kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Cаба??а арнал?ан ?осымша

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 сынып то?сан бойынша ба?ылау ж?мысы    
1. Жошы ?лысыны? жерінде ??рыл?ан ал?аш?ы мемлекет:
А) Алтын Орда В) А? Орда С) Мо?олстан Д) Но?ай ордасы Е) ?аза? ханды?ы
2. Алтын Орданы? хронологиясы
А) ХІ ?ас мен ХІІ ?асыр В) ХІУ ? ортасы мен ХУІ ? басы С) 1428 - 1468жж
Д) ХІІІ? мен ХУ ?асыр Е) ХІІІ? ортасы мен ХУІ ?асырды? басы
3. Алтын Орданы? негізін сал?ан хан:
А) Берке хан В) Батый хан С) ?збек хан Д) Ж?нібек хан Е) Ме?гу – Темір
4. Батый хан Алтын Орданы билеген кезі:
А) 1266 - 1280жж В) 1290 - 1312жж С) 1227 - 1255жж Д) 1312 - 1342жж Е) 1357 - 1380жж
5. Еуропа?а жоры?ты баста?ан мон?ол ханы:
А) Берке хан В) Батый хан С) ?збек хан Д) Ж?нібек хан Е) Ме?гу – Темір
6. М?сылман деректерінде ?діл бол?ан хан:
А) Батый хан В) ?збек хан С) Берке хан Д) Ж?нібек хан Е) Ме?гу – Темір
7. Алтын Ордада ислам дінін мемлкеттік дінге айнал?ан кезі
А) Берке хан В) Батый хан С) ?збек хан Д) Ж?нібек 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«cаба??а арнал?ан ?осымша »

7 сынып тоқсан бойынша бақылау жұмысы
1. Жошы ұлысының жерінде құрылған алғашқы мемлекет:
А) Алтын Орда В) Ақ Орда С) Моғолстан Д) Ноғай ордасы Е) Қазақ хандығы
2. Алтын Орданың хронологиясы
А) ХІ ғас мен ХІІ ғасыр В) ХІУ ғ ортасы мен ХУІ ғ басы С) 1428 - 1468жж
Д) ХІІІғ мен ХУ ғасыр Е) ХІІІғ ортасы мен ХУІ ғасырдың басы
3. Алтын Орданың негізін салған хан:
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
4. Батый хан Алтын Орданы билеген кезі:
А) 1266 - 1280жж В) 1290 - 1312жж С) 1227 - 1255жж Д) 1312 - 1342жж Е) 1357 - 1380жж
5. Еуропаға жорықты бастаған монғол ханы:
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
6. Мұсылман деректерінде әділ болған хан:
А) Батый хан В) Өзбек хан С) Берке хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
7. Алтын Ордада ислам дінін мемлкеттік дінге айналған кезі
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
8. Алтын Ордада Мөңке хан тұсында
А) өз ақшасын шығарды В) ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады С) Әзірбайжанға мешіт салды Д) Египет сұлтанымен қарым – қатынас жасады. Е) салықты күшейтті.
9. Батый ханның батысқа бастаған жорығы қай жылдары юболды, неше жылға созылды:
А) 1235 - 1241жж 6 жылға В) 1236 - 1243жж 8 жылға С) 1236 - 1242жж 7 жылға
Д) 1237 - 1247жж 10 жылға Е) 1236 - 1246жж, 10 жылға
10. Мамай хан мен Дмитрий Донской әскері арасында 1380ж болған шайқасы
А) Қырым В) Ташкент С) Куликово Д) Ноғай Е) Моғолстан
11. Алтын Ордадағы билікті нығайту үшін, Тоқтамыс ханның Мәскеуді өртеген жылы
А) 1380ж В) 1382ж С) 1381ж Д) 1384ж Е) 1385ж
12. Алтын Ордада азаматтық істерге билік жүргізді
А) уәзір В) даруғалар С) беклербек Д) мәлік Е) басқақтар
13. Алтын Орданың соңғы ханы
А) Батый В) Берке С) Өзбек Д) Жәнібек Е) Шейх Ахмед
14. Ақ Орда хронологиясы
А) ХІ ғас мен ХІІ ғасыр В) ХІУ ғ ортасы мен ХУІ ғ басы С) 1428 - 1468жж
Д) ХІІІғ мен ХУ ғасыр басы Е) ХІІІғ ортасы мен ХУІ ғасырдың басы
15. Ақ Орданың аумағының қамтыған жерлері:
А) Қазақ хандығының жері В) Мауаренахр жері С) Моғолстан жері Д) Орда Ежен мен Шайбани хандықтарының жері Е) Жошы ханның жері
16. Орда Ежен билік құрған мемлекет
А) Алтын Орда В) Көк Орда С) Ақ Орда Д) Ноғай Ордасы Е) Сібір хандығы
17. Ақ Орда мемлекетінің астанасы
А) Сарай Бату В) Сарай Берке С) Сығанақ Д) Алмалық Е) Суяб
18. Қазақ халқының қалыптасып, мемлекетінің құрылуына зор тарихи рөл атқарды
А) Алтын Орда В) Көк Орда С) Ақ Орда Д) Ноғай Ордасы Е) Сібір хандығы

1. Монғол империясының құрылуы туралы айтыңдар.
2. Темүжінді жақтайтын көшпелі шонжарлар құрылтайы туралы не білесіңдер?
3. Империяның қоғамдық құрылыс қандай?
4. Қай жылы моңғолдар жетісу жеріне енді?

1. Қазақстанды монғолдар қай кезде жаулап ала бастады?
2. Қандай қалалар қарсылық көрсетті?
3. «Отырар опаты» қашан боды?
4. Монғол мемлекеті қашан түмен әкімшілік билікке бөлінді?


оспары:
Алтын Орданың құрылуы.
Алтын Орданың күшеюі
Алтын Орданың әлсіреуі.
Алтын Орданың қоғамдық құрылысы.
Алтын Орда Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттерінің бірі. Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезіңде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан - ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай – Батуда болса, кейін Сарай – Береке көшірілген.
Батый хан – Алтын Орданың құрушы моңғол ханы. 1227 - 1255 жылдары Алтын Орданы билеген.
Мұсылман деректеріне сүйенетін болсақ, Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқор жасап, оларға мешіт салдырып, діни әдет - ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Сондықтан да ол мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады.
Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі

Хан
Әскери билік
Мыңбасы, түменбасылары
Беклер бек
Басқақтар

Азаматтық билік
Уәзірлер
Мәліктер
Даруғалар

Ой талқы:
1. Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі қадай болды?
2. Алтын Орданың мемлекеті кімнің басқаруымен құрылған?
3. Қай ханның тұсында Ислам мемлекеттік дін болып жарияланады?
Жаңа сабақты бекіту:
1 - топ
1. Алтын Орданың құрылуы кезеңіне түсінік бер.
2. Алтын Орданың күшеюі және саяси экономикалық жағдайының ерекшеліктерін анықта.
3. Алтын Орданың әлсіреуін түсіндір.
Жылдар
1227 - 1255 жылдары Алтын Орданы билеген Батый хан
1236 - 1242 жылдары Батыйдың жасалған Батыс елдерін жаулап алу жорығының нәтижесінде, Алтын Орданың шекарасы батысқа қарай кеңейіп, күшейе түскен.
2 - топ
1. Қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып, Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны болған кім?
2. Батыйдың жорықтары туралы не білесіңдер?
Неге Алтын Орда деп аталады
XY ғасырдың ортасы Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары бөлініп кетеді.
1502 жылы соңғы билеушісі Шейх Ахмед өлгеннен кейін Алтын Орда мемлекеті ретіңде жойылды.
Сабақты қорытындылап, бағалау. Топ басшыларының бағалау парағын есепке ала отырып жүргізу.
Үйге тапсырма: 22 Алтын Орда















Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.)
Сабақтың мақсаты:
● Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
● Алтын Орда мемлекетінің тарихын басқа мемлекеттермен салыстыра отырып, оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, ізденіске баулау.
● Оқушыларды өз Отанының тарихына құрметпен қарауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: белсенді оқыту әдістері, сызба, кесте құру, ауызша сауалнама, сұрақ - жауап, т. б.
Көрнекілігі: суреттер, «Алтын Орда» картасы, «Алтын Орда» энциклопедиясының иллюстрациялары, сызбалар,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Тест сұрақтары:
1. XII ғасырдың соңында монғол далаларында билік құрған кімдер?
А) қыпшақ ханы
ә) Хорезмах
б) Қытай боғдыханы
в) Темүжін
2. Монғол - татар шапқыншылығы кезінде Оңтүстік Қазақстан да билік кімнің қолында болды?
а) хорезшах
ә) қыпшақ ханы
б) қытай боғдыханы
в) Арслан хан
3. Шыңғысханның билік құрған жылдарын табыңдар?
а) 1200 - 1227 жж.
ә) 1213 - 1237 жж.
б) 1155 - 1206жж.
в) 1206 - 1227ж. ж.
4. Шыңғысхан әскери Жетісуға қашан барып кірді?
а) 1206ж.
ә) 1208ж.
б) 1219ж.
в) 1213 ж.
1. 1219 жылы Монғол әскерлері қайда аттанды?
а) Қытайға
ә) сібірге
б) Дешті қыпшаққа
в) Мауараннахрға
6. Жетісуды монғолдар қалай бағындырды?
а) бейбіт жолмен
ә) зорлық әдісімен
б) дұрыс жауап жоқ
в) барлық жауабы дұрыс
7. Монғолдар оңтүстік өлкемізді қалай бағындырды?
а) зорлық әдісімен
ә) өз еркімен қосылды
б) дұрыс жауап жоқ
в) барлық жауабы дұрыс
8. Отырар апаты қашан болды?
а) 1219 - 1220жж.
ә) 1218ж.
б) 1216 - 1217жж.
в) 1219ж.
9. Монғолдардың орталық азияны жаулап алуы қай жылы аяқталды?
а) 1224 ж.
ә) 1216ж.
б) 1219ж.
в) 1237ж.
10. Қай ұлысқа Қазақстанның аймақтары кірген жоқ?
а) Үгедей ұлысы
ә) Шағатай ұлысы
б) Төле ұлысы
в) Жошы ұлысы

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Алтын Орданың құрылуы..
2. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы,
3. Алтын Орданың әлсіреуі.

Бұл тақырыптағы орасан зор аймақты бағындырған монғолдар құрған мемлекеттің атауы, жер аумағы, билеушілері оқушыларды қызықтыратыны сөзсіз. Алдымен «Алтын Орда» атауының шығуын деректерге сүйеніп түсіндіремін.
Жазба деректерде:
«Алтын Орда» атауы XVI ғасырдың аяғында пайда болған - Орыс деректерінде «Алтын Орда деп аталса, Жұңғоның тарихи деректерінде « қыпшақ ордасы деп аталды.
Еуропа саяхатшысы Плано Карпини:
«Алтын Орда» деп монғол Үгедейдің баласы Күйікті ұлы хан етіп хан тағына отырғызған кездегі алтынмен әшекейленген киіз үйді атаған.
«Шыңғыснама шежіресінде»:
Шыңғысхан Батуды Жошының орнына хан етіп сайлағанда босағасын алтынмен аптаған Алтын Ордаға кіргізгендігі айтылады т. б.
Алтын Орда - Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекет.
Тапсырма: «Алтын Орданың» хандары мен олардың тұсындағы маңызды оқиғалар туралы кестелер құру тапсырмасы:
Батый хан(«Сайын хан» )
- 1227 - 1255 ж. ж. Алтын Орданы билеген.
- 1236 - 1242 ж. ж. батысқа жорық

Берке хан
- 1257 - 1266 ж. ж. саяси, экономикалық жағынан жақсы дамыды. Египет сұлтаны Бейбарыспен достық қатынас.
- ислам дінін қабылдайды.
- тәуелсіз мемлекет б.
- 1266 ж. Кавказға жорықта қаза табады.

Меңгу - Темір
- 1266 - 1280 ж. ж. хан тағына отырады.
- 1271 ж. Византияға жорық жасайды, онымен бейбіт келісімге келеді
- Жерорта теңізі елдерімен сауда байланысын жасайды.
- түркі халықтарымен байланыс нығайды.
- Ноғай сияқты қолбасшылардың беделі көтерілді.

Тохты хан
- 1290 - 1312 ж. ж. елдің саяси беделінің өсуіне зор үлес қосты.
- Иран, Кавказ, Египет елдерімен сауда байланысын жақсартты.

Өзбек хан
- 1312 - 1342 ж. ж. елдің гүлденіп, күшеюі кезі..
- қалалық өмірдің дамуына көңіл бөлді.
- Сарай - Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қаланы көркейтті.
- медресе салдырды, ислам дінінің дамуына үлес қосты.
- Ислам - мемлекеттік дін б.

Қоғамдық құрылымы
--------↓
-------Хан
↓-----------------------------------↓
Әскери билік ----------------- Азаматтық билік
Түменбасы, мыңбасы ------- уәзірлер
Беклер бек ------------------- мәліктер
Басқақтар -------------------- даруғалар

Жазуы - ұйғыр жазуы,
Іс - қағаздар жазушы -«білікшілер»

Алтын Орданың әлсіреу себептерін атап, жазып алу:
- ХІҮ ғ. ІІ жарт. ішкі алауыздық күшейді;
- 1357 - 1380 ж. ж. 20 - дан астам адам хан б.;
- Тақ үшін таласта бірін - бірі өлтірген;
- Мамай хан Куликово даласында орыс әскерінен жеңіледі
- Осыны пайдаланған Жошы ханның ұрпағы Тоқтамыс Алтын Орда билігін өз қолына алады.
- 1382 ж. Мәскеуге басып кіріп, өртеп жібереді.
- Мауереннахр мен кавказ жеріне бірнеше шабуыл жасайды.
- Әмір Темірдің бірнеше рет жорығы салдарынан қатты әлсіреді..
- ХҮ ғ. орт. Бірнеше хандыққа ыдырап кетті.
- ХҮІ ғ. басында құлады.

ІҮ. Сабақтың бекіту:
♦ Алтын Орда қанша уақыт өмір сүрді?
♦ Алтын Орда туралы мәліметтерді қандай деректерден білеміз?
♦ «Орда» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
♦ Мұсылман діні қай хандардың тұсында қабылданды?
♦ Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды?

Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауа беру. Қосымша әдебиеттерді оқу - «Алтын Орда» Энциклопедиясы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
cаба??а арнал?ан ?осымша

Автор: Шырылдакова Шуга Амангельдиевна

Дата: 19.01.2015

Номер свидетельства: 157719


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства