Бiлiм беру сапасын ба?алауды? ?лтты? ж?йесi - бiлiм беру
сапасыны? мемлекеттiк жалпы?а мiндеттi бiлiм беру стандарттарына, ?о?ам мен мемлекеттi? ?ажеттiлiктерiне с?йкестiгiн белгiлеудi? иновациялы? ??рылымдары, ?дiстерiнi? жиынты? жолдарын жетілдіру
Просмотр содержимого документа
«Жоба та?ырыбы: "Иновациялы? білім-заман талабы"»
Макаров жалпы орта білім беретін мектебі
ЖОБА
Тақырыбы:
“Иновациялық білім -заман талабы ”
Орындаған :Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі А.Б.Сапарова
2016 жыл
Зерттеудің өзектілігі:
Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi - бiлiм беру сапасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына, қоғам мен мемлекеттiң қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн белгiлеудiң иновациялық құрылымдары, әдiстерiнiң жиынтық жолдарын жетілдіру
Мақсаты: Иновациялық технологиялардың сабақ үрдісінде қолданылуын кеңейту
Міндеттері:Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлі сторатегияларды қолдану;
Зерттеу объектісі: жалпы орта білім беру мектептері
Ғылыми-теориялық жаңалығы:
Жоба аясында көтеріліп отырған мәселені қарастырып, қалыптастыруға арналған бағдарлама жасалды.
Практикаға пайдасы: Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Зерттеу әдістері:Бақылау, әңгімелесу, сауалнама,
эксперимент.
Зерттеу көздері: біліктілік арттыру курстары, сабақтастық арқылы байланыс
Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.
Заман дамыған сайын техниканың ілгері басуы қоғамды таң қалдырғаны сөзсіз.
Бірікке Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры” деп көрсетілген.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек” деген болатын. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
Білім берудегі қазіргі заманғы иновациялық технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады.
Мектептің жүрегі мен тірегі болған ұстаздар өзін-өзі жетілдіру мақсатында білім жетілдіру курстары, таратпа материалдарды жасау, дидактикалық тапсырмалармен сабақ үрдісінің тиімділігін арттырады.
Иновациялық технологиялар
- ойын арқылы оқыту технологиясы;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- тірек сигналдары арқылы оқыту;
- деңгейлік саралап оқыту;
- міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;
«Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер» демекші қазіргі таңда сабақ беруде мұғалімдер әр түрлі иновациялық технологияларды қолданады. Ж.Аймауытов атамыз айтқандай сабақ беру күнделікті шеберлік емес, ол жаңаны табу өнері деп, ия, оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін сабақ кезінде түрлі технологиларды қолдану шарт.
Соның бірі- сыни тұрғыдан ойлаудың тиімділігі:
1.Сыни ойлау – дербес жеке ойлау
2.Ақпарат – сыни ойлаудың бастапқы нүктесі
3.Сыни ойлау сұрақ қою, мәселе анықтаудан басталады
4.Сыни ойлау сенімді дәлелдерге ұмтылады
5.Сыни ойлау – әлеуметтік ойлау
Сыни ойлау технологиясында
стратегиялары:
Венн диаграммасы
Бес жолды өлең
Семантикалық карта
Инсерт кестесі
Ассоциация
Түртіп алу
Ойлаудың алты қалпағы
Он сұрақ
«ФИШБОУН»
Біреуі үйде,қалғаны қонақта
Сыни ойлау диагностикасы
Сыни ойлау белгілері:
Сыни ойлау мен критериалды бағалаудың ұқсастығы мен жақындығы неде?
Сыни ойлау
Блум таксономиясы
Критериалды бағалау
Төменгі деңгейлі сұрақтар үшін → пайдаланылады
Білу
1-д.Білу (барлығы)
2-д.Түсіну (көпшілігі)
3-д.Қолдану (кейбіреуі)
Түсіну
Қолдану
Сыни тұрғыдан ойлау тапсырмалары мен сұрақтары
Талдау
Жоғары деңгейлі
← сұрақтар үшін пайдаланылады
Жинақтау
Бағалау
Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыруда «Венн диаграммасын», «Семантикалық картаны», «түртіп алу әдісін», пікірсайысты, салыстырмалы ойлауды, «екі түрлі түсініктеме күнделік» жұмыстарын қолданған жағдайда, оқушылар не нәрсенің болса да жақсы, жаман жағын салыстыру, ненің сапалы, сапасыз екенін саралап, өзіне, өмірге деген көзқарас қалыптастыра бастайды.
Қазіргі білім беру үрдісіндегі жаңа иновациялық технологияларды қолдану ұтымды деп ойлаймын. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі стратегиялар мен технологиялардың маңызы зор.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасымыз әр жолдауында келешек ұрпақтың білімі қоғамның басты нышаны деген болатын. Білім мен білікті қатар ұстаған әр мұғалім оқушының даму деңгейін,білім сапасын жоғары деңгейде болуына бей-жай қарамайтыны анық.
Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Білім беруді жаңарту –бұл үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет.
2. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998.
3. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999.