kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?УШЫЛАР?А АРНАЛ?АН Т?Л?АЛЫ? ?СУ ТЕСТТЕРІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?у тобында?ы ?йымшылды?ты? эксперттік ба?алауы.

Зерттеу тек ?ана эксперименттік сыныптарда ?ткізіледі.

Берілген сауалнаманы зерттелетін сыныпты? сынып жетекшісі толтырады. Ма?саты: о?у ?жымында?ы топты? ?йымшылды?ты аны?тау.

Болжамы: эксперименттік сыныптарда психологиялы? ахуалды? жо?ары де?гейі басым болады, я?ни топты? ?йымшылды?ты? жо?ары индексі болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?УШЫЛАР?А АРНАЛ?АН Т?Л?АЛЫ? ?СУ ТЕСТТЕРІ »

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЛҒАЛЫҚ ӨСУ ТЕСТТЕРІ


ОРТА БУЫН

7-8 – сыныптар

Сыныптағы психологиялық ахуал.

Оқу тобындағы ұйымшылдықтың эксперттік бағалауы.

Зерттеу тек қана эксперименттік сыныптарда өткізіледі.

Берілген сауалнаманы зерттелетін сыныптың сынып жетекшісі толтырады.

Мақсаты: оқу ұжымындағы топтық ұйымшылдықты анықтау.

Болжамы: эксперименттік сыныптарда психологиялық ахуалдың жоғары деңгейі басым болады, яғни топтық ұйымшылдықтың жоғары индексі болады.

Тұлғаның өзін-өзі дамытуға дайындығы.

Зерттеу тек қана эксперименттік сыныптарда өткізіледі.

Мақсаты: тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тануға дайындығын анықтау.

Болжамы: эксперименттік сыныптарда өзін-өзі тануға және өзін-өзі жетілдіруге деген критерийлері басым болады.

Мейірімділіктің диагностикасы.

Зерттеу тек қана эксперименттік сыныптарда өткізіледі.

Мақсаты: мейірімділік деңгейін анықтау.

Болжамы: эксперименттік сыныптарда басқаларға деген мейірімділік қатынастың жоғары көрсеткіші басым болады.

Эмпатияға бейімділікті бағалау.

Зерттеу эксперименттік және бақылау топтарында өткізіледі.

Мақсаты: эмпатия деңгейін зерттеу.

Болжамы: бақылау сыныптарына қарағанда, эксперименттік сыныптарында эмпатия деңгейі жоғары.


Өзіндік бағалау деңгейі (тек 8-сыныптарға ғана өткізіледі).

Зерттеу тек қана эксперименттік сыныптарында өткізіледі.

Мақсаты: өзіндік бағалау деңгейін анықтау.

Болжамы: эксперименттік сыныптарында оқушыларда өзіндік бағалаудың – адекватты деңгейі басым болады.




1 тест


СЫНЫПТАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ

Оқу тобындағы ұйымшылдықтың эксперттік бағалауы


Мақсаты: оқу ұжымындағы топтық ұйымшылдықты анықтау.

Шкалалар: топтық ұйымшылдықтың деңгейі.


Тесттің тағайындалуы


Әдістеме оқу ұжымының топтық ұйымшылдығын анықтауға арналған және бұл әдістемені білім аясындағы қызметкерлер оқу-тәрбиелік процесінде қолдана алады.


Тестке арналған нұсқаулық


Әдістемеде сыныптың жеті психологиялық сипаттамасы беріледі. Тестіден өтетін сынып жетекшісі зерттелетін сыныптың шынайы күйін көрсететін үш ұсынылған пікірлердің бірін таңдайды (A, B, C).


Тест


Оқу сыныптарының бағаланатын психологиялық сипаттмалары:


1. Сыныптың күйін барынша сипаттайтын бір пікірді таңдаңыз

1. Менің ойымша, барлық оқушыларға сыныпта жылы, ыңғайлы, қолайлы, олар өздерін достарының арасында сезінеді.

2. Сыныпта барлық оқушылар сыныптың достық қолдауын сезінбейді.

3. Сыныпта жалғыз, оқшауланған балалар бар.

2. Сыныптың күйін барынша сипаттайтын бір пікірді таңдаңыз

1. Негізінен балалар сыныпты аялайды, сыныптың қадірін біледі.

2. Оқушылардың көп бөлігі өзінің мектеп өміріндегі сыныптың маңыздылығы туралы ойланбайды.

3. Менің ойымша, сыныбын ауыстырғысы келетін оқушылар бар.

3. Сыныптың күйін барынша сипаттайтын бір пікірді таңдаңыз

1. Сыныпта әрбір оқушы туралы қамқорлық байқалатыны сезіледі.

2. Сынып өз іс-әрекетінде өзі туралы, мектеп туралы қамқорлықтан тыс шығады.

3. Сынып ішкі жағдайға, мысалы, әрбір оқушыны қорғауға қарағанда, сыртқы жағдайлар туралы көп ойлайды, мысалы, дискотека және т.б.

4. Сыныптың күйін барынша сипаттайтын бір пікірді таңдаңыз

1. Сыныпта тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге байланысты қанағаттанушылық айтуға болады.

2. Менің ойымша, сыныпта тәрбиелік жұмысты қосымша кейбір маңызды сәттермен толтыруға болады.

3. Менің ойымша, бұл толығымен түбірлі өзгерістерді талап етеді.

5. Сыныптың күйін барынша сипаттайтын бір пікірді таңдаңыз

1. Сыныпта өткізілетін ұжымдық шығармашылық істерді оң, жағымды бағалауға болады.

2. Тәжірибеге көп жағдайда ұжымдық шығармашылық істерді қосу қажет.

3. Сыныпқа жаңа ұжымдық шығармашылық істер қажет емес.

6. Сыныптың күйін барынша сипаттайтын бір пікірді таңдаңыз

1. Менің ойымша, сыныпта ортақ достық үшін негіз бар.

2. Негізінен, топ болып достасады, ортақ болып шықпайды.

3. Сыныпта барлығының достығы мүмкін емес.

7. Сыныптың күйін барынша сипаттайтын бір пікірді таңдаңыз

1. Менің ойымша, балалар сыныпта өзінің қабілеттері мен қызығушылықтарын байқатады.

2. Сыныпта балалардың қабілеттерін байқату үшін мүмкіндіктер шектеулі. 3. Сыныпта қабілеттері мен қызығушылықтары ашылмаған көптеген балалар бар.


Тестті өңдеу және тест нәтижелерінің интерпретациясы


Алынған жауаптар келесі кестенің көмегімен баллдарға ауыстырылады.

Сұрақтардың № Баллдармен жауаптар

А B C

1 10 2 -10

2 10 2 -10

3 10 20 -10

4 10 5 -10

5 20 10 -10

6 10 6 -5

7 30 20 -10

Жалпы нәтиже баллдармен есептеледі. Баллдардың ең үлкен қосындысы - 100, ең кішісі – 65.


Топтық ұйымшылдықтың жоғары деңгейі – 76-100 балл, бұл ұйымдасқан ұжым болып табылады, мұнда әрбір оқушының жеке тұлғасы құрметтеледі және құнды болып есептеледі, оқушылар тек сыныптың ішінде белсенді іс-әрекетті жүзеге асырып қана қоймайды, олар сонымен қатар қоршағандарға жағымды әсер етеді.

Топтық ұйымшылдықтың орташа деңгейі – 46 – 75 балл, сыныпта ұжымның бірлігі жоқ, оқушылар симпатия бойынша, жалпы қызығушылықтар бойынша және т.б. топтарға бөлінген.

Топтық ұйымшылдықтың төмен деңгейі – 30 - 45 балл, оқушылар бөлек жүреді, кейбір лидерлер ғана бар, ұжымдық істер сынып оқушыларына маңызды әсер етпейді.

Топтық ұйымшылдықтың критикалық деңгейі – 30 баллдан төмен, оқушылар мүлдем ұйымдаспаған және басқаруға келмейді, олардың ішінде лидер жоқ.



1 «Оқу тобындағы ұйымшылдықтың эксперттік бағалауы» тестінің

ЖЕКЕ НӘТИЖЕЛЕРІ


Облыс _________________________________________________________

Білім беру ұйымының атауы ______________________________________

Мектеп ұйымы директорының аты-жөні _____________________________

Сынып жетекшісінің аты-жөні _____________________________________

Сынып__________________________________________________________

Оқушылардың саны _______________________________________________


Сынып

Баллдардың саны

Топтық ұйымшылдықтың деңгейі

1




2





Берілген жеке дара сызба (таблица) білім беру мекемесінде қалдырылады.

1 «Оқу тобындағы ұйымшылдықтың эксперттік бағалауы» тестінің

ЖАЛПЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

Облыс ________________________________________________________

Сынып жетекшісінің аты-жөні _____________________________________

7- сыныптағы оқушылардың саны____________________________________

8-сыныптағы оқушылардың саны____________________________________

Берілген әдістеме 7-сыныптың екі сыныбында өткізілсе, онда нәтижелер кестеге бөлек толтырылады – 7 А, 7 Б.



Білім беру ұйымының атауы

Мектеп ұйымы директорының аты-жөні



Сыныптар

Оқушы-ң саны

Топтық ұйымшылдықтың деңгейлері




жоғары

орташа

төмен

критикалық

саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

1













Берілген жалпы сызба «Бөбек» ҰҒПББСО-на, АҮДИ-ның Оқу жетістіктерінің мониторингі мен ОӘК зертханасына жіберіледі.



№2- тест


ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ


Мақсаты: өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тануға тұлғаның дайындығын анықтау.


Нұсқаулық:


Тапсырмадағы әрбір пікірді оқып шығыңыз, оның номерін параққа жазыңыз және оған баға беріңіз, қаншалықты осы пікір Сіз үшін дұрыс екендігін анықтаңыз. Егер дұрыс болса, онда номерге қарсы «+» белгісін қойыңыз, дұрыс емес болса - «-» белгісін қойыңыз. Қалай жауап беру керектігін білмесеңіз «?» белгісін қойыңыз.


  1. Өзім туралы біліп отырғанды қалаймын.

  2. Өзгеріп тұру қажеттілігі менде жоқ.

  3. Мен өз күшіме сенімдімін.

  4. Ойлағанымның барлығы іске асатына мен сенімдімін.

  5. Кемшіліктер мен жетістіктерімді білуге менің ықыласым жоқ.

  6. Өзіме сенімді болудан гөрі, сәттілікке көп мән беремін.

  7. Қалай жақсы және тиімді жұмыс жасау керектігін білгім келеді.

  8. Қажет болғанда өзімді өзгертуге ұмтыламын.

  9. Менің сәтсіздіктерім көп жағдайда менің сауатсыздығымнан.

  1. Қасиеттерім мен мүмкіндіктерім туралы пікірлерді білуге ұмтыламын.

  2. Ойлағанымды өзбетінше іске асыру және өз-өзімді тәрбиелеу үдерісі мен үшін қиынға соғады.

  3. Кез келген істе мен сәтсіздіктер мен қателіктерден қорықпаймын.

  4. Менің қасиеттерім және біліктерім оқудың (кәсіптің) талаптарына сәйкес келеді.

  5. Бір нәрсені орындауда кейбір жағдайлар менің мүмкіндіктерімнен жоғары болады.


Нәтижелерді талдау және өңдеу:

Өзін-өзі дамытуға қажет дайындықтың деңгейін жауаптардың қосындысынан біле аламыз. «Кілтпен» сәйкес келетін жауаптарды есептейміз: «+» деген жауапты келесі сұрақтардың номерлері бойынша: 1, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 12 және «-» — қалған сұрақтар бойынша. Сәйкес жауаптардың саны 0-ден 14-дейін өзгеріп тұрады.

Тесттің мақсаты: өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тануға тұлғаның дайындығын анықтау.

«Өзімді білгім келеді» параметрі бойынша дайындықтың өлшемін (сәйкес белгілерін сақтай отырып) келесі сұрақтар бойынша анықтаймыз 1, 2, 5, 7, 9, 10, 13.

Өзін-өзі білу дайындығының максимальды мәні (ӨБД-ң) 7 ұпайға тең болуы мүмкін. «Өзімді –өзім жетілдіре аламын» өлшемі бойынша тұлғаның дайындығы келесі пікірлер (3, 4,6, 8,11,12,14) арқылы дәл осылай есептелінеді. Максимум — 7 ұпай.

Алынған нәтижелер графикке енгізіледі: көлденен ӨБД-ның өлшемдері белгіленеді, тігінен – ӨЖД-ның. Екі координат бойынша графикте нүкте белгіленеді, ол А, Б, В, Г шаршыларына түсуі мүмкін (2-сурет). Белгілі бір шаршының аумағына түсу – сіздің қазіргі кездегі күйіңізді білдіреді.

1-ші сурет. Мүмкін сәйкестіктердің сипаттамасы

Өлшемдер:

А — «өзімді өзім жетілдіре аламын», бірақ «өзімді білгім келмейді» (өзін-өзі жетілдіру ықыласы, бірақ өзін білуге ұмтылмаушылық).

Б — «өзімді білгім келеді» және «өзгере аламын» (өзін білуге және өзгертуге ұмтылушылық).

В — «өзімді білгім келмейді» және «өзгергім келмейді» (өзін білуге және жетілдіруге ұмтылмаушылық).

Г — «өзімді білгім келеді», бірақ «өзімді өзгерте алмаймын» (өзін білуге ұмтылушылық, бірақ өзін-өзі өзгерту тұрғысынан сенімсіздіктің болуы).


Б шаршысы. Әрі қарай тұлғалық өсу үшін қолайлы сәйкестілік. Өзін-өзі тануға ұмтылушылық өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі негізінде қалыптасады.

Г шаршысы. Осындай сәйкестілік өзіңізді тану ықыласыңыздың және өзіңізді жетілдіру дағдыларын игермегендігін білдіреді. Өзін-өзі тәрбиелеудегі қиындықтар: «Қолымнан келмейді, яғни орындамаймын». ӨЖД-ғы бойынша кілтпен сәйкес келмейтін пікірлерді қараңыз. Талдау Сіздерге қандай бағыттар бойынша жұмыс жасау қажеттігін көрсетеді. Өзін-өзі жетілдіруде кіші Сенекидің сөздерін есімізге түсіргеніміз орынды болады: «Адам өзінің қабілеттерін тек қана оларды шын мәніндегі іс-әрекет барысында тексеру арқылы біле алады».

А шаршысы. Егер ӨБД өлшемі ӨЖД –ның өлшемінен төмен болса, онда өзін түсінуден гөрі Сізде өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндігіңіздің көп болғандығын байқаймыз. Осындайда кәсіпті игеру ісі өзін біліп танудан басталады. Адамның кәсібилігі оның жеке іс-әрекет стилінің анықталуымен басталады. Ал бұл дегеніміз адамның өзін-өзі тануы арқылы жүретін үдеріс.

В шаршысы. Егер ӨБД және ӨЖД –ның өлшемдері 4 ұпайдан кем болса, Сіздің талдауыңыз «кілтпен» сәйкес келмеген пікірлерге бағытталуы тиіс. Дәл сол жерлерде белгілі бір бағыт бойынша Сіз өз-өзіңізді жетілдірмеудің себептерін анықтай аласыз.



2 «Тұлғаның өзін-өзі дамытуға дайындығы» атты тестінің

ЖЕКЕ НӘТИЖЕЛЕРІ

Облыс________________________________________________________

Білім беру мекемесінің атауы________________________________

Мектеп директорының аты-жөні___________________________

Сынып__________________________________________________________

Оқушылардың жалпы саны________________________________________

Оқушылардың аты-жөні

Өзін-өзі дамытуға жалпы дайындық

Сәйкес келген жауаптар-дың саны

Өзін танып білуге дайындық (ӨБД)

Ұпайлар саны

«Өзімді жетілдіре аламын» дайындығы (ӨЖД)

Ұпайлар саны

1





2





Берілген жеке дара сызба (таблица) білім беру мекемесінде қалдырылады.


2 «Тұлғаның өзін-өзі дамытуға дайындығы» атты тестінің

ЖЕКЕ НӘТИЖЕЛЕРІ

Облыс_______________________________________________________

Білім беру мекемесінің атауы________________________________

Мектеп директорының аты-жөні___________________________

Сынып__________________________________________________________

Оқушылардың жалпы саны________________________________________



Оқушылар-дың аты-жөні


Шаршы / Өлшем


А – «өзімді өзім жетілдіре аламын», бірақ «өзімді білгім келмейді»

Б – «өзімді білгім келеді» және «өзгере аламын»

В – «өзімді білгім келмейді» және «өзгергім келмейді»

Г «өзімді білгім келеді», бірақ «өзімді өзгерте алмаймын»

1






2






Берілген жеке дара сызба (таблица) білім беру мекемесінде қалдырылады.

2 «Тұлғаның өзін-өзі дамытуға дайындығы» атты тестінің

ЖАЛПЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

Облыс________________________________________________________

7-ші сынып оқушыларының саны____________________________________

8-ші сынып оқушыларының саны____________________________________

Егер екі қатар сыныпта осы әдістеме жүргізілсе, онда нәтижелері жеке кестеде көрсетіледі – 7 А, 7 Б.



Білім беру мекемесінің атауы, мектеп директоры-ның аты-жөні

Сынып-тар

Оқушылар-дың саны

Өзін-өзі дамытуға және тануға тұлғаның дайындығын анықтаудың өлшемдері




А – «өзімді өзім жетілдіре аламын», бірақ «өзімді білгім келмейді»

Б – «өзімді білгім келеді» және «өзгере аламын»

В – «өзімді білгім келмейді» және «өзгергім келмейді»

Г «өзімді білгім келеді», бірақ «өзімді өзгерте алмаймын»

саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

1













Берілген жалпы сызба «Бөбек» ҰҒПББСО-на, АҮДИ-ның Оқу жетістіктерінің мониторингі мен ОӘК зертханасына жіберіледі.

№3 - тест


МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ


Мақсаты: мейірімділік деңгейін анықтау.


Шкалалары: мейірімділік қатынасының деңгейі


Тестке нұсқаулық:

Сұрақ-жауаптың пікірлерін мұқият оқып шығыңыз. Егер жұптағы қандай болмасын пікір дұрыс және Сіздің өзіңіз бен өзгелер туралы ойыңызға сәйкес болса, онда жауаптар парағында нормерге қарсы өзіңіздің қаншалықты келісетініңіздің дәрежесін ұсынылған шкала бойынша белгілеңіз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сұрап білгендеріңіз артық болмайды, оларды тест басталар алдында қойғандарыңыз дұрыс болады.


Тест:


1. Дұрыс жауапты таңдаңыз

1. Адам көп жағдайда өзгелерге сенімді болады.

2. Өзгелерге сену қауіпсіз емес, өйткені ол оны өзінің мақсаты үшін пайдалануы мүмкін.

2. Дұрыс жауапты таңдаңыз

1. Адамдар бірін-бірі жәбірлегеннен гөрі, бір-біріне көмек береді.

2. Біздің заманда толық сенуге болатын адам кездеспейтін шығар.

3.Дұрыс жауапты таңдаңыз

1. Өзгелер үшін жұмыс жасау жағдайы қауіпті болады.

2. Достар мен әріптестер қауіпсіздіктің ең жақсы кепілі болады.

4. Дұрыс жауапты таңдаңыз

1. Біздің заманымызда сенім өміршеңдіктің негізі болып табылады.

2. Өзгелерге сену өз басына қауіп төндірумен тең.

5. Дұрыс жауапты таңдаңыз

1. Егер таныс адам қарызға ақша сұраса, онда оған бермеудің сылтауын тапқан жөн.

2. Басқа адамға көмек беру қабілеті өміріміздің ең жақсы белгілерін білдіреді.

6. Дұрыс жауапты таңдаңыз

1. «Келісім ақшадан да артық» – біздің заманымыздың ең жақсы ережесі деп айтуға тұрарлық.

2. Өзіндік ұстанымдарға қарамастан барлық қоршаған адамдарға қауіп төндіруге ұмтылу керек.

7. Дұрыс жауапты таңдаңыз

1. Адам өз мүмкіндіктерінен жоғары секіре алмайды.

2.Жігер бар жерде, нәтиже бар.

8. Дұрыс жауапты таңдаңыз

1. Іскерлік қатынастарда достыққа орын жоқ.

2. Іскерлік қатынастардың негізгі қызметі өзге адамдарға көмек беру мүмкіндігінде.


Тест нәтижелерін өңдеу мен интерпретациялау:

Тесттің кілті:

Адамдарға мейірімділік қатынастарын білдіретін таңдаулар: 1A, 2A, 3В, 4А, 5В, 6А, 7В, 8В.

Сәйкес келген жағдайда 1 ұпай бағасымен белгіленеді, сәйкес келмеген жағдайда – 0 ұпай. Ұпайлар саны есептеледі.


Тест нәтижелерін интерпретациялау:

• 2 ұпай және одан төмен – өзгелерге мейірімділік қатынасының төменгі көрсеткіші;

• 3 – 5 ұпайлар – өзгелерге мейірілік қатынасының орташа көрсеткіші;

• 6 ұпай және одан жоғары – өзгелерге мейірілік қатынасының жоғары көрсеткіші.


3 «Мейірімділіктің диагностикасы» атты тестінің

ЖЕКЕ НӘТИЖЕЛЕРІ



Облыс________________________________________________________

Білім беру мекемесінің атауы________________________________

Мектеп директорының аты-жөні___________________________

Сынып__________________________________________________________

Оқушылардың жалпы саны________________________________________


Оқушылардың аты-жөні

Ұпайлардың саны

Өзгелерге мейірімділік қатынасының көрсеткіштері

1




2





Берілген жеке дара сызба (таблица) білім беру мекемесінде қалдырылады.



3 «Мейірімділіктің диагностикасы» атты тестінің

ЖАЛПЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

Аймақ________________________________________________________

7-ші сыныптағы оқушылардың саны__________________________________

8-ші сыныптағы оқушылардың саны ___________________________________

Егер екі қатар сыныпта осы әдістеме жүргізілсе, онда нәтижелері жеке кестеде көрсетіледі – 7 А, 7 Б.



Білім беру мекемесінің атауы, мектеп директорының аты-жөні



Сынып

Оқушылар саны

Өзгелерге мейірімділік қатынасының көрсеткіштері



төменгі

орта

жоғары

саны

%

саны

%

саны

%

1











Берілген жалпы сызба «Бөбек» ҰҒПББСО-на, АҮДИ-ның Оқу жетістіктерінің мониторингі мен ОӘК зертханасына жіберіледі.


4 тест


ЭМПАТИЯҒА БЕЙІМДІЛІКТІ БАҒАЛАУ


Мақсаты: эмпатияның деңгейін зерттеу.

Эмпатия, яғни қосыла әсерленушілік – бұл дегеніміз өзге адамның орнына өзін қою білігі және өзгелердің уайымдары мен сезімдеріне эмоциялық тұрғысынан жауап беру қабілеттілігі.

Қосыла әсерленушілік – өзгелердің сезімдерін өзінің сезімдеріндей қабылдау. Эмпатия адамаралық қатынастардың реттелуіне ықпал етеді. Ол адамның мінез-құлқын әлеуметтік тұрғысынан айқындайды. Дамыған қосыла әсерленушілік қабілеті қарым-қатынас барысындағы серіктестің әлеміне еніп кетудің және оқыту мен тәрбиелеудің басты факторы болып анықталады.


Нұсқаулық:

Эмпатиялық бейімділіктердің деңгейін анықтау үшін келесі жауаптардың нұсқауларын қолдануға болады: «білмеймін» (0), «жоқ, ешқашан» (1), «кейде» (2), «үнемі» (3), «көбіне» (4), «иә, әрқашанда» (5).


Пікірлер

білмеймін

жоқ, ешқашан

кейдеі

үнемі


көбіне

иә, әрқашанда

1

Маған көп жағдайда «Ғажайып тұлғалар өмірі» сериясынан гөрі саяхаттар туралы кітаптар ұнайды.







2

Қарияларға қамқорлық көрсету ересек адамдарды тітіркендіреді







3

Өзгелердің жетістіктерінің себептері мен сәтсіздіктері туралы ойлаған маған ұнайды.







4

Музыкалық қойылымдардың ішінен қазіргі заман талабындағы және жоғары қарқынды әуенді ұнатамын.







5

Көп жылдар бойы байқалып жүрген тым асыра науқас адамның тітіркенушілігі мен ретсіз ренжулерін шыдап, кешіру қажет.







6

Ауру адамға сөзбен көмек беруге де болады.







7

Екі адамның дау-жанжалына кірісудің қажеті жоқ.







8

Қарт адамдар әдетте себепсіз ренжиді.







9

Бала кезімде көңілсіз әуенді тыңдағанда еріксіз көзіме жас алатынмын.







10

Ата-аналарымның көңіл-күйі менің көңіл-күйіме әсер етеді.







11

Менің атыма айтылған сын пікірлерді мен елемеймін.







12

Пейзаждың суреттерінен гөрі портреттерді тамашалау маған ұнайды.







13

Ата-аналарымның әрекеттері дұрыс болмасада мен оларды үнемі кешіремін.







14

Егер ат арбаны дұрыс тартпаса, онда оны соғу керек.







15

Адам өміріндегі драмалық оқиғаларды оқығанда, бұл жағдайларды менің өмірімде болғандай сезінемін.







16

Әдетте ата-аналар өз балаларына әділ көзқарасы тұрғысынан қарайды.







17

Ата-аналар мен балалар арасында дау-жанжал болған жағдайда мен араласып кетемін.







18

Мен ата-аналарымның көңілсіз күйіне назар аудармаймын.







19

Басқа істерімді қоя тұрып жануарлардың іс-қимылын ұзақ бақылаймын.







20

Өмірге жеңіл көзқарасындағы адамдар фильмдерді көрген соң және кітаптарды оқыған соң көз жасын алады.







21

Бейтаныс адамдардың ым-ишарасын және мінез-құлқын бақылауды ұнатамын.







22

Бала кезімде мен үйге қаңғыбас мысықтар мен иттерді әкелетінмін.







23

Барлық адамдар ретсіз ашуланады.







24

Бейтаныс адамға қарап отырып мен оның өмірін болжағанды ұнатамын.







25

Бала кезімде менен кіші балалар соңымнан қалмай еріп жүретін.







26

Жарақаттанған жануарды көрген соң, мен оған көмектесуге тырысамын.







27

Егер адамның арыздарын назар қойып тыңдасаң, онда ол өзін жеңіл сезінеді.







28

Көшедегі оқиғаны көріп мен куәгер болудан қашқақтаймын.







29

Мен өз ойымды, ойластырған ісімді немесе көңіл көтеру әрекетімді өзімнен кіші балаларға ұсынғанда оларға ұнайды.







30

Адамдар жануарлардың өз иесінің көңіл-күйін сезіну қабілетін тым асыра бағалайды.







31

Адам қиын ұрыс-керіс жағдайынан шығу жолын өзбетінше табу керек.







32

Бала себепсіз жыламайды.







33

Жастар әрдайым ата-аналарының өтініштері мен орынсыз талаптарын қанағаттандыру қажет.







34

Менің сыныптастарым неліктен көп ойланатынын үнемі білгім келетін.







35

Қаңғыбас үй жануарларын ұстап жою керек.







36

Егер достарым жеке өтініштерін талқыға салса, онда мен әңгіменің барысын басқа тақырыпқа бұрып жіберемін.








Алынған нәтижелерді есептемес бұрын өз жауаптарыңыздың шынайылық дәрежесін тексеріңіз. Егер Сіз 3, 9, 10, 15, 28, 36-шы номерлі пікірлерге «ешқашанда» және 11, 13, 17, 26-шы пункттерге «иә, әрқашанда» деген жауаптарды ұсынсаңыз, онда Сіз шынайы жауап бермедіңіз. Ал кей жағдайда өзіңізді тым асыра жақсы жағынан көрсеткіңіз келгені болып саналады. Егер шынайы емес жауаптардың саны 3-тен аспаса, онда тест нәтижелеріне сенуге болады. Шынайы емес жауаптардың саны 4-ке тең болса, онда тест нәтижелеріне сенуге болмайды. Ал 5-ке тең болса, онда жұмысыңыздың бекер болғаны. Енді бүкіл тест бойынша алынған нәтижелердің қосындысын анықтаңыз.

82—90 ұпай. Бұл дегеніміз эмпатиялықтың немесе қосыла әсерленушіліктің өте жоғары деңгейі. Сізде қосыла әсерленушілік ауыртпашылықпен дамыған. Қарым-қатынаста барометр сияқты бір де бір сөз айтып үлгермеген серіктесіңіздің көңіл-күйіне жеңіл әсер етесіз. Сізге өзіңізді айналадағыларыңыздың кез келген нәрсені жуып-шаятын адам ретінде пайдаланғаны, өздерінің эмоционалдық жағдайын бұзатыны өте ауыр тиеді. Сіз «қиын» адамдардың арасында өзіңізді жаман сезінесіз. Ересектер мен балалар сізге өздерінің құпияларын сеніммен айтып, сізден кеңес сұрайды.

Кейде адамдарға бос әурешілік әкелемін бе деп қорқақтап өзіңізді кінәлі сезінесіз, тек қана сөзбен ғана емес, өз көзқарасыңызбен де оларға тиіп кетпесем дейсіз. Сондай-ақ өзіңіз де өте сезімталсыз. Жараланған аңды көрген кезде уайымдауыңыз мүмкін және өзіңіздің бастығыңыздың кездейсоқ салқын амандасуынан өзіңізді қоярға жер таппайсыз. Сіздің әсерленгіштігіңіз ұзақ уақыт ұйықтап кетуге кедергі келтіреді. Ренжіген кейіпте сырттан эмоционалдық қолдауды қажет етесіз. Өмірге осындай қатынаста сіз невротикалық үзіліске жақынсыз. Психикалық денсаулығыңызды сақтауға тырысыңыз.

63-тен 81 ге дейінгі баллжоғары эмпатиялық.

Сіз қоршаған айналадағыларыңыздың қажеттіліктеріне және проблемаларына сезімталсыз, кеңпейілсіз және олардың көп нәрсесін кешіруге дайынсыз. Адамдарға шынайы қызығушылықпен қарайсыз. Сізге олардың бет-әлпетін «оқыған» және олардың болашағына «көз салған» ұнайды, сіз эмоционалды алғырсыз, қарым-қатынасқа тез түсесіз, адамдармен тез тіл табысып, қарым-қатынас жасай аласыз. Сізге балалар да тез үйренгіш. Айналадағыларыңыз сіздің ішкі руханилығыңызды бағалайды. Сіз кикілжің болдырмауға тырысып, мәмілелік шешім қабылдауға әкелесіз. Өз атыңызға айтылған сынды жақсы қабылдайсыз. Жағдайларды бағалауда аналитикалық қорытындыларға қарағанда, көбінесе өз сезімдеріңіз бен интуицияңызға сенесіз. Адамдармен жеке жұмыс істегенді қалайсыз. Өз әрекеттеріңіздің әлеуметтік жағынан қолдау табуын құптайсыз. Айтылған барлық қасиеттеріңізде сіз нақты және тынымсыз еңбекте үнемі епті емессіз. Сізді өз тепе-теңдігіңізден шығаруға аса көп күш салып қажеті жоқ.

37-ден 62-ге дейінгі балл – эмпатиялықтың қалыпты деңгейі, ол көптеген адамдарға тән. Айналадағылар сізді «терісі қалың» деп атай алмайды, сонымен қатар сіз өте сезімтал адамдардың қатарына жатасыз. Тұлғааралық қатынастарда өзгелерді сынауда өзіңіздің жеке әсерлеріңізге сенгеннен гөрі, олардың істеген қылықтарына қарай икемделесіз, Сізге эмоционалдық көріністер бөтен емес, бірақ көп жағдайда олар өзін-өзі бақылауда болады. Қарым-қатынаста қырағысыз, сөзбен айтылғанға қарағанда көп нәрсені ұғуға тырысасыз, бірақ серіктесіңіздің артық сезімдері әсерінен шыдамыңыз таусылады. Өзіңіздің көзқарасыңызды сыпайы түрде жеткізуге тырысасыз, өйткені оны қабылдайтынына сеніміңіз жетпейді. Көркем шығармалар мен фильмдерді көрген кезде, кейіпкерлердің сезімдерінен гөрі, көбінесе әрекетті бақылап отырасыз. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дамуын болжауға қиналасыз, сондықтан олардың істеген қылықтары сіз үшін күтпеген жағдай болып табылады. Сізде сезімдердің байқалмай қалуы мүмкін емес, бұл сіздің адамдарды толық қабылдауыңызға кедергі келтіреді.

12-ден 36-ға дейінгі ұпай – эмпатиялықтың төменгі деңгейі. Адамдармен қарым-қатынас орнатуда сіз қиыншылықты сезесіз, үлкен компанияда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Айналадағыларыңыздың қылықтарындағы эмоционалдық көріністер сол сәтте сізге түсініксіз және мағынасыз болып көрінеді. Адамдармен жұмыс істегеннен гөрі, белгілі бір нақты іспен айналысқанды жөн санайсыз. Сіз – нақты бір ойды жеткізу мен ұтымды шешімдердің жақтаушысыз. Шындығында, сіздің достарыңыз аз, оларды сезгіштігі мен алғырлығына емес, іскерлік қасиеттері мен ашық ақыл-ойы үшін бағалайсыз. Адамдар да солай жауап қайтарады. Кейде өзіңіздің шеттетіліп қалғаныңызды сезсеңіз, айналадағыларыңыз сізге аса көңіл аударып қарамайды. Бұл, егер сіз сауытты ашып көрсетсеңіз және өз жақындарыңыздың қылықтарына үңіліп қарап, олардың проблемаларын өзіңіздікіндей қабылдасаңыз түзетуге келеді.

11 балл және одан төменөте төмен деңгей. Тұлғаның эмпатиялық беталыстары дамымаған. Ең бірінші болып әңгіме бастауға қиналасыз, өз серіктестеріңіздің арасында өзгеше көрінесіз. Әсіресе балалармен және сізден жас шамасы үлкен адамдармен қарым-қатынасқа түскен ерекше қиын. Тұлғаралық қатынастарда үнемі ыңғайсыз жағдайда боласыз. Көбінесе айналадағыларыңызбен өзаратүсіністік таба алмайсыз. Өткір сезімдерді ұнатасыз, спорттық жарыстарды өнерге жатқызасыз. Іс-әрекетте өзіңізге тым сенесіз. Сіз жеке жұмыстарда өте белсенділік танытасыз, өзге адамдармен іс-әрекетте аса жақсы байқалмайсыз. Өзіңізге айтылған сынды ауыр көтересіз, тіпті оған қатты әсер білдірмейсіз. Сізге сезімдер гимнастикасы қажет.


4 «Эмпатиялыққа бейімділікті бағалау» тестінің

ЖЕКЕ ДАРА НӘТИЖЕЛЕРІ


Облыс________________________________________________________

Білім беру ұйымының атауы________________________________

Мектеп ұйымы директорының аты-жөні____________________________

Сыныбы__________________________________________________________

Бақылау/эксперименттік сыныптардағы оқушылар саны __________

(астын сызу қажет)

Оқушының аты-жөні

Ұпай саны

Эмпатиялық деңгейі

1





Берілген жеке дара сызба (таблица) білім беру мекемесінде қалдырылады.


4 «Эмпатиялыққа бейімділікті бағалау» тестінің

ЖАЛПЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

Облыс________________________________________________________

Білім беру ұйымының атауы________________________________

Мектеп ұйымы директорының аты-жөні____________________________

Сыныбы__________________________________________________________

Бақылау сыныбындағы оқушылар саны _______________________________

Эксперименттік сыныбындағы оқушылар саны __________________________

Әрбір сыныптың нәтижелері (7,8 сыныптар) сызбаға жеке-жеке тіркеліп, толтырылады. Егер берілген әдістеме мысалы, алғашқы екі сыныпта жүргізілсе, онда нәтижелері сызбаға жеке – 7 А, 7 Б деп тіркеліп, толтырылады.



Эмпатиялық деңгейі

Оқушылардың

эмпатиялық деңгейінің

зерттеу нәтижелері

Э.с.

Б.с.

саны

%

саны

%

1. Эмпатиялықтың ең жоғары деңгейі





2. Эмпатиялықтың жоғары деңгейі





3. Эмпатиялықтың қалыпты деңгейі





4. Эмпатиялықтың төменгі деңгейі





5. Эмпатиялықтың ең төменгі деңгейі






Берілген жалпы сызба «Бөбек» ҰҒПББСО-на, АҮДИ-ның Оқу жетістіктерінің мониторингі мен ОӘК зертханасына жіберіледі.


5 тест


ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ


Мақсаты: өзін-өзі бағалаудың деңгейін анықтау.


Тест:

1. Айтылған сөздер үшін өкініш қаншалықты жиі болып тұрады?

а) өте жиі — 1 ұпай;

б) кейде — 3 ұпай.

2. Егер жанып тұрған және тапқыр адаммен қарым-қатынаста болсаңыз, Сіз:

а) оны ой ұшқырлығы жағынан женуге тырысасыз — 5 ұпай;

б) жарысқа кіріспейсіз, бірақ оған ілтипаттық білдіріп әңгімелесуден бас тартасыз — 1 ұпай.

3. Өзіңізге жақын бір пікірді таңдайсыз:

а) жол болушылық үлкен тырысушылық пен еңбектенудің нәтижесі — 5 ұпай;

б) жетістіктер көп жағдайда қолайлы жағдайларға байланысты — 1 ұпай.

в) қиын жағдайда ең бастысы — адамның жол болушылығы емес, керісінше мақұлдайтын адамның қолдау сөзі — 3 ұпай.

4. Сізге әзіл-сықақ немесе пародия көрсетсе. Сіз:

а) Сіз өзіңіздің ерекшелігіңіздің болғанына күлесіз және қуанасыз — 3 ұпай;

б) өз серіктесіңіздің күлкілі жағын табуға және оны күлкіге айналдыруға тырысасыз — 4 ұпай;

в) ренжисіз, бірақ ренжігеніңізді білдірмейсіз— 1 ұпай.

5. Сіз үнемі асығасыз, Сізге үнемі уақыт жетіспейді немесе бір адамның шамасынан асатын үлкен тапсырмалар жүктемесін алып отырасыз?

а) иә — 1 ұпай;

б) жоқ — 5 ұпай;

в) білмеймін — 3 ұпай.

6. Сіз өз құрбыңызға немесе досыңызға қандай иіс суын таңдайсыз?

а) өзіңізге ұнайтын — 5 ұпай;

б) өзіңізге ұнамайтын, бірақ құрбыңыздың немесе досыңыздың талғамына сәйкес — 3 ұпай;

в) жақын арада жарнамада көрсетілген иіс суын бересіз – 1 ұпай.

7. Сіз өзіңіздің шынайы болмысыңызға сәйкес келмейтін, өзіңізге тән емес қылықтарды түрлі жағдайларда елестеткенді ұнатасыз ба?

а) иә — 1 ұпай;

б) жоқ — 5 ұпай;

в) білмеймін — 3 ұпай.

8. Егер Сіздің әріптестеріңіз (әсіресе жастар) көп жетістіктерге жетіп, Сізден артық жұмыс жасаса ренжисіз бе?

а) иә — 1 ұпай;

б) жоқ — 5 ұпай;

в) кейде — 3 ұпай;

9. Біреуге сөз қайтару мүмкіндігі Сізді қуанта ма?

а) иә — 5 ұпай;

б) жоқ — 1 ұпай;

в) білмеймін — 3 ұпай.

10. Көзіңізді жұмыңыз және 3 түсті елестетіп көріңіз:

а) аспан көк (ашық көк) — 1 ұпай;

б) сары — 3 ұпай;

в) қызыл — 5 ұпай.


Ұпайлар есебі:

50-ден 38-ге дейінгі ұпайлар (өте жоғары өзін-өзі бағалау). Өзіңізге көңіліңіз толады және өзіңізге сенімдісіз. Сізде өзгелерден басым болу қажеттілігі бар, өз Меніңізді және ойыңызды білдіргенді ұнатасыз. Өзіңіз туралы өзгелердің пікірін елемейсіз, бірақ басқа адамдарға сын айтуға бейімділігіңіз бар. Неғұрлым көп ұпайлар жинасаңыз, соғұрлым «Сіз өзіңізді жақсы көресіз, бірақ өзгелерді ұнатпайсыз». Сізде бір кемшілік бар: өзіңізге өте үлкен талап қойып қарайсыз, ешбір сын тұрғысындағы мәліметті қабылдамайсыз. Тест нәтижелері ұнамаған жағдайда, «бәріне күнтізбе кінәлі»-деп өзіңізді жұбатасыз. Өкінішті...


37-ден 24-ке дейінгі ұпайлар (адекватты өзін-өзі бағалау). Өзіңізді жақсы білесіз және өзіңізге сенесіз. Сіздің бойыңызда жеке дара сипатындағы және қарым-қатынас барысындағы қиын жағдайлардан шығудың құнды білігі бар. Өзіңізге және өзгелерге деген Сіздің қатынасыңыздың формуласын келесідей сөздермен білдіруге болады: «өз өзіме және өзгелерге қанағатпын». Сізде толыққанды нормадағы өзін-өзі бағалау байқалады, Сіз өзіңізге қолдау көрсете аласыз, өзіңізге күш-қуатыңыз жетеді.


23-тен 10-ға дейінгі ұпайлар (өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейі). Өзіңізге көңіліңіз толмайды, өз интеллектіңізге, қабілеттеріңізге, жетістіктеріңізге, сыртқы келбетіңізге, жасыңызға, жынысыңызға және т.с.с. күмәніңіз бар және қанағаттанбайсыз.... Тоқтаңыз! «Өзін жақсы көруге болмайды» - деп, кім айтты? Ойланатын адамның үнемі өзіне көңілі толмауы керек – деп, кім мойындатты? Ешкім Сізден ешбір адам асқақтықты талап етпейді, бірақ Сіз өзіңізді қабылдауыңыз, сыйлауыңыз, өзіңіздегі осы от жалауын қолдап отыруыңыз керек.



3 «Өзіндік бағалаудың деңгейі» тестінің

ЖЕКЕ НӘТИЖЕЛЕРІ


Облыс________________________________________________________

Білім беру ұйымының атауы________________________________

Мектеп ұйымы директорының аты-жөні____________________________

Сыныбы__________________________________________________________

Оқушылар саны __________


Оқушының аты-жөні

Ұпайлар саны

Өзін-өзі бағалаудың деңгейі

1




2





Берілген жеке дара сызба (таблица) білім беру мекемесінде қалдырылады.






3 «Өзіндік бағалаудың деңгейі» тестінің

ЖАЛПЫ НӘТИЖЕЛЕРІ



Облыс________________________________________________________

8-ші сыныптағы оқушылардың саны__________________________

Егер осы әдістеме 8-ші сыныптарда жүргізілсе, онда нәтижелері әр сыныпқа арнайы түрде жеке толтырылады, мысалы, 8 А, 8 Б сыныптары үшін.




Білім беру мекемесінің атауы, мектеп директорының аты-жөні

Сыныптар

Оқушылар саны

Өзін-өзі бағалаудың деңгейлері




өте жоғары

адекватты

төмен

саны

%

саны

%

саны

%

1











Берілген жалпы сызба «Бөбек» ҰҒПББСО-на, АҮДИ-ның Оқу жетістіктерінің мониторингі мен ОӘК зертханасына жіберіледі.

22




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
О?УШЫЛАР?А АРНАЛ?АН Т?Л?АЛЫ? ?СУ ТЕСТТЕРІ

Автор: Жанибек Раушан Жанибеккызы

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184850


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства