kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жанұям қорғаным, ата-ана тірегім!" ата-аналарға арналған тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналарға арналған тренинг. Оқушы және ата-ананың бірлесіп әрекет етуіне арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жанұям қорғаным, ата-ана тірегім!" ата-аналарға арналған тренинг»



Аудандық оқушылар үйінің психологі «Жанұя қорғаным, ата-ана тірегім!» тақырыбындағы ата-аналармен жүргізілетін сайыс

ЖОСПАРЫ

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.


Өтілетін орыны: Акт залы

Өтілетін күні:


І. Кіріспе:

Ұйымдастыру кезеңі

Қатысушылармен сәлемдесу

Сайыс ережесімен таныстыру


ІІ. Негізгі бөлім:

1. «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» таныстыру (бейнеролик арқылы таныстырады.)

2. «Есімдер сыры»

3. Лайфхак: «Тез, оңай, пайдалы»

4 . Салт-дәстүрін құрметтеген ел ардақты

5. «Тәтті, дәмді, витамин»

6. «Өнерпаз оқушы»

7. Постер қорғау: «Менің отбасым» суреті.


ІІІ.Қорытынды бөлім:

Аудандық оқушылар үйі директорының құттықтау сөзі

Сайыс жеңімпаздарын марапттау






Педагог-психолог: Жұмағазықызы Фариза






Жүргізуші: Құрметті қонақтар біздің «Жанұя қорғаным, ата-ана тірегім!» атты ата-аналар сайысына қош келдіңіздер! Атақты қазақ ақыны Қ.Аманжолов өзінің бір өлеңінде: «Отбасы - шағын мемлекет ,Мен – президент,сен-премьер»деген екен. Шынында,отбасы – ол да бір шағын мемлекет.Отбасының қос шынары бар. Олар- Алатаудай Әке, мейірімді ана. Әке – береке, өнеге, даналықтың қайнар көзі, қасиетті ісімен сыйластық, құрмет басы. Ана - біздің қамқорымыз, көл-көсір астық тұтқасы. Ананы сыйлау- елді сыйлау, өмірді құрметтеу. Сондықтан біздің борышымыз үлкендерді сыйлау, құрметтеу. Құрметті жиналған қауым, ата – аналар, ұстаздар, жарысқа қатысушылар және олардың жанкүйерлері! Бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер!Сайыстың кезеңдерімен таныс болып отырыңыздар.


Жүргізуші: Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.


Сайыс кезеңдері:

  • «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» таныстыру (бейнеролик арқылы таныстырады.)

  • «Есімдер сыры»

  • Лайфхак: «Тез, оңай, пайдалы»

  • Салт-дәстүрін құрметтеген ел ардақты

  • «Тәтті, дәмді, витамин»

  • «Өнерпаз бүлдіршін»

  • Постер қорғау: «Менің отбасым» суреті.


Жүргізуші: Асыл іс көп халықта, Іле жүрсең құлаққа. Іздеген жетер мұратқа, Ізденуден жалықпа,- демекші өз өнерлерін ортаға салуға келген сайыскер ата-аналарды ортаға шақырамыз.


1.Дүлділдің атағы шабысында,

Бұлбұлдың атағы дауысында.

« » жанұясы келіп жетті.

Бұл-ардың бар өнері болмысында

Үміттің биігіне қолын созып

Дайындықпен келген екен сайысуға.

2. Тәрбиелі қыз өссе елдің көркі емес пе

Дәстүрлерді жалғастырар нағыз қазақ емес пе

Бүгінгі шаңырақ сайысында бақ сынауға

Келген мына ....... атаның ұрпақтары емес пе.

3.Ерте тұрған әйелдің бір ісі бар,

Ерте тұрған еркектің ырысы бар.

Шаңырақтың бүгінгі сайысына

« » зор үміті бар.

Қошеметпен ортаға шақырайық

Көрерменнің қолдайтын ниеті бар.

4.Бір күндік несібеңді,ғайыптан іздегенше

Тәлім алар тәрбиені сайыстан іздейік-деп

Келеді бұрала басып сылқылдасып,

Қауымға сәлемдесіп,тағзым етіп.

« » әулетіне

Шаңырақ сайысына есік ашық

5.Жанұяға өнерпаздық жарасады

Жеңу үшін әркімде таласады.

« » өнерлі отбасы ғой

Риза болса мына жұрт қарасады.

Ортаға қошеметпен шақырып ап,

Өнеріңді көруге асығады.

Жүргізуші. Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1)

2)

3)


Жүргізуші: Құрметті қонақтар , ұстаздар, ата-аналар, бүгінгі сайысқа түсетін ата-аналармен, сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазы алқаларымен таныс болдыңыздар. Ендігі кезекті әр ата-ана өз кезегін білуі үшін жеребе тастау кезеңіне көшіп, сайысымызды бастайық.

Жүргізуші. Сайысымыздың алғашқы кезеңі: «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» таныстыру кезеңі. Мұнда ата-аналар өз отбасылары туралы түсірген бейнероликті түсіндіріп өтеді. Яғни ақпараттық технологияларды қолдана отырып бейнеролик арқылы таныстырады.

Әр бейнеролик-5 балл

Жүргізуші: әр ата-ананың отбасы туралы түсірген бейнероликтерді таныстырып болсақ, сайысымыздың екінші кезеңіне көшеміз.

ІІ кезең. «Есімдер сыры»

Шарты: әр ата-ана өз баласының есімі туралы айтады. Есімді толық түсіндіріп өтеді (расшивровка жасайды)

Бұл кезеңге -1 балл

Мысалы: А-айдай

Й-ибалы

Н-нұрлы

Ұ-ұқыпты

Р-рақымды

ІІІ кезең. «Тез, оңай, пайдалы» лайфхак жасау

Шарты: қалдық заттардан балаларға қатысты ойыншық немесе керек заттарды жасап шығару керек.

Лайфхак-5 балл


ІҮ кезең. «Салт-дәстүрін құрметтеген ел ардақты»

Шарты: ата-аналарға салт-дәстүр бойынша сұрақтар беріледі

Әр дұрыс жауапқа -1 балл

Ү кезең. «Тәтті, дәмді, витамин»

(балаға арналған жылдам жасалатын тағамдар)

Критерийлерін бағалай келе-3 балл


ҮІ кезең. «Өнерпаз бүлдіршін»

Бұл кезеңде ең жоғары ұпай беріледі. Бұл кезеңде баланың өнерін тамашалайды.

Бұл сайыс 10 баллдық жүйемен өлшенеді

Ең жоғарғы-10 баллдық


ҮІІ кезең. «Менің отбасым» суреті. Постер қорғау

Мұнда ата-ана баламен бірігіп жұмыс көрсетеді. Және әр ата-ана өз отбасының суретін қоғап шығады

Балалар шығармашылығы (майлы қаламмен отбасы суретін салады немесе орг стекло екі жағына сурет салады баламен бірігіп)

Критерийлерін бағалай келе-3 балл


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жанұя қорғаным, ата-ана тірегім!» сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайысымызды қорытындылау үшін сөз әділ-қазы алқасына беріледі.

Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір- күрес, жеткіземе мұратын Жеңбедім,жеңіңлдім деп ренжімеген, Қатысу да бір жеңіс, егер де сіз ұғатын. Қалыспаңыз, өнеріңіз шыңдалсын- деп бүгінгі сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Құрметті ата-аналар сіздерді естелік суретке түсуге шақырамыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Жанұям қорғаным, ата-ана тірегім!" ата-аналарға арналған тренинг

Автор: Жұмағазықызы Фариза

Дата: 09.02.2018

Номер свидетельства: 455969


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства