Просмотр содержимого документа
«Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру пәнінен «Жас теміржолшы» үйірме жұмысының жұмыс жоспары»
Түсінік хат
Қазіргі таңда өркенниеттің дамуымен адам өмір сүру жағдайы біршама жеңілдеді деуге болады. Алайда тиынның екінші жағы болады деген сияқты, бұл жеңілдіктердің де әкеліп жатқан зияндарын да байқаудамыз: адамда көбірек шаршау, қажу, стерсс, депресия, реніш сияқты күйлер көп байқалуда. Ал оқушы болса болмасынан әлсіз дүние, тіптен бұл жағдайда көбірек шалдығады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін оқушының бос уақытын ұйымдастыру, сұлулық сезіміне тәрбиелеу, қиял мен еске сақтауды дамыту, тұлғаның жақсы сапасын тәрбиелеу, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, мамандығына деген қызығушылықты рөлдік ойындар арқылы ояту.
«Жас теміржолшы» үйірмесінің оқушылар үшін маңызы
* Оқушыларды жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыруға үйрету
* Қимыл әрекеттері және жалпы психикалық жағынан байланысы.
* Жүйелі жүргізілген сабақтардың негізінде зерттеушілер оқушылардың психикалық процестері ең жоғарғы дәрежеде дамитынын көрсетті.
* Қабылдау (бейнені біртұтастық және құрылымды).
* Назары (көңіл аударудың шоғырлануы мен тұрақтылығы).
* Есте сақтау қабілеті (көру қабілеті арқылы).
* Ойлау қабілеті (кеңістіктік, креативтік).
* Оқушылардың арнайы терминдер туралы сөздік қоры артады.
* Ойын жағдайларын құруға, оқушылардың коммуникативті қабілетерін кеңейтуге көмектеседі.
* Оқушыларға өндірістік жағдайдағы жұмыс орнының имитациясын келтіріп, тасымалдау құжаттарын рәсімдеуді, түрлі жүк жұмыстарына байланысты нысанды кітаптарды толтыруды үйретіп, мамандыққа деген қызығушылық артады.
Үйірме жұмысының мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Оқушы тасымалдау үрдісінің тікелей мүшесінің өз лауазымдық міндеттерін, ережелерді , нұсқауларды, технологиялық үрдістерді қатаң орындауынан, сонымен бірге көлік техникалық құралдарының үнемі ақаусыз болуынан қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін меңгеруін үйрету.
Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
Психологиялық дамуын қадағалау.
Модульдік оригамидің қандай пайда әкелетінін айқындау.
Бастаған ісін аяқтап шығуда табандылық танытуын қадағалау.
Еңбек етудің қажеттілігін ұғындыру.
Сыртқы ортаның әсерін сезіне білуге үйрету.
Ой-өрісін дамытып, қызығушылықты арттыру.
Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлау, сөйлеу, көңіл күй (эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін және эмоция, көңіл күйді басқаруға үйрету.
Күтілетін нәтижелер.
Шығармашылық, елестету қабілеттерін, ой – қиялын дамытады.
Ойын жағдайларын құруға, оқушылардың коммуникативті қабілетерін кеңейтуге көмектеседі.
Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі мен оның таситын жүктерінің сақталуын қамтамасыз ету – бұл адам өмірі мен денсаулығын сақтауға , тасымалдау қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік экономикалық міндет әрбір оқушының санасына жеткізу.
Дарынды оқушылар іріктеледі.
Үйірме жұмысының жоспары
№
Атқарылатын жұмыстар
мерзімі
орындаушы
1
1-отырыс
Үйірме жетекшісі редколегия мүшелерін тағайындау
Үйірме жұмыспен айналысатын оқушылардың тізімі
Үйірме жоспарымен оқушыларды таныстыру және тапсырма беру.
Үйірме міндеттерін белгілеу.
Қыркүйек
А. Жаңалыққызы
Үйірме мүшелері
2
2-отырыс
Темір жолдардың жүк және коммерциялық жұмысын ұйымдастыру негіздері және басқару
Қазан
А. Әбілда
Үйірме мүшелері
3
3-отырыс
Тасымалдау құжаттарын рәсімдеу
Қараша
А. Мади
Үйірме мүшелері
4
4-отырыс
Жүк және коммерциялық операциялардың
орындалуына арналған техникалық құралдар (жүк ауласы макетін жасау)
Желтоқсан
Г. Тыныбекова
А. Жалғасбек
Үйірме мүшелері
5
5-отырыс
Жүк тасымалы мен коммерциялық жүмыстың
технологиялық негіздері
Қаңтар
Ж. Құлтай
Үйірме мүшелері
6
6-отырыс
Ұсақ жүктерді тасымалдау, көліктік пакеттер және контейнерлердегі ұсақ жүктерді тасымадау
Ақпан
Ә. Садық
Үйірме мүшелері
7
7-отырыс
Жүктерді ашық жылжымалы құрамда тиеу және бекіту
Наурыз
А. Дөнен
Үйірме мүшелері
8
8отырыс
Ерекше жағдайларда жүктерді тасымалдау
Сәуір
Ұ. Кенжеболатова
Үйірме мүшелері
9
9-отырыс
Халықаралық қатынастарда және көліктердің әр түрінің қатысуымен жүк тасымалдануы
Мамыр
Б. Шатырхан
Үйірме мүшелері
10
10-отырыс
Үйірме қортындысы бойынша өндірісте экскурсия ұйымдастыру