Просмотр содержимого документа
«"Жаңартылған білім-болашақтың кепілі"»
«Жаңартылған білім – болашақтың кепілі»
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Соған орай «Қостанай гуманитарлық колледж» мекемесінде директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Акжанова Г.Т. әдістемелік кеңесте осы мәселе төңірегінде оқытушылар арасында отырыс өткізді.Акжанова Г.Т. оқушылардың табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отырумен қатар жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білуі қажет. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденісі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты деп айта кетті.
Әдістемелік кеңес отырысын ары қарай қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Карасартова Г.Ж. Жаңартылған білім беру бағдарлама бойынша бір элементін ала отырып мастер класс өткізді.Мастер-класс үш топқа бөліп оқытушылар арасында өтілді.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген нақыл сөзді негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.