kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Заманауи хорлардың тыңдарман үшін орындау керек талаптары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Хор өнерінің қазақ даласына келуі, ұлттық әндеріміздің көп дауыстарда орындалуына әкелді. Хордың пайда болуының нәтижесінде елімізде сауатты музыка орын алды, халқымыз «нотаның» не екенін, «көп дауысты» музыканың не екенін білді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Заманауи хорлардың тыңдарман үшін орындау керек талаптары»

«Заманауи хорлардың тыңдарман үшін орындау керек талаптары»



Төл өнерлерімізді дамыту жолында совет одағының кезінде-ақ аға-апаларымыз үлкен тер төккен. Солардың бірі сонау Ақан Сері, Біржан Сал, Құрманғазы, Дина шешелерімізден бастап, күні бүгінге дейін орны бар елеулі қазақ өнерінің жанашырлары Ахмет Жұбанов, Қаршыға Ахмедияров, Еркеғали Рахмадиев, Мұқан Төлебаев, Базарбай Жұманиязов, Евгений Брусиловский, Бақытжан Байқадамов, Қапан Мусин, Анатолий Молодов, Базарғали Жаманбаевтарды айтуға болады.

«Өнерге әркімнің ақ бар таласы» демекші, бүгінгі таңда 25-жылдық Тәуелсіз елімізде өнердің барлық түрі белгілі дәрежеде дамыған. Дегенмен, осы төл өнерлеріміздің ата-бабаларымыздан мирас болып қалғанын ескерсек, ол өнерді өлтірмей, одан әрі өрістетіп дамыту еліміздегі әр өнерпаз азаматтың міндеті деп ойлаймын.

Менің бүгінгі сапалы білім беру жолындағы ұсынып отырған ойым: жаңартылу мен жаңашылдықты талап ететін еліміздегі елеулі өнер түрі - Хор өнерін дамыту. Хорда ән салу өнері қазақ даласына сонау совет заманы кезінде, XVIII – XX ғасыр аралығында келгені барша өнер сүйгіш қауымға мәлім. Хор өнерінің қазақ даласына келуі, ұлттық әндеріміздің көп дауыстарда орындалуына әкелді. Хордың пайда болуының нәтижесінде елімізде сауатты музыка орын алды, халқымыз «нотаның» не екенін, «көп дауысты» музыканың не екенін білді. Сонымен қатар, қасиетті домбырамыз, киелі қобызымыздың музыкалары да осы бір батыстық музыканың ел ішінде қалыптасуынан нотаға икемделіп, тарих тақтасына «Қазақ ұлттық аспаптары», «Қазақ хор шығармалары» деп өз орындарын алды.

Біз, өскелең ұрпақ төл өнерлеріміздің жанашырлары ретінде қалыптасқан өнеріміздің бұл түрін жоғалтпай жалғастыруымыз керек. Ол үшін шетелдік шебер музыканттардың әдіс-тәсілдерін көріп, біліп, керегін өзімізге алып, жақсысын бойымызға сіңіруіміз қажет. Мысалға: Америкалық «джаз» стильіндегі музыканы қолданып, еліміздегі «джазды» сүйетін тыңдармандарға қазақтың сол стильге келетін әнін нота бетіне түсіріп, аты шулы «Спиричюилс» музыкалары секілді - билеп орындауға биімдеу. Әрине, бүгінде елімізде ондай хорлар және вокалдық ансамбльдарда бар. Соның бірі «Құрманғазы атындағы ҚҰК хоры», «П.И.Чайковский атындағы АМК хоры», «Ақтөбе қаласы филармониясының хорларын».

«Ел боламын десең - бесігіңді түзе» демекші жасөспірім балаларымыз заманға басқа көз қараспен қарайды. Сол себепті қоғамға сай еңбек етіп, өнерді жаңа бағытпен жарнамалап, қоғам тәрбиесіне музыкалық мәдениеттің түрімен үлкен үлес қосу керек. Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Елу елдің қатарына қосылу үшін, әлемдік мәдениетті жетік білуі міндет».

Жас хор дирижерларын дайындау барысында XIX ғасырда жазылған А.Казачковтың, И.Мусиннің методикалық білім беру әдістемесі кітаптарымен қоса, жаңа заман дирижерларының әдістеме құралдарын қолданып маман дайындаған дұрыс. Бұрынғы тарихи хор дирижерлары таяқ ұстап дирижерласа, кешегі және бүгінгі хор дирижерларымыз екі қолмен дирижерлап жүр.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Заманауи хорлардың тыңдарман үшін орындау керек талаптары

Автор: Каратаев Адиет Сагадатович

Дата: 17.02.2017

Номер свидетельства: 392938


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства