртына

Ертең барады , күні – түні оқиды , бүгін келді , таңертең тұрады , жоғары тартты , әнеугүні келетін , төмен түсті .





Оқулықпен жұмыс

279 – жаттығу .

Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құрау . Әр топтан 1 оқушы шығып 2 сөйлем жазып , үстеуді табады .

І топ :

1 . Мен сабағымды дайындайын деп едім , апам кейін дайындайсың

деді . 2 . Біздің тобымыз алда келеді .

ІІ топ :

1 . Жарас өзеннен көпір арқылы бері өтті .

2 . Жоғарыда құстар ұшып барады .

ІІІ топ :

1 . Гүлнұр отырған орнынан ілгері жылжыды .

2 . Қайрат тау етегінде төменде тұрып бізге қол бұлғады



Тестік жүйеде бинго ойыны



№1

Үстеу дегеніміз не ?

А) іс – әрекетті , қимылды білдіреді .

Ә) Заттың сапасын, көлемін білдіреді .

Б) Қимылдың мезгілін ,сапасын, мекенін білдіреді

В) Сөз бен сөзді байланыстырады .

( ұтыс – қаламсап )

№2

Күрделі үстеуді көрсетіңіз .

А) бүгін келдім

Ә) кеше бардым

Б) балаша сайрайды

В) Әрең көтердім

( ұтыс – дәптер )

№3

Мезгіл үстеуін көрсетіңіз

А) Бүрсігүні аттанды

Ә) Ілгері жүрді

Б) қаннен қаперсіз ұйықтайды

В) Қыруар жұмыс істедік

( ұтыс – қаламсап )



№ 4

Мекен үстеуін көрсетіңіз

А) Әрең – әрең бара жатты

Ә) алға қадам басты

Б) Қасақана істеді

В) Амалсыздан үйіне жүрді

( ұтыс – дәптер )

№ 5

Қайда ? қайдан? сұрағы қай үстеуге тән ?

А) мақсат

Ә) күрделі

Б) мекен

В) мөлшер

( ұтыс – желім)

№ 6

Қашан ? қашаннан ? сұрақтары қай үстеудің сұрақтары ?

А) мақсат

Ә) мезгіл

Б) мекен

В) қимыл - сын

( ұтыс – дәптер )

Тақтамен жұмыс

3 топтан үш оқушы шығып сөйлемнен үстеуді тауып , оның астын сызып сатылай комплексті талдау жасайды .

І топ :

Жарас тыста отырған кісілермен амандасты .

Тыста

1 . Бір құрамнан – тыста

2 . Құрылысына қарай дара

3 . Сөзде 1 лексикалық , 1 грамматикалық мағына бар

4 . лексиаклық мағынасы қимылдың мекенін білдіріп тұр

5 . грамматикалық мағынасы – үстеу

6 . тыста – қайда ? деген сұраққа жауап береді

7 . мағынасына қарай мекен үстеуі

ІІ топ :

Төлеген сыртқа шықты .

Сыртқа

1 . бір құрамнан тұр .

2 . құрылысына қарай дара

3 . сөзде 1 лексикалық, 1 грамматикалық мағына бар

4 . лексикалық мағынасы қимылдың мекенін білдіріп тұр

5 . грамматикалық мағынасы үстеу

6 . сыртқа – қайда ? деген сұраққа жауап береді

7 . мағынасына қарай мекен үстеуі

ІІІ топ :

Ертең мен мектепке барамын .

Ертең

1 . бір құрамнан тұр

2 . құрылысына қарай дара

3 . сөзде 1 лексикалық , 1 грамматикалық мағынасы бар

4 . лексикалық мағынасы қимылдың мезгілін білдіріп тұр

5 . грамматикалық мағынасы - үстеу

6 . қашан ? деген сұраққа жауап береді

7 . мағынасына қарай мезгіл үстеуі

Қорытындылау : «Даналық ағашы » арқылы сабақты қорытындылаймын .

туынды





Мекен үстеуі

негізгі

Қайда ?

Қайдан

күрделі

















Білімдерін бағалау: Үй тапсырмасы бойынша ,

сынып жұмысы бойынша

білімдерін бағалаймын





Үйге тапсырма : Мекен үстеуі

280 – жаттығу







Сабақ – 32 Сыныбы – 7 Күні _____________

Сабақтың тақырыбы : Белгісіздік есімдігі

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Оқушыларды өздігінен білім алуға баулу . Білім

алудағы негізгі талаптарды іске асыру .Белгісіздік

есімдігінің түрленуін түсіндіру . Таза ,сауатты

жазуға баулу .

Дамытушылығы : Сөз байлығын дамыту , сөздік қорын арттыру.

Ойлау қабілеттерін дамыту . Оқушыларды

шығармашылыққа баулу .

Тәрбиелілігі : Оқушыларды білімге құштарлыққа тәрбиелеу .

Адамгершілікке , тілін , ділін құрмет тұтуға баулу.

өз ана тілін сүйетін , өз ойын еркін айтатын

жеке тұлғаны қалыптастыру .

Сабақтың типі : Жаңа сабақ

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың барысы :

І .Ұйымдастыру : Сабаққа дайындығын тексеру .

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ . Үйтапсырмасын

тексеру : І топ

1 . Жіктеу есімдігі дегеніміз не ?

2 . Білікті біліп айтар сөзін ұтар ,

Ол емес сөзіңді бедел тұтар .

3 . Білімсіз не айтса да , білмей айтар –

Өз тілі өзінің кеп басын жұтар .

ІІ топ

1 . Өздік есімдігі дегеніміз не ?

2 . Келгенде өзді - өзіңе мықты – ақсыңдар ,

Қайтейін , өзге десе көнгішіңді .

3 . Сықылды сынық бұтақ төмендесең ,

Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді ?!



ІІІ топ

1 .Сілтеу есімдігі дегеніміз не ?

2 .Басқа жұрт балалары оқу қуған ,

Біліммен өз жұртының бетін жуған .

3 . Ішіп – жеп жүрсе егер хайуан малдай ,

Адамзат жер жүзіне не үшін керек ?!



Жаңа сабақ : Белгісіздік есімдігінің түрленуі



Белгісіздік есімдігінің септелуі





Септік



қайсыбіреу



әрне



Кімде - кім



әлдене



Атау



Қайсыбіреу



әрне



Кімде – кім



әлдене



Ілік



Қайсыбіреудің



әрненің



Кімде – кімнің



әлдененің



Барыс



Қайсыбіреуге



әрнеге



Кімде – кімге



әлденеге



Табыс



Қайсыбіреуді



әрнені



Кімде – кімді



әлденені



Жатыс



Қайсыбіреуде



әрнеде



Кімде – кімде



әлденеде



Шығыс



Қайсыбіреуден



әрнеден



Кімде – кімнен



әлденеден



Көмектес



қайсыбіреумен



әрнемен



Кімде - кіммен



әлденемен





Белгісіздік есімдігінің тәуелдену үлгісі



жақ

жекеше

Көпше



І менің



Біреуім




Бірдемем



біздің



біреуіміз



Бірдемеміз

ІІ сенің

сіздің



біреуің




бірдемең



сендердің



біреулерің



бірдемелерің



біреуіңіз



бірдемеңіз



сіздердің



біреулеріңіз




бірдемелеріңіз



ІІІ оның



біреуі



бірдемесі



олардың



біреулері




бірдемелері

Белгісіздік қызметінің атқаратын қызметі





Сөйлем мүшелері




Мысалдар

Атау септікте

Бастауыш




Біреулер үйлерінің орнын өлшеп жүр .



Ілік септік

Анықтауыш




Біреудің кісі өлсе , қаралы ол .

Барыс, табыс, жатыс, шығыс,көмектес

Толықтауыш




Кейбіреуге таяғым тиіп те кетті бартылдап .



Ішіне – сыртына стратегиясы

І топ

Сыртына белгісіздік есімдігін шығарыңдар



Ішіне сыртына



Барлық , кейбіреуге , олар , әлдекімнің , мынау , әрне , баршасы




Кейбіреуге , әлдекімнің , әрне

ІІ топ

Сыртына белгісіздік есімдігін шығарыңдар .



Ішіне сыртына



Осынау , ешкімге , кімде – кім , өзімнің , бірдеме , барша , біреу




Кімде – кім , бірдеме , біреу



ІІІ топ



Сыртына белгісіздік есімдігін шығарыңдар



Ішіне сыртына



Кімнің , қасыбіреудің , сендерге , әркім , оған , әлдене , күллі




Қайсыбіреудің , әркім ,

әлдене

109 – жаттығу

І топ



Атау әлдекім бірдеме

Ілік әлдекімнің бірдеменің

Барыс әлдекімге бірдемеге

Табыс әлдекімді бірдемені

Жатыс әлдекімде бірдемеде

Шығыс әлдекімнен бірдемеден

Көмектес әлдекіммен бірдемемен



ІІ топ

Атау кейбіреу әлдене

Ілік кейбіреудің әлдененің

Барыс кейбіреуге әлденеге

Табыс кейбіреуді әлденені

Жатыс кейбіреуде әлденеде

Шығыс кейбіреуден әлденеден

Көмектес кейбіреумен әлденемен



ІІІ топ

Атау әркім біреу

Ілік әркімнің біреудің

Барыс әркімге біреуге

Табыс әркімді біреуді

Жатыс әркімде біреуде

Шығыс әркімнен біреуден

Көмектес әркіммен біреумен



Математикалық сөзжұмбақ

І топ

14 , 10 , 7 , 12 , 6 , 15 , 10 , 5 .



1

2

3

5

у

е

р



6

і

б


7


й

к


Жауабы: кейбіреу

ІІ топ



18 , 24 , 28 , 21 , 27 , 16 , 14 .






2

3

4



7

м

е

д



8

і

л




9



ә



к




Жауабы: әлдекім



ІІІ топ



7 , 8 , 35 , 28 , 32 , 40 , 32 .








4



5



1



7



д



р



Б



8

е

м

і



Жауабы: Бірдеме



110 – жаттығу

І топ

Біздің сыртқы сезім дейтініміз не үшін керек ? Бізді бірдемеге сүйреу , не бірдемеден бездіру үшін керегін еске түсіру ме ? Ол бізді сақтандыру не көтермелеу үшін керек .



ІІ топ

Көңіліміз ше ? Бізді оятып , іске тарту үшін керек . Ойымыз ше ? Ол амалды сақтап тұру үшін керек .



ІІІ топ

Сонымен , осы тіршілікке құрал болған сипаттардың біраз керегі - өз игілігіміз үшін , жер үстінде өмір жасымыз ұзақ болу үшін екен .

Адам қанша өзін - өзі дәріптегенімен , алдымен өмірге, тіршілікке тырмысады , оның рухын бар десек , ол «рух» тіршілік ыңғайына түсуге құрал болу үшін берілген деп білу керек .



5 – жолды өлең



1 . Зат есім Жанар

2 . Сын есім кішкентай , әдемі

3 . Етістік күлді , ойнады , іздейді

4 . Сөйлем Кішкентай Жанар әлдекімді іздейді .

5 . Синоним қыз



Тест жұмысы

1 . Жіктеу есімдігін табыңыз .

А) бұлар

ә) қайдан

б) олар

2 . Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз .

А) күллі , барша , тегіс

Ә) әркім , қайсыбір , ешқашан

Б) Мынау , осыңыз , соным

3 .Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті көрсетіңіз .

А) осынау

ә) оған

б) әрне

4 . Бастауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз .

А) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін .

Ә) Сенен аяр түгі жоқ

Б) Әркімді заман сүййремек .

5 . Дара есімдікті табыңыз .

А) Олар ертең сабаққа бармайды .

Ә) Марат өз - өзіне сөз берді .

Б) Әрдайым сабақ оқы .

6 . Ілік септігіндегі тұрған белгісіздік есімдігін табыңыз .

А) кімсіздер

ә) әлдененің

б) бұған





Қорытындылау :







Белгісіздік

есімдігі



біреу

бірдеме

кейбіреу

әлдекім

кейбіреу





















Білімдерін бағалау : Оқушылардың білімдерін бағалаймын .



Үйге тапсырма : 111 – жаттығу .







Сабақ № 38 Сыныбы – 6 Күні _______



Сабақтың тақырыбы : Топтау сан есім

Бөлшектік сан есім



Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру

Дамытушылығы: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

Тәрбиелілігі :

Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушыларды ұйымдастыру.

Сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын

тексеру: Кеспе қағаздарды үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Дара сан есім дегеніміз не?

5.Күрделі сан есім дегеніміз не?

6.Есептік сан есім дегеніміз не?

7.Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?

8 Болжалдық сан есім дегеніміз не ?

9 Болжалдық сан есім қалай жасалады ?

10 .Болжалдық сан есімге жұрнақтың қандай

түрлері жалғанады ?



Жаңа сабақ: Топтау сан есім



Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес , топтап көрсетеді де нешеден ? қаншадан ? деген сұрақтарға жауап береді . топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады . Мысалы : екіден , жүзден , қырық – елуден , он – оннан , бес – алтыдан , үшеу – үшеуден , жүз елуден , жиырма бестен .

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді . Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады . Жай бөлшектік сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте , алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады . Мысалы : екіден бір ал , үштің бірі. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты , жарым , ширек сөздері тіркесіп келіп те жасалады . Мысалы : екі жарым , үш ширек .Ондық бөлшектік сан есімнің бөлімі ондық, жүздік мыңдық сияқты болып жасалады .

Мысалы : екі бүтін үш ондық немесе екі бүтін оннан үш (2,3), бес бүтін төрт жүздік немесе бес бүтін жүзден төрт (5,04) .

Екеуара жұмыс: Дәптерлеріне құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер жазғызамын.

Мысалы: Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады



172 – жаттығу .

Он – оннан , сегізден , алтыдан , екі – екіден , қырық – қырықтан , жетпіс – жетпістен , жүз – жүзден , мың – мыңнан .

173 – жаттығу .



Реттік сан есім

Жүзінші , елуінші , алпысыншы , тоқсаныншы , мыңыншы


Болжалдық сан есім

Жүздеген , елулеген, елуге жуық, алпысқа тарта , алпыстай , тоқсандаған, тоқсанға тарта , мыңдаған, мыңға жуық


Топтау сан есім

Жүз – жүзден , елу – елуден , алпыс – алпыстан , тоқсан – тоқсаннан , мың – мыңнан






175 – жаттығу .

Жанар сіңлісіне алып келген дәптерінің үштен бір бөлігін берді .

Егіс алқабының төрттен бір бөлігіне картоп , төрттен бір бөлігіне сәбіз қалған бөлігіне қызанақ пен қияр егілді .

176 – жаттығу .

Екіден бір, үштен екі , екі бүтін бестен үш , он екі бүтін оннан бес , жиырма сегіз бүтін үштен бір , жетіден екі , төрттен үш , бір бүтін үштен екі , жетпіс алты бүтін жүзден екі .

Қорытындылау : Топтастыру стратегиясы арқылы сабақты қорытындылаймыз

Сан есім

есім















Білімді бекіту:1. Топтау сан есім дегеніміз не?

2. Қандай сұрақтарға жауап береді?

3.Есептік сан есімнен қандай айырмашылығы бар?

4.Жинақтық сан есімнің айырмашылығы неде?

5.Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Ішіне – сыртына стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты бекітемін .Сыртына бөлшектік сан есімді шығарамыз .

Ішіне сыртына



Оннан екі, он шақты, бес бүтін жүзден төрт , жетеу , елулеген,екі бүтін оннан үш , бестен , екіден бір, мыңға тарта, алтыншы ,екіден бір







Үйге тапсырма : 177 – жаттығу .






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
7-сынып ?шін белгісіздік есімдігі та?ырыбы

Автор: Умбетова Алмагул Бектибаевна

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175738


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства