kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан армиясының тарихы 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қарулы Күштерді құру туралы Жарлығына қол қойған күннен бастау алады. Осы жиырма төрт жыл ішінде еліміздің қорғаныс қабілеті нығайып, шекарасы бекемделді. Жоғарғы Бас Қолбасшының тікелей бастамасымен жоғары жауынгерлік әзірліктегі армия құрылды деуге толық негіз бар. Қарулы Күштер – елдің тірегі, қорғаны, тыныштығының тірегі, тұтастығының кепілі болып саналады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру»

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру

«Патриот болу - өз Отаныңды шын жүректен сүю,

өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету. Бірақ

өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей

нағыз патриот бола алмайсың»

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан армиясының тарихы 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қарулы Күштерді құру туралы Жарлығына қол қойған күннен бастау алады. Осы жиырма төрт жыл ішінде еліміздің қорғаныс қабілеті нығайып, шекарасы бекемделді. Жоғарғы Бас Қолбасшының тікелей бастамасымен жоғары жауынгерлік әзірліктегі армия құрылды деуге толық негіз бар. Қарулы Күштер – елдің тірегі, қорғаны, тыныштығының тірегі, тұтастығының кепілі болып саналады.

«Қазақстан Республикасының Қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда Отанды қорғау және Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет ету халық пен мемлекет аясындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады деп көрсетілген. Өз Отанының қорғаушысы болуға Қазақстанның әрбір азаматы міндетті. Сондықтан да бүгінгі таңда елімізге дені сау, батыл, білімді, тәрбиелі , отансүйгіш азамат қажет. Қазіргі заман ағымы жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеуде қоғам алдында қатаң талаптар қойып отыр. Өскелең ұрпақты еліміздің білімді де отансүйгіш патриоттары етіп тәрбиелеу үшін ұстаздарға аянбай еңбек ету керек.Соның ішінде мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысының оқушыларға әскери патриоттық тәрбие берудегі міндеті мен жауапкершілігі орасан зор.

Мектепте алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту барысында оқушыларға Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғындыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, оның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы мол мағлұматтар беру арқылы, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін түсіндіру олардың бойында отансүйгіш патриоттық сезімді қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу – білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі деңгейде барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» деді.

Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы саналатын жастар тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары сан тарау. Солардың ішінде жас ұрпақты патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады.Тәрбиенің бұл түрі жастарды елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды.

Тақырыбымыздың өзегі патриоттық тәрбие жайы болғаннан кейін, ең алдымен «патриотизм» терминіне тоқтала кетейік. «Патриот», «патриотизм» сөздері грек тілінен алынған (аудармасы –патриотик- жерлес, отандас ) өз Отанын сүюші, өз еліне, жеріне шын берілген деген мағынаны білдіреді екен.

Қазақ халқының біртуар ұлы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Патриотизм- Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну,өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау» деп анықтама берген.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Патриот болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету. Бірақ өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола алмайсың» деп тұжырымдады.

Патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайтыны анық. Бала санасына кішкентайынан өз Отаны туралы ұғымды қалыптастыру қажет. Патриоттық сезімнің қайнар көзі – Отан, оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тілі, тарихы, дәстүрі, туған өлкенің киелі орындары мен тарихи ескерткіштері, мәдени мұралары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін саяси және рухани пайымдаудан басталады. Балаға еліміздің мемлекеттік белгілерінің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіре отырып, Отанды сүюге, халқымыздың игі дәстүрлерін құрметтеуге баулу керек.

Халқымыз туған жер, Отан , атамекен деген ұғымдарға ежелден ерекеше мән беріп, оны сүю мен қорғаудың қажеттілігін келешек ұрпаққа өшпес өнеге мен тәрбие ретінде қалдырғанына Қазақстан тарихындағы халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарының ерліктері мен батырлықтары куә. Оқушылардың бойына қайсарлық пен батылдық және патриоттық сезімді қалыптастыруда тарихи тұлғаларды, оның ішінде әскери қолбасшылардың белгілі бір тарихи оқиғаларға байланысты көрсеткен ерліктері мен соғыс тактикасындағы қолбасшылық өнерлерін дәріптеу маңызды. Аты аңызға айналған Жанқожа Нұрмұхаммедұлы, Жалаңтөс Сейітқұлұлы, Бауыржан Момышұлы, Үрмаш Түктібаев, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанова сынды батыр бабаларымыздың ерліктерін насихаттау патриоттық тәрбие беруде үлкен орын алары анық.

Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулып, олардың бойына ұлттық рух қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады. Патриоттық тәрбиеде халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесін негізге ала отырып, оқушының бойында Отан, ел-жұрт алдындағы азаматтық парыз бен борыш туралы, адам бойындағы рухани құндылық – ар-намыс, ұлттық сана-сезім туралы ұғымдарды қалыптастыру аса маңызды.

«Отанды сүю- иманнан», - деген Пайғамбарымыздың өсиеті бар. Қазақ атамыз: ер жігіттің үш намысы бар дейді: әуелі иманы, екіншісі- отбасы, үшіншісі – Отан. Міне, осы үшеуін жас ұрпақ бойына бекіту керек.

«Еліңді сүйсең ерлік істейсің»,

«Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі»,

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды»,

« Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті»,

«Өз ұлтын сыйламау , оны мақтаныш етпеу – сатқындық»,

«Ерлік – тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады»,

«Именіп жүріп көрген игіліктен – қарсыласып жүріп көрген бейнет артық», -

деген мақал-мәтелдерімен патриоттық тәрбиеге жоғары талап қоя білген қазақтың қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін, ерлік істерін насихаттап, Бауыржан бейнесі арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу , Бауыржан Момышұлының шығармаларын оқыту –оқушы бойына жігерлілік пен батылдық, айқындылық қасиеттерін ұялатары анық.

Бауыржан Момышұлының ерлік, ұлтжандылық, туған тілді құрметтеу, батырлық, үлкенге ізет көрсету, тағы басқа құнды қасиеттерді бойына сіңіретін, ұлттық, патриоттық, өршіл рухын көрсететін ой-пікірлері жас ұрпақ тәрбиесі үшін адастырмас темірқазық бола алады.

Жастарға патриоттық тәрбие берудің бір мақсаты – жастардың бойындағы игілікті құлшыныстар мен сезімді ояту, адамның ар –ожданына, абыройына, ерік-жігеріне, парасатына ықпал ету, адам бойындағы басты сезім – парыз, борыш сезімдерін ұштау.

Әскери-патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлайды. Өз Отанын қорғау - әр азаматтың міндеті. Ұстаз алдына қойылған Отан қорғаушыларды дайындау тапсырмасы өте жауапты іс саналады.

Оқушылардың дүниеге деген көзқарасын қалыптастырып, патриоттық рухта тәрбиеленуіне тарих пәнінің зор ықпалы бар. Өйткені, тарих адамзаттың басынан өткізген тарихи-мәдени тәжірибесін, ата-бабаларымыздың ұлан-байтақ Отанымыздың дербестігін сақтау үшін сырттан келген басқыншылармен толассыз күрестер жүргізіп, ұлттығын және біртұтастығын сақтап қалғанын тарих пәнінен оқып үйренеді.

Жоғарыда айтып өткенімдей, «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мұғалімі – мектептегі әскери-патриоттық жұмыстардың кеңесшісі, әрі сол мақсаттағы шаралардың нақты ұйымдастырушысы. Жасөспірімдерді әскер қатарына дайындауда, оларға әскери-патриоттық тәрбие беруде әскери жетекшінің орны ерекше.

Тәуелсіз еліміздің тірегі Қарулы Күштер болса, сол Қарулы Күштерге жастарды мектеп табалдырығынан дайындайтын алғашқы әскери дайындық пәні. Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту жастарды қазақстандық патриотизмге, Отанға , Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелейтін пән.

Елімізде жастарға азаматтық, патриоттық тәрбие беру отбасынан, мектеп қабырғасынан бастау алады. Бүгінгі мектеп оқушысы- ертеңгі ел тірегі, ел болашағы екендігі ақиқат. Біздер, ұстаздар қауымы кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің « Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөзін өмірлік ұстаным етіп ала отырып, болашақ ұрпаққа жастайынан отансүйгіштік сезімдерін оятуға бағытталған , тәрбиелік мәндегі шаралар арқылы патриоттық сана қалыптастыруымыз керек.

Жастарға патриоттық тәрбие беруде халқымыздың құнды мұраларының бірі – батырлар жырын оқытудың маңызы ерекше.

Батырлар жырының негізгі тақырыбы – елін , жерін жаудан қорғаған батырлардың ерен ерліктері. Қазақ елінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ хандары мен батырлары өте көп. Кітаптан батырлар туралы жырларды оқи отырып, бала бойына күш, қайрат жиналады. Кітап оқыған адамның кісілігі, адамгершілік қасиеттері мол болады.

Белгілі қоғам қайраткері, халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың: «Ұрпақ тәрбиесі ұлттың тағдыры, өз ұрпағының тәрбиесін өз жолына қоя алған ұлт қана өз тағдырын өзі ойдағыдай қамдай алмақ» деген ұлағатты сөзінің астарында үлкен мән бар.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып саналады. Жастар – елдің келешегі. Өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, Отанды сүю сезімдерін қалыптастырып, өз Отанын қорғайтын азамат болуға , қайсарлыққа, қаһармандыққа тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру

Автор: Ғылымхан Оразбек Ғылымханұлы

Дата: 19.12.2020

Номер свидетельства: 567712


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства