О?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту, оларды ауызекі с?йлеу, ?зге тілде пікірлерін айту ?шін ?аза? тілі саба?тарында жа?а педагогикалы? технологияларды тиімді ?олдану м??алімні? ж?мысын н?тижелі, о?ушыны? ал?ан білімін тияна?ты болуына ы?палы зор. Біріншіден, балаларды? ?аза? тіліне деген ы?ласын ?алыптастыру ж?не мемлекеттік тілде с?йлеп ?йренуге ?ызы?тыру, екіншіден, балаларды? білімін жо?ар?ы де?гейге к?теру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жа?а ?дістемелер –н?тижеге ба?ыттал?ан білім »
Жаңа әдістемелер –нәтижеге бағытталған білім
Жаңа әдістемелер –нәтижеге бағытталған білім берудің негізі.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, оларды ауызекі сөйлеу, өзге тілде пікірлерін айту үшін қазақ тілі сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану мұғалімнің жұмысын нәтижелі, оқушының алған білімін тиянақты болуына ықпалы зор. Біріншіден, балалардың қазақ тіліне деген ықласын қалыптастыру және мемлекеттік тілде сөйлеп үйренуге қызықтыру, екіншіден, балалардың білімін жоғарғы деңгейге көтеру.
Осы талаптарға сай қазақ тілі сабақтарында келесі технологияларды пайдаландым.
- Ұжымдық оқыту технологиясы.
- Оқу мен жазу арқылы сын тырғысынан ойлау технологиясы.
- Ақпаратты технологиялар.
Осы технологиялар бойынша әр сабақта оқушылардың қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйеле айтып беру, сөйлеу білуге үйрету деген мақсаттар қоямыз.
Осы айтылған мақсаттарды біртұтас жүргізгенде тіл дамыту жұмысы тиімді болады.
Тіл дамыту жұмыстарын жоғары талаптар бойынша өткізуге болатынын өз тәжірибемде былайша жүзеге асырамын.
Әр модуль бойынша әр топқа түрлі –түсті суреттерді таратамын. Суреттер бойынша балалар сөздік жасап, сөз тіркесерін құрып, әңгімемен диалог құрастырады.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіруге және ойларын жүйелі жазуға осындай жұмыстардың беретін нәтижесі өте зор.Кейде осы кезеңдерінде салыстыру, проблемалық әдістерін қолдануға болады. Мысалы, «табиғатты қорғау» тақырыбы бойынша осындай шығармашылық тапсырма беруге болады. Ертістің жағдайы қандай? Оны қалай шешуге болады?
Әр сабақта экспресс –сұрау, тест әдістерін қолданамыз.
2.Сабақтарды ойын түрінде өткізгенде оқушылар өздерін еркін сезініп, сабаққа белсенді қатынасатыны дәлелденген.
Осындай сабақтарда оқушылардың ойлау қабілеттері оянып, сөйлем құруға машықтанып, сөздік қоры байы түседі. Қызықты грамматика арқылы оқушылардың жаңа материалды меңгеріп, күнделікті өмірде пайдалануға жол ашады. Мысалы, фонетика саласын өткенде мынандай сұрақ қоюға болады.
-Бота мен қозы ұқсас. Олар қалай ұқсас? (дыбыс ж/е буын саны)
- Қарияға қарағанда балада не аз? (дыбыстар саны)
- Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе? (қол-2 буын, аяқ-1 буын)
Дидактика ойындар сабақтын тиімділігін, сапасын арттырумен бірге, оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.
Қазақ тілі сабақтарында топтық оқыту әдісі өте жақсы нәтиже беруде. Топтық оқыту сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, тілдерін дамытуға, сабаққа деген қызығушылықты оятып, теориялық та, практикалық та білім ашуға жетелейді.
Ұжымдық технология бойынша кубизм, Венн диаграмма , сауалнама, оқушылардың өздері тест құрып, сөзжұмбақ шешу тиімді пайда береді.
Әр модуль бойынша Power-point бағдарламасы бойынша фильм ұсынып, фильм арқылы тапсырма беріледі.
Сабақта оқушылардың бұрыңғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны зерттеу –сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен жұмыс жасаған кезде пікір айтуға, тыңдауға, өз көзқарасын қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға ерекше әсер етеді.Осы технология бойынша оқулықпен жұмыс істеп, тақырыптан білмеген мәліметтерін табады және «Білемін, білдім, білгім келеді» стратегиясы бойынша өз тілдерін дамытуға, ойлау қабілеттін дамытады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша деңгейлік тапсырма, тірек сызба арқылы әңгімелесу тиімді болады.
Жоғарғы технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтар оқушылардың ойлау, еске сақтау, ой-өрісін дамытуда маңызы зор.
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты мақсаты –білім сапасы. Дәстүрлі сабақта негізгі сөйлеуші, үйретуші мұғалім болса, замануи сабақтарында мұғалімнің міндеті – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру , шығармашылық деңгейге дейін мүмкіндіктерін көтеру.
Осы технологияларды пайдаланған нәтижесі:
Мұғалім жүйеле тапсырма беруге ұмтылады.
Оқушыны жақсы жақтарынан таниды.
Өзін тек бағыттаушы ретінде таниды.
Оқушының жұмысын бағалайды.
Оқыту кезеңінде барлық оқушыны өз пікірін айтуға, шығармашылық қабілеттерін ашуға жағжай жасайды.