Просмотр содержимого документа
«5-сынып?а ?дебиеттен тест материалы»
5-сыныпқа әдебиеттен тест материалы
1.Ерлік, батырлық туралы мақалды ажырат.
А)татулық-табылмас бақыт.
В)Өнер алды-қызыл тіл
С)Ерлік білектес емес, жүректе
2.«Аяз би» ертегісінде уәзірлер шөптің жаманы деп ханға қандай шөп әкеліп берді?
А)шеңгел в)қара қоға с)сексеуіл
3. –Сорқұдықтың басына
Сорға бола қонды әкем.
Жанынан қорқып жалмауызға
Егеуімді берді әкем.
-деген жолдарының авторы кім?
А)Шойынқұлақ в)Ер Төстік с)Жылан Бапы
4. Белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туған шығарма
А)аңыз в)ертегі с)шешендік сөз
5. Жиреншенің жолдасына «ағаш қазан қайнатайық» деген сөздері қандай мағына білдіреді?
А) жол қысқартайық в) демалайық с)насыбай атып алайық
6.Жиренше шешеннің әйелі кім?
А)Гүлбаршын в)Қарашаш с)Қарлыға
7. Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы жерді қанша уақыт іздейді?
А)өмір бойы в)10 жыл с)бірнеше жыл
8. Елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөзі.
А)шешендік сөздер в) аңыздар с) өтірік өлеңдер
9. Бұқар жырауға бірден онға дейін санның мағынасын ашып берген адам:
А) Тайкелтір би в)Қазыбек би с)Төле би
10. –Уа, Жиренше, сөйлестің бе, не айтты қаңбақ?Қайдан келеді екен? Үзінді қайдан алынған?
А)Жиреншенің хан сынағына түскені
В)Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
С)Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?
11.Сырым жас кезінде Малайсары биге не үшін аттанады?
А) сәлем беру үшін в)ердің құнын сұрау үшін с)бата алу үшін
12.Құран деген не?
А) классикалық кітап в)ислам дінінің басты кітабы с)әдеби кітап
13.Баласы екеуіне Алланың жасаған рақымын және қамқорлығын көзімен көріп тұрған ана тұла бойы талмаусырап отыра кетті.Маңдайынан шыпылдап тер де шықты.Үзінді қай әңгімеден алынған?
А) Зәмзәм в)Сымайл с)Адам ата.
14.1909-1995 жылдары Сыр елінде өмір сүрген ақын
А)А.Байтұрсынов в)Ә.Тәжібаев с)М.Өтемісұлы
15. «Әлін білмеген әлек» деген нақыл сөз А.Байтұрсыновтың қай мысалына қатысты?
А)Егіннің бастары в)Өгіз бен бақа с)Түлкі мен қарға
16. Тәкаппар деген сөз қандай мағына білдіреді?
А)Мақтаншақ в)ақымақ с)күншіл
17. Махамбет нені аңсап өтті?
А)өзінің бостандығын в)халқының азаттығын
с)Исатайдың жоқтығын
18. Махамбет қай жылдары өмір сүрді?
А)1873-1938 в)1841-1889 с) 1803-1846
19. «Толағай» ертегісінің авторы кім?
А)Ы.Алтынсарин в)Ә.Тәжібаев с)А.Байтұрсынов
20. Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттер жасауды қалай атайды?