kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"ЗАМАНАУИ О?ЫТУДЫ? ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ?ДІСТЕРІ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ХХІ ?асырда ?лемдегі   к?птеген озы? елдер ?леуметтік салада біршама ?згерістерді бастарынан кешіруде. Со??ы 10 жыл ішінде о?у-а?арту саласында реформа ж?ргізбеген  бір де бір дамы?ан мемлекет жо?. Кейбір елдерде б?л т?жірибе т?ра?ты т?рде ж?ргізіліп келеді. ?азіргі ?о?амны? ?здіксіз дамуында ж?не ?лемдік нары?та мы?ты позицияны ?амтамасыз етуде білім беруді? басымды? р?лі туралы идея жо?ары дамы?ан мемлекеттерді?  о?у-а?арту саясатында ма?ызды орын?а ие. ?здіксіз ?згеруде ?лем елдері постиндустриалды? ж?не а?паратты? ?о?ам?а  к?шу барысында халы?аралы?  ынтыма?тасты?  н?тижесінде ?аламды? м?селелерді шешуді ма?сат етіп ?ой?ан. ?о?амны? демократиялануы мен экономиканы? ?ар?ынды  дамуы  ?лемдік де?гейдегі б?секелестікте ?зін білімі мен біліктілігі жа?ынан к?рсететін жан-жа?ты т?л?аны т?рбиелеуді талап етіп отыр.        

           ХХI ?асыр - б?секе ?асыры, б?л б?секе енжарлы?ты, керітартпалы?ты к?термейді. ?аза? елі  т?уелсіздіке  ?олы жетіп, егемендігін  алып, ?зін б?кіл ?лемге мойындата баста?ан осы кезе?де бізді? ?о?ам дарынды, ?абілетті, жан-жа?ты  жетілген  т?л?аны ?ажет етеді. Сонды?тан да ?аза?станны?  білім берудегі ?лтты?  ж?йесі ?те ?ар?ынды ?згерістер сатысында т?р. Б?гінгі та?да?ы негізгі ма?сат - ?лтты? ??ндылы?ты ?лемдік де?гейге шы?ару?а ?абілетті, ?зіндік жеке к?з?арасы ?алыптас?ан, зерделі, дарынды о?ушыны ?зірлеу басты назарда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"ЗАМАНАУИ О?ЫТУДЫ? ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ?ДІСТЕРІ"»

ЗАМАНАУИ ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ

Төлегенова Куляйхан Рақымқызы

Орталықазия техника-экономикалық колледжінің

жоғары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Алматы қаласы


ХХІ ғасырда әлемдегі көптеген озық елдер әлеуметтік салада біршама өзгерістерді бастарынан кешіруде. Соңғы 10 жыл ішінде оқу-ағарту саласында реформа жүргізбеген бір де бір дамыған мемлекет жоқ. Кейбір елдерде бұл тәжірибе тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі қоғамның үздіксіз дамуында және әлемдік нарықта мықты позицияны қамтамасыз етуде білім берудің басымдық рөлі туралы идея жоғары дамыған мемлекеттердің оқу-ағарту саясатында маңызды орынға ие. Үздіксіз өзгеруде әлем елдері постиндустриалдық және ақпараттық қоғамға көшу барысында халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде ғаламдық мәселелерді шешуді мақсат етіп қойған. Қоғамның демократиялануы мен экономиканың қарқынды дамуы әлемдік деңгейдегі бәсекелестікте өзін білімі мен біліктілігі жағынан көрсететін жан-жақты тұлғаны тәрбиелеуді талап етіп отыр.

ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Қазақ елі тәуелсіздіке қолы жетіп, егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген тұлғаны қажет етеді. Сондықтан да Қазақстанның білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан , зерделі, дарынды оқушыны әзірлеу басты назарда.

Елбасымыздың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп атап көрсетілген. Осыған орай, Мемлекет басшысы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын одан ары дамыту қажеттілігін атап өтті.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың «Ұлттық іс-қимыл жоспары» дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген. Функционалдық сауаттылықтың жалпы бағыты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да нақты көрсетілген.

«Ең әуелі мектепке керегі терең білімді педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта алатын мұғалім. Екіншісі, оқыту ісіне керек құралдар һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы», -деп тілші-ғалым А.Байтұрсынұлы атап өткендей қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - мұғалімнің еліміздегі жүргізіліп жатқан білім беру саясатындағы және әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың заманауи құралдарын өз тәжірибесінде ықпалдастыру арқылы оқыту сапасын арттыруға бағдарланғаны. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы орайда мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның әр сабағын түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. «Ұстаз» деген атқа лайық болу, оны арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғ алімі білім мен біліктілігі арқылы қалыптасады, кәсіби шыңдалады. Қарқынды өзгеріп жатқан нарықтық жағдайда мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім мен білік дағдысының, кәсіби шеберлігінің жоғары болуы.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық деңгейде білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде оқушыларға дайын білімді игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі кездегі оқыту мен оқу үрдісіндегі әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыруда «Педагогикалық шеберлік орталықтарының» деңгейлі бағдарламасымен жүзеге асырылуда. Алматы қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығының» І деңгей тыңдаушысы ретінде аталған бағдарламаның Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға оң ықпал ететініне сенімім мол. Себебі, оқыту мен оқуда өзгеріске жетелейтін, оқыту сапасын жақсартуға ықпал ететін бұл бағдарлама мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдап қана қоймай, оқушылардың білім сапасының нәтижесіне ықпал ете отырып, мектептің ілгері дамуына әсер әтеді. Бірінші деңгей бағдарламасының негізгі мақсаты- мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мектеп жұйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. (МАН, 2012 ж, І деңгей)

Себебі, педагогика жаңалықтарының бірі -оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу. Бағдарламаның басты мақсаты көшбасшы мұғалімдерді әзірлеу арқылы мектеп тәжірибесіне жаңа өзгерістер енгізу болып табылады. Өз мектебіме жаңашыл өзгерістерді енгізудің нәтижесін алты апталық тәжірибе кезінде байқадым. Оқыту мен оқудағы қуатты педагогикалық жеті құралдың маңыздылығы мен тиімділігін коучинг сессиялар арқылы меңгерген мектеп мұғалімдері орта мезгілді жоспарлауда жеті модулді ықпалдастыра отырып, тізбектелген сабақтарды және іс-әрекетті зерттеу сабақтарын жұргізгеннен кейінгі аз мерзім ішінде өзгерістің білім сапасына, яғни, оқушылардан күтілетін нәтижеге әсер еткенін аңғарды. Себебі, осы бағдарлама бойынша оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдана отырып, топтық жұмыстарды ұйымдастыруда үлгерімі төмен оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, дарынды оқушылардың сынып ішінде көшбасшы деңгейіне жетуі оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастыққа бірігіп, оқытудағы ортақ мәселелерді шешуде бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс жасауы, тәжірибе алмасуы олардың кәсіби дағдыларын шыңдай түсті. Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе- жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі, бәсекеге қабілетті озық елдердің қатарында болу. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана - білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары. Сондықтан оқыту мен оқу үрдісінің сапасын жақсартуға, мектеп тәжірибесін дамытуға, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға жаңашыл бағдарламаның маңызы зор деп сенімді түрде айта аламын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"ЗАМАНАУИ О?ЫТУДЫ? ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ?ДІСТЕРІ"

Автор: ТУЛЕГЕНОВА КУЛЯЙХАН РА?ЫМ?ЫЗЫ

Дата: 13.11.2015

Номер свидетельства: 252531


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства