kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?а заман ?шін жа?а т?л?а ?алыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

     ?лемде білім саласы бас?а салалар сия?ты ?ар?ынды ?згеріс ?стінде. Сонды?тан жа?а заман талабына сай жан жа?ты білімді, жылдам шешім ?абылдай алатын, ізденімпаз, сыни ойлауы ?алыптас?ан т?л?а ?алыптастыру-  ??зіретті м??алімдерді? ?олында. ?азіргі заман талап етіп отыр?ан ??зіретті т?л?аны т?рбиелеп шы?ару ?шін м??алім де к?сіби шы?армашыл, ?з ісіне шебер маман болуы тиіс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?а заман ?шін жа?а т?л?а ?алыптастыру »

Айтаева Меруерт Маханбетовна

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,

Шымкент қаласы

ЖАҢА ЗАМАН ҮШІН ЖАҢА ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Кембридж әдісін үйрену арқылы мұғалімдер біліктіліктерін арттыруда. Кембридж әдісі оқушылардың ойлауын дамытады. Ол түрлі дереккөздер: мұғалім, оқулық, достарынан алған білімдерінен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады. Білімді дайын қалпында қабылдамай, жаттамай оны өздігімен құрастыру нәтижесінде ұзақ есте сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, ал сындарлы білім үйренушіден түсіну, қолдану, даму, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді.

Мұғалім өз сабағында оқушыға Л.Выготскийдің жуық арадағы даму аймағы – ЖАДА-сы арқылы баланы бағыттап, Радокк бойынша «оқушы үнін» тыңдап, Маслоудың теориясы бойынша «қажеттіліктерін білу» арқылы оқытуда бала жүрегіне жол табады. Бұл бағдарламалардың мақсаты-оқыту тәжірибесінде қолданған әдіс-тәсілдерді жүргізу барысында қандай кедергілер туындады және оны болашақта қалай өзгертуге болатынын түсіндіру. Осы әдіс мұғалімнің кәсіби көзқарасын өзгертіп, жұмысына сенімділігін күшейтеді. Яғни, білім беру процесіне мұғалім мен оқушының белгілі бір білім мөлшерін толығымен дайын түрінде емес, оның ішкі мүмкіндігін пайдалану арқылы сыни тұрғыдан игерту басты мақсат. Сонда ғана білімнің сапасы артып, дамыған елдердегідей кемел ақыл, парасат, білім, ғылым пайдаға асып, адам капиталының көрсеткіштері де сапалы жаңа биікке көтерілмек.

Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтарды кездестіреміз. Бұған оқыту үдерісі де сәйкес болу керек. Осыған орай, белсенді оқыту әдістерінің маңызы ерекше. Ақпаратты белсенді түрде сіңіргенде, оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады. Мұндай әдістер шығармашылық тәжірибе мен әрекет қалыптастыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде құзіреттілікке әсер етеді. Оқушының өз еркінен тыс белсенді болуға мәжбүр болғандағы ойлау қабілетінің артуы, үйренушілердің белсенділігі, шығармашылықтың жоғары дәрежесі, үйренушілердің бір-бірімен және мұғаліммен тура және кері байланыс арқылы үнемі қарым-қатынаста болуы-белсенді оқытудың ерекшеліктері.

Шығармашыл, озық ойлы, жаңашыл ұстаз оқушы қабілетіне қарай мүмкін және міндетті деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасайды. Бағдарламада көрсетілген тақырыптарды ашуда әр мұғалім оқушылардың білім деңгейін ескеріп, шәкірттерінің санасына жететіндей әдіс-тәсілдерді пайдалануы шарт.

Сабаққа орта мерзімді жоспар құрғанда нені үйретемін және қалай үйретемін? деген сауал төңірегінде тақырыпқа байланысты оқушы тез меңгереді-ау деген әдіс-тәсілді таңдаймын. Көбінесе Кубизм стратегиясы, Блум таксономиясы, дамыта оқыту технологиясын қолданамын. Әрине, сабақты түрлендіру мақсатында прблемалық баяндау, эвристикалық, біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерін жүргізіп отырамын. Сыныптағы топтық, жұптық жұмыстарда бірін-бірі жақсы зерттеп, өзара адал қызмет етуге ұмтылады, бейімделеді, дискуссия барысында тілдері дамиды, нашар оқитын оқушылардың жолдастарының алдында жауапкершілігі арта бастайды, бірте-бірте бойындағы қабілетіне қарай тиісті деңгейге көтеріліп, қатарға қосылады.Ең бастысы, әр оқушының пәнге қызығушылығы артады. Олар өзіне деген сенімділікке ие болып,тапсырылған іске деген жауапкершілігі артады.

Сондай-ақ, оқушылар мұғалімнің бағыттауымен интерактивті сабақтар барысында өз мәдениеттері туралы ойлануға, өздеріне-өздері есеп беруге, өздерін-өздері реттеуге тырысады. Мұғалім әр сабағынан кейін рефлексия түзіп, нені дұрыс, нені қате жасағанын, оқушылардың білімді қалай қабылдағанын сүзгіден өткізіп, есеп береді, қайта жоспарлайды, болған кедергілерді қайта болдырмау үшін жаңа әдіс-тәсілдер құрайды, ізденіп, зерттейді. Әр оқушының жүрегіне жол табу мақсатында әрбір оқушысын жете тануға әрекет жасайды. Ол үшін мұғалімге оқушының рефлексиясы негіз болады. Әр сабақтың соңында оқушылар өзін-өзі бағалау жұмысын жасайды. Бұл –эссе жазу немесе инсерт, «екі жұлдыз, бір тілек» болуы мүмкін. Я болмаса жай ғана стикерге өзінің сабаққа кері байланысын жазып қалдыруына да болады. Оқушы рефлексияларынан мұғалімнің өз рефлексиясы туындайды.

Өмірдің өзі өзгермелі құбылыс екенін оқушылар да түсінуге тиіс, олар өзгермелі әлем құбылыстарына әрдайым дайын болуға, дер кезінде шешім қабылдай алуға үйренуі маңызды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жа?а заман ?шін жа?а т?л?а ?алыптастыру

Автор: Айтаева Меруерт Маханбетовна

Дата: 07.01.2015

Номер свидетельства: 150981


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства